Мазмұнға өту

Жаңа

ҚызықтыDay

  • 13 июня 1825 года нью-йоркский механик Уолтер Хант запатентовал безопасную булавку. Ему нужно было срочно заплатить долг в 15 долларов, а денег не было. Подумав пару часиков, он сделал эскиз простенькой проволочной застежки, и тут же продал права на своё изобретение за 400 долларов.

Идея Ханта была не нова, ведь безопасную булавку придумали еще задолго до него. Подобные изделия, фибулы использовались многими древними и средневековыми народами (греками и римлянами, иллирийцами и кельтами, германцами, славянами и другими) как застежки для плащей и других видов одежды. Позднее такие булавки были вытеснены пуговицами.

В Россию булавки, по-видимому, попали не из Америки, а из Англии, поскольку называть их здесь стали «английскими».

  • 13 июня 1858 года в китайском городе Тяньцзине был подписан российско-китайский договор, вошедший в историю как Тяньцзиньский трактат. Со стороны России он был подписан русским вице-адмиралом Е.В. Путятиным, с китайской стороны — уполномоченными богдыхана Гуйлянем и Хуашаном.

Документ состоял из 12 статей. Он подтверждал мир и дружбу между двумя странами, и гарантировал личную безопасность и неприкосновенность собственности русских, живущих в Китае, и китайцев, находящихся в России. Тяньцзиньский трактат подтверждал право России направлять посланников в Пекин и предполагал открытие ряда китайских портов для русских судов. Сухопутная торговля разрешалась без каких-либо ограничений относительно числа лиц, в ней участвующих, количества привозимых товаров или употребляемого капитала.

  • (31 мая) 13 июня 1912 года состоялось торжественное открытие Музея изящных искусств имени Александра III. С 1937 года и поныне это Музей изобразительных искусств им. А.С.Пушкина. Сегодня его живописная коллекция включает свыше 400 000 картин, гравюр, рисунков, плакатов, начиная с 14 века и до наших дней.

Инициатором создания и первым директором музея стал заслуженный профессор Московского университета, доктор римской словесности и историк искусства Иван Цветаев – отец знаменитой поэтессы Марины Цветаевой.

Источник: http://www.calend.ru/event/3712/

0
0
489

Желбір жекен желіп жүрген желіде жарық болсын-ай!

Әу баста Ашық хат ретінде жазып дайындаған едім, Әкімнің сайты "тек бір ғана сұрақ қоюға болады" деген шектеуді оқып,осы жерге  әдеттегідей пост ретінде қондырдым.

Ашық хат

Құрметті  әкім!

Менің осы хатты жазу себебім, соңғы кездегі,әсіресе  1 аптада 23 мамыр мен 29мамыр  аралығында біздің үйімізде жарықтың  3 рет апатты жағдайда ескертусіз өшірілуі.

Мен осы аталған мекен жайда 1977 жылдың қаңтар айынан, яғни туғанымнан бастап тұрамын десем,қателеспеймін.

Ес білгелі біздің үйдің жарығы сөніп жүретінін білетінмін. Осы қалада дүниеге  келіп, бала-бақша,мектеп, жоғарғы білім де өз туған қаламда сіңірдім. Мектепте де, университетте де осы жағдайға талай куә болатынмын-себебі көше қиылысындағы бағдаршам сөнсе біздің үйде де жарық сөнетін.

Кешегі 29 мамыр 2016жыл жарықтың сағат 15.35тен түнгі 21.20ға дейін  болмауы шектен тым асқандық деп ойлаймын.

Апта ортасында жұмыс уақытында қанша рет өшіп-қосылатыны белгісіз.

2005 жылы несиеге алған тоңазытқышымды, 2006жылы осындай апатты өшіру боғандықтан бір реттік ақылы жөндеуге жүгініп, моторын ауыстыруға

тура келді.

Соңғы уақытта жиілеп кеткен жарық сөндірулер не себепті?

