Мазмұнға өту
AidynFlight

Айдын Искаков

@AidynFlight

Сайтта 2014 ж. 5 қаңтарКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

20

пікірлер

16

тіркелуші

13

жазылымдар

17

Оятпаңдар, байқаңдар!

Бұлттан бұйда тағынып,
Көктен көрпе жамылып,
Таулар жатыр аңырып,
Сапарларын сағынып.
Жетер жерге жеткесін,
Мәңгілікке шөккесін!
Оятпаңдар, байқаңдар!
Таулар тұрып кетпесін,
Тау бір аңыз,
Тау - дастан.
Таусылмаған әу бастан.
Ана - Жердің төсіне,
Алып сәби жармасқан.

Алматы маңында, недеген тау десеңші.
Бөтен елде бұған тең бар ма?

Ал бұл кереметтің Алматыға қандай қауіп-қатері бар екенің өзіңіз білесіз, бұл - сел. Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінен пайда болады. Алматы маңында болған селдер тұралы естеріңізге сала кетейін:

1. 1887 жылғы жер сілкінісінен туындаған су тасқыны өтті. Қала тарихында бұл Верный апаты деп жазылған.

(сурет ғаламтордан табылған)

1887 жылғы жер сілкіунен болған Ақжарлық тау қирауы нәтижесі.

2. 1902 – жылы. Ақсай өзені арнасынан шығып, тау етегінде балшық пен тас аралас лай жиналған.

3. Жауын шашынның нормадан екі есе көп түсуінен, 1921 жылы Алматы маңындағы көптеген тау өзендерінде су тасқын өтті.


К.Маркс көшесі (қаз Құнаев көшесі), 1921 жылы өткен селден кейін көрініс. (сурет В.Проскуриннің «Алмат-Ата от А до Я в калейдоскопе событий» кітабынан алынған.

4. 1963 жылы Есік өзінінде су тасқын өтті. 3-4 сағат ішінде 6-7  миллион текше метр лай су таудан түсті. Мысалға Алматы үлкен көлдің су көлемі 14 миллион текше метр.

1960 жылғы Есік көлінің көрінісі.

5. 1973 тұйықсу морена көлінің жарып өтуінен, су тасқыны Медеу платинасына жетті, судың асып өтуіне сәл қалды. Бұл сел әлемге әйгілі.

1973 жылғы сел кесірінен Медеу селқоймасының толуы.



1973 жылғы селді бүкіл Совет одағы қосылып жеңіп едік. Сол жылдары Медеу платинасының биіктігін 40 метрге көтеруге шешім қабылданды.

6. 1977 жылы күмбел су өзенінің жоғары жағындағы морена көлінің жарып өтуінен су тасқыны өтті. Бұл сутасқын 6-7 метр тастарды мақтадай төмен асырды.

7. 2014 жылы Талғарда су тасқыны өтті
8. 2015 жылы Қарғалыда су тасқыны өткенде, өзім де сел қауіпін сездім. Бұл сел лай су ағыны үйіме де жетті.

Осы деректерге қарамастан, Алматы маңында селге қарсы күрделі шаралар тек 1973 жылғы сел оқиғасынан кейін болған.

Ал енді 2016 жылды қарастырсақ, Алматылықтардың бәрі байқаған болуы керек, бұл жылдың жауын шашынның жалпы нормадан ауытқығанын. Осыны ескере кетсек, Алматы Әкімдігі және «Қазселденқорғау» мекемесі, Алматыны селден қорғау шараларын деркезінде іске алғаны сөзсіз.

Жүргізілген жұмыстарға тоқтала кетейік:

1. Алматы Әкімдігінің қолдауымен "Қазселденқорғау" мекемесіне 6 жоғарыөнімділік су сорғылары сатып алынды. Бұған дейін 1 ғана су сорғы жұмыс атқаратын.
2. Әр тау өзендерінде 4 тен 28 ге дейін адам күші күнделікті жұмыс істеуде.
3. 9 дан 18ге дейін гидропосттар көз алмай, судын деңгейін, судын лайлығын, ауа температурасын және жауын шашын көлемін күнделікті бақылауда. Ақпарат 3 сағат сайын немесе жағдайға лайық 15 минут сайын беріліп отырады.
4. Әйгілі нөмері 6 тау көліне жол жасалды. Бұл 500метр тау жолы. Енді осы көлде  арнайы ауыр техника жұмыс істеуде. Бөгетті жою жұмыстары жасалуда.

