Желбір жекен желіп жүрген желіде жарық болсын-ай!
Әу баста Ашық хат ретінде жазып дайындаған едім, Әкімнің сайты "тек бір ғана сұрақ қоюға болады" деген шектеуді оқып,осы жерге әдеттегідей пост ретінде қондырдым. Ашық хат Құрметті әкім! Менің осы хатты жазу себебім, соңғы кездегі,әсіресе 1 аптада 23 мамыр мен 29мамыр аралығында біздің үйімізде жарықтың 3 рет апатты жағдайда ескертусіз өшірілуі. Мен осы аталған мекен жайда 1977 жылдың қаңтар айынан, яғни туғанымнан бастап тұрамын десем,қателеспеймін. Ес білгелі біздің үйдің жарығы сөніп жүретінін білетінмін. Осы қалада дүниеге келіп, бала-бақша,мектеп, жоғарғы білім де өз туған қаламда сіңірдім. Мектепте де, университетте де осы жағдайға талай куә болатынмын-себебі көше қиылысындағы бағдаршам сөнсе біздің үйде де жарық сөнетін. Кешегі 29 мамыр 2016жыл жарықтың сағат 15.35тен түнгі 21.20ға…