29 мамырда Алатау жарық компаниясының орталығына +7 771 701 7282 ұялы нөмірімнен (нөмірі 356-99-99)1 сағат өткенде (сағат 16.39)  қоңырау соққанымда- «кабель зақымданды,апатты бригада жұмыс істеп жатыр,күте тұрыңыз» деді. Күттік- бірақ қанша күткенмен де,шыдамның да шегі бар емес па? Жексенбі-сәйкесінше алдымызда дүйсенбі, жаңа жұмыс аптасы, киім дайындау керек, үй шаруасы дегендей. Оның үстіне ұялы телефонды да қуаттай алмадым, үй телефон ды өшірулі. Менен басқа үйімізде кішкентай балалы жанұялар бар, одан басқа да үлкен кісілерге жедел жәрдем шақыру керек болса-қайда жүгіру керек?

Осы күткенім сағат 19.41де де  ақталмады- ашу-ыза бой алмасын деп  күтейін,бірақ таңертең Әкімге хат жазу керек деп шештім. (қоңырау уақыты фотода).

http://www.azhk.kz/index.php/ru - Алатау жарық компаниясының сайтында да 29 мамырда болған  апатты өшіру туралы ешқандай  ақпарат жоқ .

Алматы қаласы -Қазақстаннын дүркіреп,жарқырап тұрған қаласы!

Алматы қаласы талай адамды «Аһ!»- ұрғызып,таңдай қақтыратын гүл шаһары!

Осы 21ші ғасырда  , Алматы қаласының ортасында өмір сүріп, қашанғы сол бір кабель үзілді немесе трактор-экскаватор жұлып алды деген себептер қала тұрғынын, әсіресе біздің үйге қатысты болуы керек?

Неліктен АЭЖ-5 басшылығы мен мамандары келісіп отыра осындай бір ғасыраралық десе де болады, мәселені шешуге талпынбайды?

2015 жылы кабель ауыстырамыз деп хабарлама болды,шүкір енді апатты өшіруден тыйылатын шығармыз деп үміттендік, 2015тің қараша-желтоқсанда АЭЖ-5те жаңа жабдық орнатамыз, шұғыл түрде электр санауыштарын орнатайық деп олай-бұлай  әбден әлектендірді.

Сондағы, «айдағаны бес ешкі -ысқырығы жер жарады» демекші, айналып келгенде кабель қайта-қайта істен шығатын болса, неге осыншама  уақытта апатты алдын алу жоспары жок,немесе басқа іс-шара қолданбайды,немесе тұтынушы ретінде неге біз барлық қиыншылықты көруіміз керек?

Өз басым «Алатау жарық компаниясының» АЭЖ-5те білікті мамандар жұмыс істейді деп сенімдімін.

Бірақ, неге осы мәселеге 40 жыл бойы бір шешімін таба алмай келеді?

Неге біздің үйді басқа желіге ауыстыруға болмайды? Апатты жағдайды болдырмау туралы іс-шаралар жасалынады ма? Осындай апатты өшіру кезінде қысқа тұйықталу болмайды (одан  ары неге алып келуі мүмкін екенін ойламағанда) дегенге кім кепіл береді?

Бұл ең басты сұрағым, бірақ осы сұрақ бойында қосымша сұрақ  туындайды;

-         Неліктен электр жарығын үнемдеу мақсатында үй алдындағы жарықты тек сағат 21.00 ден кейін қосады- қала тұрғындарының қауіпсіздігін неге дұрыс ойламаған? Жұмыстан  қайтатын кез кешкі сағат 19.00-ден  кейін,яғни күн батып  тас қараңғы кезде үй алды да тас қараңғы болып тұрады- бұл дегеніңіз криминалды жағдайды ушықтырып, қылмыскерлерге, кем дегенде қалташыларға қол босату емес па? Тек біздің подъезде әйелдер саны үстем,әрине жұмыстан қайту уақытымыз да әр түрлі, кешкісін есіктің алды қалың ағаш, жарық жоқта өте қорқынышты!  Жарықты  Үнемдеу мақсатында онда сағат 23.00ден кейін сөндіру керек шығар,бірақ қала тұрғындарының өміріне қауіп төндірмеу керек, әрі төнбеу керек.

Желілерді жаңартып, жарықты үнемдейміз десек- неліктен Розыбакиев көшесінде күн батпай көше шамдары жарқырап тұрды- 01 маусым сағат 18.30да (фото), және Тимирязев көшесінде -24мамыр таңғы сағат 08.04те (фото).