Ал енді дәл цифрлерге тоқтала кетсек:

Алматы маңындағы тау көлдерінің су көлемі мынадай: Ақсай шатқалында 920 000 текше метр су, Үлкен алматы – 320 000 текше метр су, кіші алматы – 160 000 текше метр су. Осы жылы 1 600 000 текше метр су көлемі арнайы су сорғыштармен тартылды.

13 көлдің су көлемі 305 000 текше метрден 275 000 ға,
6 көлдің су көлемі 185 000 текше метрден 75 000ға дейін,
4 көлдің су көлемі 198 000 текше метрден 40 000ға дейін азайтылды.

Осы жұмыстардың бәрі бізге оңай көрінеді, алайда бұндай биіктікте ауыр техниканы оталдыру да бір мәселе. 3500метр биіктікте ауада оттегі көлемінің аз болуына орай, бұл жерде темекіні тұтандырудың өзі бір жағдай.

Ал мына суреттер, жүргізіліп жатқан жұмыстардың дәлелі:











Сіз бен мен сияқтыларға бұл табиғатта, тікұшақпен көтеріліп, ауада кислород аз жерде, кислородтық маскамен жұмыс істеу суретте әбден оңай көрінеді.

Сіз білесіз бе, 4000 биіктікте, жоғарыөнімдік сутартқыштар тұрмақ отын сұрау бір жоба. Неге десеңіз - бұл биіктікте оттегінің ауада аз мөлшері себеп.

Қандайда бір сұрақтарыңыз болса, жазыңыз. Жауабын өзім білмесем, мамандардан біліп беремін.

Ұйқыларыңыз тыныш болсын.

5
0
2922

Львов қаласында болған ресми әуеспоттинг тұралы

Львов қаласының "Данила Галицкий" атындағы Халықаралық әуежайындағы ресми әуеспоттинг.

Осыдан бір жыл бұрын, Украина Халықаралық Әуежолдары әуекомпаниясының Қазақстандағы өкілі, біздің клубты Борисполь әуежайында өткен ресми споттингке шақырған болатын, осы жолы Львов қаласындағы "Данила Галицкий" атындағы әуежайына жол болды. Львов қаласына жолымыз Киев арқылы болмақ. Бізге бұйырған боинг 737-900 UR-PSJ бір бос орынсыз алдыға ұмтылды. Бұл ұшақтын жасы бар жоғы 2,5 жыл.

https://www.youtube.com/watch?v=rBfWJFF1vyE

Алматы - Киев бағыты шамамен алты жарым сағат

Астымызда Кавказ таулары

Астымызда Қара теңіз, ал анау алыста, Қырым түбегі


Ұшу барысында ыстық тамақ. Дәмді


Борисполь әуежайы Украина Халықаралық Әуежолдарының ұясы десек болады.

Киев қаласына да жетіп қалдық. Қала күні болғандықтан қалаға жөнелдік.

Біраз уақыт Киев қаласын тамашаладық, ал енді жолымыз Львов қаласына.

Әуежай тұралы айта кетсек. Бұл, қаладан 6 шақырым қашықтықта орналасқан. 2012 жылы Евро2012 орай бұл әуежайда жаңа терминал құрылып, ұшып-қону жолағы 2510 метр болса, күрделі қайтақұру жұмыстарынан кейін бұл ұшып-қону жолағы 3305метрге тең болды. Әуежай терминалы батыс Еуропа стандарттарына сай.

Споттинг


Ескі терминал


Әріптестеріммен бірге


Алдымен бизнесс ұшақтар тұрағына жөңелдік. Бұл Гольфстрим G150 SP-TBF

Бұл тұрақта екі ұшақ тұр, екіншісі



TC-DAG Cessna560XLS Citation Excel

Ал, келесі аялдама, тынысы біткен ұшақтар тұрағы. Бұл жерде Львов Әуежолдары ЯК-42 төрт ұшағы тұр.





Ұшақтарды жөңдеуге арналған сатыларға да шығып түсірдік

Неге селфи жасамасқа


Радио алмасу құрылғылары


Бақылау мұнарасы


Ескі терминал


Қону жарықтары


Ұшып-қону жолағы


Бірінші болып біздің бейне камераларымызға Польшалық LOT әуекомпаниясының 10 жасқа толға Embraer E-175 ұшағын түсті. Бұл Варшавадан келді. Львов қаласымен күніне екі рет қатынайды.


