Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шортанды ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі семинар

Ағымдағы жылдың  10 маусымында «Адал жол - Честный путь!»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде Шортанды аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е. Мұхамединнің төрағалық етуімен, ауданның бизнес-құрылымдарының, үкіметтік емес ұйымдарының, жұртшылығының қатысуымен «Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы семинар-кеңес өтті.

«Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Ю. Зуева  Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп отырған жұмыс туралы  баяндады.

Сонымен қатар, аталған семинар-кеңестің барысында  «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Қожамсейітов Шортанды ауданындағы  2016 жылдың 1-тоқсанындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың мониторингісінің қорытындылары туралы  ақпарат берді. Шортанды ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты С. Тореев «Жергілікті атқарушы орган көрсететін және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы  көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» баяндады.

Іс-шараның аяғында аудан әкімінің орынбасары Е. Мұхамедин аталған бағыттағы жұимысты жақсарту жөнінде айтылған ұсыныстарды қорытындылай келіп, осы келеңсіздікпен күресу жүктелген құрылымдардың ешқайсысы босаңсымауы  керек екенін атап өтті.  Мемлекет басшысы Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қатайту  жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұны  халықтың барлық топтары, әсіресе мемлекеттік қызметшілер жадында ұстауы қажет. Сыбайлас жемқорлықтың  әлеуметтік індет, әлеуметтік жамандық, іспеттес,  т.б. неше түрлі анықтамасы бар. Алайда, бұл құбылыстың мемлекеттің экономикалық шығынға батуына әкеліп соғуы, шетелдік инвесторлардың алдында елдің беделін түсіруі, сауда-экономикалық байланыстардың дамуын бөгейтіні анық. Бұл келеңсіз құбылысты жеңу үшін   қоғамның барлық өкілдері бірлесіп, тынымсыз еңбек етуі қажет.

0
0
598

Осы тақырып бойынша

Шортанды ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі семинар - Yvision.kz