Егер бұл өшірулер бір ретті ғана болса, тұрғындарды неге ескертпеді? Әлеуметтік желіде көп тұрғындар жарықты іздеп-жоқтап фотолар мен посттар жазып ашуланады.

Ең үлкен өтінішім – біздің үйді басқа желіге ауыстырып қоссын,немесе ең көп апатты өшіру кезінде біздің үйде жарық болмауы себебінен біздің үйімізге арнайы трансформатор қою мүмкіндігі қарастырылса деп сұраймын. 40 жылдық шыдамымыз осылай бағаланса деген арманым бар еді.

Сізге құрметпен,

әрі осы мәселеміз оңтайлы шешімін табады деген үмітпен,

Әсел Құрманғазықызы Атыбекова

 

0
0
1547

Солтүстік Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінде білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуде орын алған мәселелер талқыланды

СҚО мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаевпен Қоғамдық кеңестің қарауына білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуде орын алған бірқатар мәселелер ұсынылды.

Осы салада өскелең ұрпақтың денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына байланысты мемлекеттік қызметтің 32 түрі көрсетіледі.

Оқушылардың жеке санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету барысында тамақтану қызметін іске асыратын жеке кәсіпкерлердің жиі ауысуына, штатта аспазшылар бірліктерінің болмауына, мектеп асханаларының материалдық-техникалық қорының әлсіздігіне байланысты білім беру нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы атап өтілді.

Мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды есепке қою жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетуде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде Петропавл қаласында балабақшаларды салу бойынша жергілікті атқарушы органдардың аса белсенді емес жұмысы байқалатыны сөз болды.

Денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйлерінде жеке оқыту бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуде білікті мамандар, компьютерлердің болмауы, осы санаттағы балалардың тұратын жерлерінің арақашықтығы сияқты мәселелер тап болған.

Отбасы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер де талқыға салынды, осы бағытта облыстың кейбір аудандарында қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандарының жетіспеушілігі байқалады.

Балаларды білім ұйымына және кері тасымалдау бойынша қызмет көрсетудің сапасы туралы әңгіме қозғалды. Қызмет көрсетудің талдауы тасымалдайтын машиналардың тозуына байланысты, балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнетінін және білім ұйымдарымен оларға қатысты емес функцияларды атқару бөлігінде білім, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың бұзылуын көрсетеді.

Білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету барысында оқушылар орындарының тапшылығына байланысты облыстық орталықта қазақ, орыс тілдерінде білім беретін мектептер салу қажеттігі айтылды.

Кеңес мүшелерін білім беру ұйымдарымен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың ұдайы бұзылуы, оқушылардың білім сапасының төмен болу себебінен мемлекеттік аттестациядан өтпеу себептері қызықтырды.

Орын алған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға анықталған бұзушылықтарды жою, Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар жіберілетін болады.

 
0
0
440

Львов қаласында болған ресми әуеспоттинг тұралы

Львов қаласының "Данила Галицкий" атындағы Халықаралық әуежайындағы ресми әуеспоттинг.

Осыдан бір жыл бұрын, Украина Халықаралық Әуежолдары әуекомпаниясының Қазақстандағы өкілі, біздің клубты Борисполь әуежайында өткен ресми споттингке шақырған болатын, осы жолы Львов қаласындағы "Данила Галицкий" атындағы әуежайына жол болды. Львов қаласына жолымыз Киев арқылы болмақ. Бізге бұйырған боинг 737-900 UR-PSJ бір бос орынсыз алдыға ұмтылды. Бұл ұшақтын жасы бар жоғы 2,5 жыл.

https://www.youtube.com/watch?v=rBfWJFF1vyE

Алматы - Киев бағыты шамамен алты жарым сағат

Астымызда Кавказ таулары

Астымызда Қара теңіз, ал анау алыста, Қырым түбегі


Ұшу барысында ыстық тамақ. Дәмді


Борисполь әуежайы Украина Халықаралық Әуежолдарының ұясы десек болады.

Киев қаласына да жетіп қалдық. Қала күні болғандықтан қалаға жөнелдік.

Біраз уақыт Киев қаласын тамашаладық, ал енді жолымыз Львов қаласына.