Ал мынау болса, Вена қаласынан келіп ұшып бара жатқан, Austrian әуекомпаниясының Bombardier Dash Q400 ұшағы.


Киев қаласынан келген боинг 737-500


Windrose Әуекомпаниясының Airbus A321 ұшағаы Анталья қаласынан келді.


Қайта Киев қаласына жөнелді


Не деген әдемі


Львов қаласында споттингпен айналасуға қолайлы жағдай жасалған

Ыстамбул қаласынан Turkish Airlines Әуекомпаниясының Airbus A321 келіп қонды


Ал LOT болсы, Варшаваға ұмтылды

Біздің Львов қаласында өткен Украина Халықаралық Әуежолдары әуекомпаниясының қолдауымен ресми споттинг осылай өтті.

Ал біз Алматы қаласына жол тарттық

Украина Халықаралық Әуежолдарына, осындай мүмкіндік үшін Алматы Споттинг Клуб атынан мың алғыс.
Назарларыңызға рахмет.

4
0
897

Qazaq Air тағы бір керемет қаланы жақын қылды

Жақында әріптестеріммен Алматыдан Қызылордаға, Qazaq Air әуекомпаниясының шақыруымен, алғашқы рейсімен ұшып барған болатынбыз.
Бұл тікелей рейс танымал болатыныа күмәнім жоқ. Себебі бұл бағыттағы бір әуекомпанияның кетуі, және қалған әуекомпаниялардан бағасының қолжетімділігі.
Сол кештің біраз сүреттерін тамашалаңыз

1.


2.

3.

4.

5.

6.

Көзді ашып жұмғанша, ертең Qazaq Air-мен тағы бір рейс ашамыз

6
2
1552

Әлемдегі ең үлкен ұшақ

Кеше Алматы Халықаралық Әуежайына Әлемдегі ең үлкен ұшақ келіп қонды. Бұл «Мрия»ның Алматыға келуі бірінші рет емес. Кешегі рейс Германиядан Қытайға бағытталған. Алматы қаласының Әкімдігі және Алматы Халықаралық Әуежай қолдауымен, Almaty Spotting Club мүшелері, бұл ұшақты сүретке түсіруге мүмкіндік алды

Айтакетерлік жайт, Алматы қаласының әуежайы географиялық тұрғыда, халықаралық жүк және жолаушылар торабын жасауға өте қолайлы, Еуропа мен Азияның қақ ортасы деуге болады.

АН-225 «Мрия» (Ukr Mrіya «Мечта», ішкі белгілеуі: «402» өнім. НАТО кодификациясы бойынша: Cossack - «Козак») – Салмағы өте ауыр және ірі жүктерді тасымалдауға арналған, О.К. Антонов Конструктолық бюросының реактивті жүктасымалдайтын ұшақ.

Бұл ұшақ, 1984-1988 жылдары Кеңес Одағында, Киев механикалық зауытында (Жоба басшысы - В.И.Толмачев) жобаланып жасалған. Бірінші рейс 1988 жылы 21 желтоқсанда жасалған болатын. Бастапқыда, екі ұшақ шығару жоспарланған, Қазіргі уақытта бір данасы ұщуға қабілетті түрде сақталған және Украиналық Antonov Airlines компаниясының қолдануында.

7
2
1824

Қазақтың жаңа әуекомпаниясы

Жақында Қазақстан аспанында жаңа Qazaq Air әуе тасымалдаушы компаниясының ұшақтары алғашқы рейстерін орындады. Бұл әуе компания тұралы біраз айтып кетейін.

Qazaq Air – Қазақстандағы ішкі бағыттарға қызмет көрсету үшін құрылған жаңа жергілікті әуекомпания. Әуекомпанияның жүз пайыз акциялары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на жатады.

Бір тоқтап көңіл бөлетін жайт, компанияның заманауи және ерекше логотипі. Бұл жерде 14 шеңбер қазақстанның 14 облыстарын білдіреді және бұл облыстарды бір бірімен біріктіруді, байланыстыруды білдіреді.

Қазыргі таңда Qazaq Air флотында турбовинтті Bombardier Q400 NextGen 3 ұшағы бар. Бұл ұшақ өзінің жоғары деңгейдегі қауіпсіздік стандарттарымен, төмен эксплуатациялық шығынымен, жүк сиымдылығымен және шу деңгеінің төмендігімен танымал.

