Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Желбір жекен желіп жүрген желіде жарық болсын-ай!

Әу баста Ашық хат ретінде жазып дайындаған едім, Әкімнің сайты "тек бір ғана сұрақ қоюға болады" деген шектеуді оқып,осы жерге  әдеттегідей пост ретінде қондырдым.

Ашық хат

Құрметті  әкім!

Менің осы хатты жазу себебім, соңғы кездегі,әсіресе  1 аптада 23 мамыр мен 29мамыр  аралығында біздің үйімізде жарықтың  3 рет апатты жағдайда ескертусіз өшірілуі.

Мен осы аталған мекен жайда 1977 жылдың қаңтар айынан, яғни туғанымнан бастап тұрамын десем,қателеспеймін.

Ес білгелі біздің үйдің жарығы сөніп жүретінін білетінмін. Осы қалада дүниеге  келіп, бала-бақша,мектеп, жоғарғы білім де өз туған қаламда сіңірдім. Мектепте де, университетте де осы жағдайға талай куә болатынмын-себебі көше қиылысындағы бағдаршам сөнсе біздің үйде де жарық сөнетін.

Кешегі 29 мамыр 2016жыл жарықтың сағат 15.35тен түнгі 21.20ға дейін  болмауы шектен тым асқандық деп ойлаймын.

Апта ортасында жұмыс уақытында қанша рет өшіп-қосылатыны белгісіз.

2005 жылы несиеге алған тоңазытқышымды, 2006жылы осындай апатты өшіру боғандықтан бір реттік ақылы жөндеуге жүгініп, моторын ауыстыруға

тура келді.

Соңғы уақытта жиілеп кеткен жарық сөндірулер не себепті?

29 мамырда Алатау жарық компаниясының орталығына +7 771 701 7282 ұялы нөмірімнен (нөмірі 356-99-99)1 сағат өткенде (сағат 16.39)  қоңырау соққанымда- «кабель зақымданды,апатты бригада жұмыс істеп жатыр,күте тұрыңыз» деді. Күттік- бірақ қанша күткенмен де,шыдамның да шегі бар емес па? Жексенбі-сәйкесінше алдымызда дүйсенбі, жаңа жұмыс аптасы, киім дайындау керек, үй шаруасы дегендей. Оның үстіне ұялы телефонды да қуаттай алмадым, үй телефон ды өшірулі. Менен басқа үйімізде кішкентай балалы жанұялар бар, одан басқа да үлкен кісілерге жедел жәрдем шақыру керек болса-қайда жүгіру керек?

Осы күткенім сағат 19.41де де  ақталмады- ашу-ыза бой алмасын деп  күтейін,бірақ таңертең Әкімге хат жазу керек деп шештім. (қоңырау уақыты фотода).

http://www.azhk.kz/index.php/ru - Алатау жарық компаниясының сайтында да 29 мамырда болған  апатты өшіру туралы ешқандай  ақпарат жоқ .

Алматы қаласы -Қазақстаннын дүркіреп,жарқырап тұрған қаласы!

Алматы қаласы талай адамды «Аһ!»- ұрғызып,таңдай қақтыратын гүл шаһары!

Осы 21ші ғасырда  , Алматы қаласының ортасында өмір сүріп, қашанғы сол бір кабель үзілді немесе трактор-экскаватор жұлып алды деген себептер қала тұрғынын, әсіресе біздің үйге қатысты болуы керек?

Неліктен АЭЖ-5 басшылығы мен мамандары келісіп отыра осындай бір ғасыраралық десе де болады, мәселені шешуге талпынбайды?

2015 жылы кабель ауыстырамыз деп хабарлама болды,шүкір енді апатты өшіруден тыйылатын шығармыз деп үміттендік, 2015тің қараша-желтоқсанда АЭЖ-5те жаңа жабдық орнатамыз, шұғыл түрде электр санауыштарын орнатайық деп олай-бұлай  әбден әлектендірді.

Сондағы, «айдағаны бес ешкі -ысқырығы жер жарады» демекші, айналып келгенде кабель қайта-қайта істен шығатын болса, неге осыншама  уақытта апатты алдын алу жоспары жок,немесе басқа іс-шара қолданбайды,немесе тұтынушы ретінде неге біз барлық қиыншылықты көруіміз керек?

Өз басым «Алатау жарық компаниясының» АЭЖ-5те білікті мамандар жұмыс істейді деп сенімдімін.

Бірақ, неге осы мәселеге 40 жыл бойы бір шешімін таба алмай келеді?

Неге біздің үйді басқа желіге ауыстыруға болмайды? Апатты жағдайды болдырмау туралы іс-шаралар жасалынады ма? Осындай апатты өшіру кезінде қысқа тұйықталу болмайды (одан  ары неге алып келуі мүмкін екенін ойламағанда) дегенге кім кепіл береді?

Бұл ең басты сұрағым, бірақ осы сұрақ бойында қосымша сұрақ  туындайды;

-         Неліктен электр жарығын үнемдеу мақсатында үй алдындағы жарықты тек сағат 21.00 ден кейін қосады- қала тұрғындарының қауіпсіздігін неге дұрыс ойламаған? Жұмыстан  қайтатын кез кешкі сағат 19.00-ден  кейін,яғни күн батып  тас қараңғы кезде үй алды да тас қараңғы болып тұрады- бұл дегеніңіз криминалды жағдайды ушықтырып, қылмыскерлерге, кем дегенде қалташыларға қол босату емес па? Тек біздің подъезде әйелдер саны үстем,әрине жұмыстан қайту уақытымыз да әр түрлі, кешкісін есіктің алды қалың ағаш, жарық жоқта өте қорқынышты!  Жарықты  Үнемдеу мақсатында онда сағат 23.00ден кейін сөндіру керек шығар,бірақ қала тұрғындарының өміріне қауіп төндірмеу керек, әрі төнбеу керек.

Желілерді жаңартып, жарықты үнемдейміз десек- неліктен Розыбакиев көшесінде күн батпай көше шамдары жарқырап тұрды- 01 маусым сағат 18.30да (фото), және Тимирязев көшесінде -24мамыр таңғы сағат 08.04те (фото).

Егер бұл өшірулер бір ретті ғана болса, тұрғындарды неге ескертпеді? Әлеуметтік желіде көп тұрғындар жарықты іздеп-жоқтап фотолар мен посттар жазып ашуланады.

Ең үлкен өтінішім – біздің үйді басқа желіге ауыстырып қоссын,немесе ең көп апатты өшіру кезінде біздің үйде жарық болмауы себебінен біздің үйімізге арнайы трансформатор қою мүмкіндігі қарастырылса деп сұраймын. 40 жылдық шыдамымыз осылай бағаланса деген арманым бар еді.

Сізге құрметпен,

әрі осы мәселеміз оңтайлы шешімін табады деген үмітпен,

Әсел Құрманғазықызы Атыбекова

 

0
0
1493

Осы тақырып бойынша