Әуежай тұралы айта кетсек. Бұл, қаладан 6 шақырым қашықтықта орналасқан. 2012 жылы Евро2012 орай бұл әуежайда жаңа терминал құрылып, ұшып-қону жолағы 2510 метр болса, күрделі қайтақұру жұмыстарынан кейін бұл ұшып-қону жолағы 3305метрге тең болды. Әуежай терминалы батыс Еуропа стандарттарына сай.

Споттинг


Ескі терминал


Әріптестеріммен бірге


Алдымен бизнесс ұшақтар тұрағына жөңелдік. Бұл Гольфстрим G150 SP-TBF

Бұл тұрақта екі ұшақ тұр, екіншісі



TC-DAG Cessna560XLS Citation Excel

Ал, келесі аялдама, тынысы біткен ұшақтар тұрағы. Бұл жерде Львов Әуежолдары ЯК-42 төрт ұшағы тұр.





Ұшақтарды жөңдеуге арналған сатыларға да шығып түсірдік

Неге селфи жасамасқа


Радио алмасу құрылғылары


Бақылау мұнарасы


Ескі терминал


Қону жарықтары


Ұшып-қону жолағы


Бірінші болып біздің бейне камераларымызға Польшалық LOT әуекомпаниясының 10 жасқа толға Embraer E-175 ұшағын түсті. Бұл Варшавадан келді. Львов қаласымен күніне екі рет қатынайды.


Ал мынау болса, Вена қаласынан келіп ұшып бара жатқан, Austrian әуекомпаниясының Bombardier Dash Q400 ұшағы.


Киев қаласынан келген боинг 737-500


Windrose Әуекомпаниясының Airbus A321 ұшағаы Анталья қаласынан келді.


Қайта Киев қаласына жөнелді


Не деген әдемі


Львов қаласында споттингпен айналасуға қолайлы жағдай жасалған

Ыстамбул қаласынан Turkish Airlines Әуекомпаниясының Airbus A321 келіп қонды


Ал LOT болсы, Варшаваға ұмтылды

Біздің Львов қаласында өткен Украина Халықаралық Әуежолдары әуекомпаниясының қолдауымен ресми споттинг осылай өтті.

Ал біз Алматы қаласына жол тарттық

Украина Халықаралық Әуежолдарына, осындай мүмкіндік үшін Алматы Споттинг Клуб атынан мың алғыс.
Назарларыңызға рахмет.

4
0
895

«Оразаны қалай тұтады?»

Ораза туралы жиі кездесетін сұрақтарға Арман Қуанышбаев ағамыз жауап береді.

 

 

Ораза ұстау тәртібі


1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де. (Әнфал, 8/38)

2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатған адамға» (Бухари, Талақ, 11; Әбу Дәәуд, Худуд, 17). Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат — балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, қазасы өтелмейді.

3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін» (Бақара, 2/184). Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.

Оразаның дұрыс орындалу шарттары


1. Хайыз бен нифастан таза болу: Хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейін Оразаның казасын өтейді. Бірақ бір адамның түнде немесе күндіз жүніп күйінде болуы, Ораза ұстауына кедергі емес. Бірақ мүмкіндігіне қарай, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл алу — абзал.