78 орын бар бұл ұшақ 2063 шақырымға ұшалады. Ұшу биіктігі 7620 м ал жылдамдығы 667 ш/сағ., бұл көрсеткіштер реактивті ұшақтардан сәл төмен болғанмен жақын сапарда маңызды емес, мысалға басқа әуекомпания ұшақтары Алматыдан - Шымкентке 1 сағатта қатынаса, Qazaq Air ұшақтары 1сағат 20 минутта жетеді. Өте маңызды болып, бұл ұшақтардың ауа райы қатаң мемлекеттерде жақсы тәжирибесі болып табылады. Қыс мезгілінде еш күрделі мәселе туындамайтынына үміттемін.

Ал біздің сапарымыз Алматыдан - Ақтөбеге, Шымкент арқылы болмақ.

Ұшақ дайын. Бізге P4-AST бұйырып тұр.


Qazaq Air ұшағына қош келдіңіз!


Регина борт серігі қауіпсіздік шаралармен бізді таңыстыруда.


Ал кеттік


Алатаудың баурайында жатқан Алматым

Бұл жерде бір бағыт сомасына тоқтамай кетуге болмайды. Мәселен Алматыдан - Ақтөбеге басқа әуекомпанияларының ең тиімді бір бағыттағы билет құны мынандай (мысалға 23 қазанды алғанда)
Qazaq Air – 15554 теңге (бұл негізгі тариф, промо тариф сатылып кеткен)

Эйр Астана 19202теңге

Бек Эйр 16497теңге

СКАТ – тіпті ғаламтор парақшасы билеттің бәрі сатылып кеткенін айтады.

Aviata - Авиабилеттерді сатып алу қызметі былай дейді.

Әрине тікелей байланыс ыңғайлы және жылдам, алайда сіз отбасымен жол жүрсеңіз экономикалық тұрғыда ең тартымды болып qazaq air шықты.


Шетелдік журналда Qazaq Air дүние жүзіне танымал Qantas пен Трансаэро қатарында.


Әріптесім Алімжан, Қазақ эйр ұсынған жаңа "вингвью" көрінісін суретке түсіруде.

Ал енді қызмет көрсету деңгейіне тоқтасақ. Жаңаның аты жаңа, орындардың қатар арасы Боинг пен Аэробустан кем емес, кеңдігі сәл тарлау, дегенмен қысқа жолға шыдамды. Борт серіктерге келсек, көздерінде от жалындап тұр, жаңа істің бас қатарында тұрғаны көрініп тұр. Қысқа жолда печенье мен сусындардың түр-түрі, ал ұзақ жолда сэндвич ұсынады.

Ауа райының жақсы болғаны ма, әлде қолайсыз ауа ағымы, біз борт ішінде бар екенін білгені ма, Алматы – Шымкент – Ақтобе – Шымкент – Алматы сапарымызда еш кемшілік болмады.


Әріпті енді таныған, ұшақтағы көршім, қауіпсіздік парақшасын оқып зерттеуде.


Қош бол Ақтөбе!

Қазақ Эйр әуекомпаниясына тек іске сәт ашық аспан.

1
2
2980

Ыстамбул – әуеспоттингпен айналысуға керемет жер!

Ыстамбұл қаласы Азия мен Еуропаның ортасында. Бір бөлігі Еуропаға жатса екінші бөлігі Азияда орналасқан. Дүние жүзінің түпкір түпкіріне әуемен саяхаттауға географиялық тұрғыда өте қолайлы орналасқан. Ыстабұлда екі Халықаралық Әуежай бар. Әлемге әйгілі Ататүрк пен Сабиха Гөкчен. Ататүрк Ыстамбұлдың Еуропалық жағында орналасса Сабиха Ыстамбұлдың Азиясында орналасты.

Біз Бишкек қаласынан Сабиха әуежайына қондық. Алайда бұл жерде әуежай аймағынан тыс жерден споттингпен шұгылдану өте қолайсыз. Бір жағынан түсіретін орындардын болмауы, екіншіден бұл әуежай халықаралық болғанымен, бұл жерде жергілікті Pegasus Airlines пен Turkish Airlines басым. Ал қызықтың көкесі Ататүрк әуежайында.

Ататүрк әуежай маңында споттерлерге лайықты Flyinn сауда орталығы орналасқан. Бұл сауда орталығында арнайы балконнан Ататүрк әуежайына қонып кеткен ұшақтарды түсіруге өте қолайлы.

