Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Әлихан жолы» жобасы Алматы қаласына жетті.

Әлихан Бөкейхан бабамыздың 150 жылдығына  орай  Павлодар обылысы жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен "Әлихан жолы" атты республикалық саяхат ұйымдастырылып, саяхат басын  алғаш болып  Алаш Орданың орталығы болған Семей қаласынан бастап, бүгін баба жолымен Алматы қаласына жетті.

Павлодар облысынан саяхатқа шыққан жастар Оңтүстік орталықта жоспарды іске асыруда.

Бүгін Алматы қаласының Тұран университетіндегі студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында павлодарлық жастар Әлихан бейнесін айқын көрсете білді. Саяхатымыздың себебін, жоспарымен біліскен жастар ризашылықтарын білдірді. Кездесуден соң павлодарлық жастардың арнайы дайындалған концертті  тамашалады.  Концерт кезінде «Алдаспан» ақындар клубының мүшелері  Алтынбек Мақсатхан мен Оразбек Саяхаттың айтысына дүйім жұрт оң бағасын берді. Халықты  дәстүрлі әннен, биден, күйден тарту тартты.Университет жастарына мөлдір де тұңық поэзия әлемінің падишахтары өлеңдерімен сусындатты. Тұран университетінде 200 ден астам студенттер жиналып, лебіздерін білдірді.

Павлодарлықтардан бұндай бастаманы күтпегендерін айтып, таңданысты. Әлихан қазақтың көгіндегі мәңгі өшпес күн мәртебесіне иеленген көшбасы. Бүгінгі көшбасшылар біздің жастар. Бүгінгі күн- ертеңгі  тарих екенін ескеретін болсақ  Кереку жастарының бастамасы тарихта қаларлықтай іс.

   
1
0
636

Осы тақырып бойынша

«Әлихан жолы» жобасы Алматы қаласына жетті. - Yvision.kz