2. Ниет: Барлық Оразаға жүрекпен ниет ету — жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің Ораза екенін біліп, бұл айда Ораза ұстайтынын жүректен өткізсе немесе сәресіге тұрса, бұл ісі Ораза ұстауға ниет саналады. Бірақ тілмен айту мәндүп. Барлық Оразаға түнде немесе таң уақыты кірмей тұрып ниет ету — абзал. Рамазан Оразасына ниет етерде әрбір күніне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебі әрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл — факихшілердің басым көпшілігінің пікірі. Оразаға ниет ету екіге бөлінеді. Бірінші -түнде ниет ету. Бұларға қарыз болған Оразалар жатады. Яғни, Рамазан қазасы, ұстап, бірақ аяқталмай қалған нәпіл Оразаның казасы және кәффәрат Оразасы мен жалпы атау (нәзір) Оразасы осы топқа жатады. Міне, мұндай Оразаны ұстайтын адамдар түнде немесе таң атпай тұрып, ниет етуі шарт. Ақшам уақытында шешім қабылдау мен сәресіге тұру да ниетке жатады. Екінші — түнде ниеттену мен анықтау шарт емес Оразалар: Бұған Рамазан Оразасы, уақыты белгіленген атау Оразасы және мұстахап, мәкрүһ, сонымен қатар, барлық нәпіл Оразалар жатады. Мұндай Оразаларға ақшамнан бастап, ертесі күні түске дейін ниет ете алады. Бірақ бесіннен бұрын мұндай Оразаға ниет ететін адам екінші шанақтан бері ешнәрсе ішіп-жемеген болуы керек. Бесіннен бұрын нәпіл Оразаға ниет ете алуға мына хадис дәлел: Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір күні Айшаға былай деді: «Бесінғе тамақ бар ма?». Айша: «Жоқ», — деп жауап қайтарды. Сонда Аллаһ Елшісі: «Онда мен ораза ұстаймын», — деді. Кісі түнде қандай да бір Оразаға ниет етсе, бірақ екінші шапақ атпай тұрып, ниетінен бас тартса, бұл бас тартуы дұрыс саналады. Сол секілді Оразасын бұзуға ниет етіп, аузын ашпаса, Оразасы дұрыс болып саналады. Ниет еткенде екі ойлы немесе шарт қою арқылы ниет етпеу керек. Мысалы: «Ертең пәленше қонаққа шақыра қалса, аузымды ашуға, егер шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» дегендей ниет жарамсыз. Рамазан түні немесе күндіз есінен танып қалып, түс уақытынан бұрын айығып ниет етсе, Оразасы жарамды. Бір адам Рамазан айында уәжіп немесе нәпіл Оразаға ниет етсе, ол Рамазан Оразасына ниет еткен болып саналады. Бұл мәселеде мейлі тұрғын, мейлі жолаушы, тіпті науқас адам болсын еш

ОРАЗА ДҰҒАЛАРЫ


Ауыз бекіту дұғасы:
Нәуайту ән асума саума шаһра рамадана минал фажри иләл мағриби халисан лилләһи таъала. Аллаһу акбар!
Қазақша мағынасы: Аллаһтың разылығы үшін таң білінгеннен күн батқанға дейін рамазан айының оразасын ұстауды ниет еттім.
Ауыз ашу дұғасы:
Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ъаләйкә тәуәккәлту әу ъала ризқикә афтарту фағфирли зунуби ма қаддамту уа мә аххарту. Аллаһу акбар!
Қазақша мағынасы: Аллаһым! Сен үшін ораза тұттым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сенің берген ризығыңмен ауыз аштым. Уа кешірімді Аллаһым! Менің әуелгі және кейінгі күнәларымды кешіре гөр…

 

✨✨✨ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР✨✨✨

🔥Вк (негізгі топ): http://vk.com/juregimde
🔥Вк (әйелдер форумы): http://vk.com/juregimde1
🔥Вк (ораза 2016): http://vk.com/juregimde_oraza
🔥Твиттер: http://twitter.com/juregimde



0
0
4159

«Әлихан жолы» жобасы Алматы қаласына жетті.

Әлихан Бөкейхан бабамыздың 150 жылдығына  орай  Павлодар обылысы жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен "Әлихан жолы" атты республикалық саяхат ұйымдастырылып, саяхат басын  алғаш болып  Алаш Орданың орталығы болған Семей қаласынан бастап, бүгін баба жолымен Алматы қаласына жетті.

Павлодар облысынан саяхатқа шыққан жастар Оңтүстік орталықта жоспарды іске асыруда.

Бүгін Алматы қаласының Тұран университетіндегі студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында павлодарлық жастар Әлихан бейнесін айқын көрсете білді. Саяхатымыздың себебін, жоспарымен біліскен жастар ризашылықтарын білдірді. Кездесуден соң павлодарлық жастардың арнайы дайындалған концертті  тамашалады.  Концерт кезінде «Алдаспан» ақындар клубының мүшелері  Алтынбек Мақсатхан мен Оразбек Саяхаттың айтысына дүйім жұрт оң бағасын берді. Халықты  дәстүрлі әннен, биден, күйден тарту тартты.Университет жастарына мөлдір де тұңық поэзия әлемінің падишахтары өлеңдерімен сусындатты. Тұран университетінде 200 ден астам студенттер жиналып, лебіздерін білдірді.