Деген мен бұл жерден тек түстен кейін түсіруге болады, түске дейін күнге қарама қарсы болып келеді.

Түске дейін мармара теңіз жағалауынан керемет суреттер түсіруге болады.

Ал Ыстамбұл споттингке керемет жер екеніне күманіңіз болмасын. Бір күн барысында мен бұдан бұрын түсірмеген 40 шақты әуекомпаниялардың ұшақтарын түсірдім. Назарларыңызға ұсынайын

1. TC-LER
Бул Airbus A310 23 жасар жүк тасымалдаушы ұшақ. Бұдан бұрын Аэрофлот, Emirates, Kuzu Airlines Cargo компанияларында қызмет еткет. Қазіргі кезде бұл ULS Airlines Cargo-ға жұмыс істеуде. 

2. Ал мынау болсы, жасы 6 жасқатолмаған Боинг 738 Next Gen. Egyped Air компаниясына қызмет көрсетуде.

3. TC-ETM Atlas Global
Бұл болса 19 жасар ұшақ. Ұшу барысында біраз әуекомпанияда болған.
19 жыл ішінде бұл ұшақ 11 рет компаниялар арасында болды.

4. G-EUYH Airbus A320
5.5 жыл British Airway компаниясында қызметте

5. Су жаңа Airbus A320 VQ-BSJ (1,5ж) Aeroflot

6. Үш жасар TC-MCZ MNG Airlines

7. D-AIPD 26 жасар Lufthansa

8. A6-AFB 6 жылдық Airbus A330
туғанынан Etihad Airways компаниясына жұмыс істеуде.

9. A7-ACA Qatar Airways 14 жасар

10. YI-ARA Iraqi Airways 3 жылдық нәресте

11. UR-EMA Ukraine International Airlines Embraer E190 3жасар

12. 16 жасар EI-IKB ALITALIA Airbus A320

13. JY-AYR Royal Jordanian Airline өзі 4 жасар. Ливреясы өзіме өте ұнайтындар тобында. (Бұдан бөлек арқы кадрде ұшақты көруіңіз әбден мүмкін)

14. Saudi Arabian Airlines HZ-AQI Airbuas A330 2 жасқа толмаған

15. Бес жасар Asiana Airlines Airbus A330 HL7794

16. Осыны уайымдап едім. Үмітімді ақтады. VP-BBR azerbaijan airlines Әйгілі Боинг 787 Дримлайнер

17. HZ-AKI Boeing 777 Saudi Arabian 18 жасар

18. Ал мынау да таң қалдырды. Кезінде ALITALIA атымен ұшқан Embraer135 қазіргі кезде Dniproavia әуекомпаниясына қызмет етуде. 16 Жасар.

19. Жасы 15 асса да. Бұл Airbus A319 AirFrance компаниясына қызметте.

20. 15 жасар Royal Air Maroc Boeing 737

21. AIR Arabia да болған Airbus A320 қазіргі кезде Rossiya да. 9 жасар.

22. 6 жасар Aegean Airlines Airbus A320

23. 8 жасар Airbus A319 Iberia

24. Сербиалық Air Serbia A319 YU-API. Жасы 19 да.

25. Boeing 767 British Airways. 17 жастан асты.

26. Әлемге әйгілі KLM компаниясынын 15 жасар Boeing 737

27. 19 жасар Air Moldova. Airbus A320

28. Жас нәресте. 2.5 жасты Airbus A320. Afriqiyah Airways.

29. 25 жасар Airline Egyptair. Boeing 737

30. 5A-LAP 2.5 жасты Airbus A320. Libyan Arab Airlines.

31. 15 Жасар Lufthansa Airbus A321

32. Жеке ұшақтар да осы аэропорттан ұшады. TC-DIA Embraer E135 2.4 жаста

33. 4 жасты Embraer E190. LOT Polish Airlines

34. 19 жасар Airbus A320. Swiss International Airlines.

35. Emirates 10 жасар Boeing 777

36. Turkish Airlines сыз болмас. 7 жасар Boeing 737

Айтпауға болмайтын жағдай. Turkish Airlines ұшақтарының бәрін болмаса да, біразын түсірдім.

Назарларыңызға рақмет!