Павлодарлықтардан бұндай бастаманы күтпегендерін айтып, таңданысты. Әлихан қазақтың көгіндегі мәңгі өшпес күн мәртебесіне иеленген көшбасы. Бүгінгі көшбасшылар біздің жастар. Бүгінгі күн- ертеңгі  тарих екенін ескеретін болсақ  Кереку жастарының бастамасы тарихта қаларлықтай іс.

   
1
0
689

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.

Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»-деген болатын. Мемлекеттік тіл  тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек,  Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны.  Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ. “Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас” демекші  өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. М.Шахановша айтатын болсам, қазіргі таңда өз тілін өгейсіп, «мәңгүрттеніп» жүргендер көп. Шынында қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жәйт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде».  Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!

   

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл

облысы бойыншафилиалы - «Халыққа қызмет көрсету

орталығы» департаментінің Тараз қалалық №1 бөлімі

   
0
0
868

Шортанды ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі семинар

Ағымдағы жылдың  10 маусымында «Адал жол - Честный путь!»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде Шортанды аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е. Мұхамединнің төрағалық етуімен, ауданның бизнес-құрылымдарының, үкіметтік емес ұйымдарының, жұртшылығының қатысуымен «Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы семинар-кеңес өтті.

«Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Ю. Зуева  Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп отырған жұмыс туралы  баяндады.

Сонымен қатар, аталған семинар-кеңестің барысында  «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Қожамсейітов Шортанды ауданындағы  2016 жылдың 1-тоқсанындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың мониторингісінің қорытындылары туралы  ақпарат берді. Шортанды ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты С. Тореев «Жергілікті атқарушы орган көрсететін және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы  көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» баяндады.

Іс-шараның аяғында аудан әкімінің орынбасары Е. Мұхамедин аталған бағыттағы жұимысты жақсарту жөнінде айтылған ұсыныстарды қорытындылай келіп, осы келеңсіздікпен күресу жүктелген құрылымдардың ешқайсысы босаңсымауы  керек екенін атап өтті.  Мемлекет басшысы Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қатайту  жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұны  халықтың барлық топтары, әсіресе мемлекеттік қызметшілер жадында ұстауы қажет. Сыбайлас жемқорлықтың  әлеуметтік індет, әлеуметтік жамандық, іспеттес,  т.б. неше түрлі анықтамасы бар. Алайда, бұл құбылыстың мемлекеттің экономикалық шығынға батуына әкеліп соғуы, шетелдік инвесторлардың алдында елдің беделін түсіруі, сауда-экономикалық байланыстардың дамуын бөгейтіні анық. Бұл келеңсіз құбылысты жеңу үшін   қоғамның барлық өкілдері бірлесіп, тынымсыз еңбек етуі қажет.

0
0
639

Шортанды ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Ағымдағы жылдың 10 маусымында «Нұр Отан» партиясының Шортанды аудандық филиалында облыстық «Адал жол - Честный путь!»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыс барысында «№2 Шортанды сайлау округі» алғашқы партия ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмысы,  2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына сәйкес білім мен тәрбие мәселелері қаралды. «№2 Шортанды сайлау округі» алғашқы партия ұйымының төрағасы Д. Жапаров аталған мәселелер туралы баяндады.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Қожамсейітов Шортанды ауданындағы  2016 жылдың 1-тоқсанындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың мониторингісінің қорытындылары туралы  ақпарат берді.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

0
0
534

Алматыда велошеру өтеді

Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өтізіледі.

Велошеру келесі бағыт бойынша өтпек: «Нұрлы Тау» БО-нан 09:00-де бастау алып, Тұңғыш Президент саябағында  аяқталады.

Алматы қаласы  Дене шынықтыру және спорт басқармасы ескертеді: барлық қатысушыларда  арнайы шлемдер болуы керек, бұл  міндетті талап, онсыз вело шеруге қатысуға рұқсат етілмейді!

Жексенбілік спорттық іс-шаралар вело шеруден кейін Дуатлоннан өтетін Республикалық турнирімен жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, бұл күні Алматы қаласында бірнеше спорттық іс-шаралар өтеді деп күтілуде:

  1. Сағат 11:00де  Орталық стадионда мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спартакиада;
  2. Сағат 11:00де Орталық демалыс саябағында әуесқой бокстан турнир өтеді.
2
0
948