5
2
1505

Пхукеттегі жоғары сапалы 7 үздік мейманхана

Пхукеттегі жоғары сапалы 7 үздік мейманхана

1. The Racha 5*

Мейманхана Пхукеттен 30 минуттік қашықтықта, Racha (рача) аралында орналасқан. Бұл жердегі жағалаудағы мөлдір таза су әр адамның көңілінен шығады. Мейманханаға тек шапшаң қайықпен жетуге болады. Мейманхана құрлықтан бөлек аралда болғандықтан қонақтар жұрттан бойды аулақ ұстауға мүмкіндігі бар. Экологиялық бағытта жасалған виллалар минималисттік стильде жасалған.


2. Banyan Tree Phuket 5*

Мейманхана Банг Тао жағалауында орналасқан. Бұл мейманхана, дүние жүзілік жоғары сапалы мейманханалар рейтингінде 8 орынға ие. Банг Тао жағалауы Пхукет аралының Андаманд теңізінің  алтын құмды жағажайы бар нағыз жер жаннаты десек, артық емес. Бұл мейманхана жайлы виллалар мен барынша қонақжайлылықты ұсынады. Кейбір виллалар жеке бассейн, джакузимен жабдықталған. Бұдан бөлек, Banyan Tree Phuket мейманханасында, Таиландтағы ең керемет те үздік спа салондарының бірі орналасқан.


3. Six Senses Yao Noi 5*

Пхукет маңында орналасқан Ко Яо Ной аралында орналасқан. Бұл сәнді де жоғары сапалы мейманханада 55 бөлек орналасқан виллалары бар. Әр вилла жеке бассейінмен, техникамен жабдықталған. Бұл виллалар табиғи материалдардан жасалған және әр вилладан шығанаққа көрінісі бар.



4. Trisara Phuket Resort 5*

Бұл мейманхана Найтони жағажайының маңында орналасқан. Пхукеттегі бірнеше үздік мейманханалар тізімінің 10дығына кірген. Әр виллада, Андаманд теңізіне көрінісі бар жеке бассейн орналасқан. Жайлы мейрамханасы бар бұл мейманхана, демалуға мінсіз мүмкіндік береді.


5. The Pavilions 5*

Банг Тао жағажайының жанындағы тропикалық көк бояу орманында орналасқан. Бұл жерден Андаманд теңізіне керемет көрініс ашылады. Виллалар тропикалық орман жасылына бөленіп тұр. Әр виллада бір қабырғаның орнына терезе орналасқан, осыған орай табиғатпен бірлесуді сезуге болады. Төсек жайма жібектен жасалған.


6. JW Marriot Resort and Spa 5

Мейманхана Май Кхао жағажайында орналасқан. Бұл мейманхана бөлмелерінде едендер ағаштан, төсек жайма жібектен жасалған, кең ванна мен, теңізге көрініс ашылады. Мейманханада айналы тоғандар мен қабырғалар мистикалық сезімге батырады.


7. Angasana Laguna Phuket 5*

Бұл мейманхана аппақ ұндай құмы бар Банг Тао жағажайында орналасқан. Мейманхана кокос пальмалары мен көкпен бөленген. Мейманханада Angsana SPA спа салоны орналасқан. Ал мейрамханада Пхукеттегі ең дәмді тағамдарды ұсынады.


0
0
1762

Таиланд. Мың рет естігенше бір рет көзбен көрген жөн.

Тайланд – әрдайым жүзінде күлкі үйірілген халқы бар, түрлі өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай, еш уақытта киіміңізге қарап сын айтпайтын, затыңызды қалдырып кетсеңіз де ұрламайтын, қолынан келген көмегін аямайтын мемлекет. Ия, рас айтамын. Мемлекет халқы өте қонақжай, момын. Табиғатының байлығы өз алдына мәдени ескерткіштері ерекше тамсандырады.





Жақын күндердің бірінде Тайландтың Пхукет аралына жолымыз түсіп, сол аймақтың тұрмыс-тіршілігімен танысу мүмкіндігіне ие болдық. Қандай әсер алғанымызды суреттер арқылы жеткізейін.

 


Пхукет – Ресей, Қытай, Түркия, Қазақстан сынды мемлекеттерден келетін қонақтардың сүйікті мекеніне айналған, Тайландтың оңтүстік-батысында орналасқан елді мекен әрі арал. Мұнымен қатар Пхукет аралы - Тайландтың басты курорттарының бірі. Мұнда көркем жағажайлар, су асты жүзу, түрлі жануарлар шоуы, ғибадатханалар, спа салондар, арзан және 5 жұлдызды қонақ үйлер  бар. 350 000 ғана тұрғыны бар өлке маусым кезінде миллионға жуық адамды қарсы алады екен.

Жұмақпен пара-пар Пи-пи, Джеймс Бонд, Симилан, Рача мен Тачай сынды жанға жайлылық сыйлап, демалып алуға мүмкіндік беретін тропикалық аралдары бар.
Сүрет ғаламтордан алынды








Пхукет аралының әуежайынан шыққан соң өзіңізді тұншығып бара жатқандай сезінесіз. Құдды моншаның ішінде тұрғандай. Күн ыстық, ауа өте ылғалды. Экваторге жақын орналасқан елдердің мини белдемше мен қысқа балақ шалбарға не себепті құмар екенін енді ғана түсіндім. Ал мына тақуалардың оранып алғанына қайранмын.
сүрет ғаламтордан алынды

Ал мынау әрбір тайландық тұрғынға тиесілі үй. Өте қарапайым жасалған. Есік, терезе сынды ұғымдар жоқ.  Табиғат апаты болмаса, өзге біреуден сескенуді де білмейді.
сүрет ғаламтордан алынды

Тайландтың біз барған Пхукет аралында қоғамдық көліктер жоқ. Ал мынандай отбасылық мотоциклдерді көптеп кездестіруге болады.


Ішінде ең тиімдісі Pegas автобустары ма деген ойға келдік. Өйткені саяхатшыларды тасымалдайтын бұл автобустар толығымен кондиционерлермен жабдықталған, жол ережесін  қатаң сақтайды, әрі жылдамдықты 70-тен асырмайды. Қысқасы өміріңіз үшін еш алаңдамайсыз.

Бұл аймақта мәдени ошақтар өте көп деп айту қиын. Десе де бірінің өзінде үлкен тарих жатыр. Біз барған Ват Чалонг ғибадатханасы 4 қабаттан тұрады екен. Оның төртінші қабатында Будданың күлі сақталған.



Сәнге сын айтып, баға беретін мен емеспін. Алайда бұл өлкеде әрбір адам өзінше сәнгер. Не кисеңіз де өз еркіңіз. Бастысы – ыңғайлылық.

Біз жеп жүрген KFC "жәй" екен ғой. Небары 20 батқа нағыз тіл үйіретін тауық етін жеп көруге болады.  Әрине, теңіз тағамдары ет жемесе тұра алмайтын қазакемнің асқазанына майдай жаға қоймас. Десе де эксперимент жасап көруге болады екен. Түрлі жеміс-жидектерді айтпай кету мүмкін емес. Естімеген елде көп демекші, бұрын-соңды жеп көрмеген түрлерін де кездестіре аласыз.


Ал мынау Ұлы Будда ғибадатханасында ілініп тұрған қоңыраулар. Олардың әрқайсысында есімдер мен тілектер жазылған.

Сүрет авторы Алимжан Бисембаев

Осыған дейін "Монах, который продал свой феррари" кітабын сүйсініп оқып, шын мәнінде тақуалар қандай болады екен деп көп ойланған едім. Қиялымдағы тақуаларға сай келді.  
Ұлы Будда ескерткіші. Аталған ескерткіш қайырымдылық қорына жиналған ақшаға салынуда. Мұнымен қатар осы туралы түрлі аңыздар бар. Жергілікті тұрғындар Будда Үнді мұхитына қатты ренжігендіктен теріс қарап тұр деп те айтады. Бұл осыдан 10 жыл бұрын болған цунамиге байланысты айтылса керек.

Пхукетте адасу мүмкін емес. Себебі Тайланд тілін өзге ұлт өкілдері меңгермесе де, тайландықтар туристердің сұрағына жауап бере алатындай бір ауыз орысша мен ағылшынды үйреніп алған.

Қысқасы бұл арал көңілімнен шықты. Қайта айналып барғым келетін жерлердің бірі десем, қате айтпаспын.












Бірақ барар жолда міндетті түрде «Сәлем» және «ашты жасаудың қажеті» жоқ деген сөздердің ағылшынша немесе тайша нұсқасын жаттап алыңыз. Әйтпесе жағдайыңыз қиын болмақ ;)

3
4
3941

Пхукеттің түнгі көбелектері

Пхукеттің түнгі көбелектері

Осы уақытқа дейін Тайландта болмасаңыз да, түнгі сауық-сайран туралы естігендеріңіз бар шығар. Пхукет аралының сауық-сайран кіндігі - Patong Beach-тегі Вangla Road.

Күндіз бұл аймақтан жезөкшелерді байқау мүмкін емес. Барлық жүріс түнгі уақытта басталады. Бұл – атақты Паттая қаласындағы Уолкин Стриттің егізі. Небары ұзындығы 350 метр болатын Бангла Роуд көшесіндегі адамдар саны таңқалдырарлық. Бұл көшеде түрлі түнгі клуб, паб және бар орналасқан.


Бір қызығы, жас Тай қыздарды іздеп келетін орта жастағы еркектер немесе жас жігіттер емес, ішінде шалдар да бар. Түнгі көбелектерге де керегі сол сияқты.

Жалғыз келе жатқан ер кісіні көре салысымен,  қолынан ұстап өздерінің кішігірім бөлмесіне шақыра бастайды. Пхукетке келген саяхатшылар арнайы түнгі көбелектерді іздеп келмесе де, Бангла Роудтағы түнгі сауық-сайранды бір көріп кетуге ынтық болады. Арасында жас қыздар, жігіттер, ересектер мен жасы келіп қалған шал-кемпірлер де кездеседі.

Өзге Тайланд тұралы айтарым әлі көп, жіберіп қоймаңыз.

Мен авиацияны сүйемін!

Мен авиацияны сүйем


Естеріңізге түсіріңізше, балалық шақта, балабақшада ойнап жүргенде аспанда ұшақ көре салып  бәріміз қатарға тұрып «Самолет Вертолет Забери меня в полет...» деп айқай салып қуанатынбыз.


Бұл соқыр сезім. Адам жаратылысынан ұша алмайтындықтан аспанды армандайды. Құс болып аспанда самғағанды армандамайтын адам жоқ шығар.


Әттен әр адамның пилот болу қолынан келмейді. Аспанда самғап ұшу оңай қол жетімді жағдай емес. Өсе келе кейбіреуіміз өмірдің ырғағымен аспанға деген құштарлықты жоғалттық, кейбіреуіміздің денсаулығымыз келмеді.


Маған келсек, менде сол балалардың бірімін. Бала шағымнан таң қалатынмын, қалайша ондаған тонна темір аспанға оңай самғап көтеріледі . Неткен әр түрлі ұшақтар бар. Біреуі адам тасымалдайтын, екіншісі жүк тасымалдайды, біреуі судан ұшса екіншісі жерге қонады.


Ал сіздер білесіз бе, бүгінгі таңда заманауи ұшақтар бір жерде жасалмайды. Әр бөліктері әр түрлі қалаларда жасалып, бір құрастыру зауытында жиналады. Мысалға, Airbus команиясын қарастырсық, бөліктері Францияда, Германияда, Ұлы Британияда және Испанияда жасалады, ал соңғы құрастыру зауоттары Тулуза (Франция) және Гамбург (Германия) қалалрында жасалады.


Ал қозғалқышына тоқтасақ, ұшақ жасайтын компаниялар қозғалқыштарды бөлек компаниялардан сатып алады. Негізгі үш қозғалтқыш жасайтын компания бар, олар –  АҚШтың Pratt & Whitney General Electric және Ұлы Британиялық Rolls-Royce. Бұнда мені таң қалдыратыны -  Авиацияның алып қарқыны.

Авиациа тарихына қарасақ. Бастапқы кездерің оқысақ, құрастурышылар қандай ынтагерлік көрсетті, күндіз түні жұмыс істеп, аспанға көтеріліп ұшу арманың жобаға асырды.


Жумыс барысымен Қазақстан қалаларына жиі сапарға шығамын. Өзіммен бірге әрқашан бейнекамера. Неге десеңіз? Мұндай керемет көріністі естелікке сақтап, басқа да адамдарға көрсеткім келеді.


Өздеріңіз білгендей, мен әуе споттермын. Қолым тиген сайын Әуежайға жол бұрам.

Шүкір, біздің мемлекетімізде Азаматтық Авиация Академиясы бар. Кішкентайдан, жолдан бұрылмай, пилот болғысы келетін жастар аз емес. Алайда пилот мамандар әлі де жеткіліксіз. Осыған орай Эйр Астана компаниясының «Эйр Астанамен мансап» жобасы уқатылы жүзеге асуда.
Жолым басқа болғанымен,  мен авиация сүйер жанкүйермін. Аспанда самғау – бостандықпен тең. Шіркін, ақ құтан құс болып ұшқанға не жетсін.

2
0
1530