Солтүстік Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінде білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуде орын алған мәселелер талқыланды

СҚО мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаевпен Қоғамдық кеңестің қарауына білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуде орын алған бірқатар мәселелер ұсынылды.
Осы салада өскелең ұрпақтың денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына байланысты мемлекеттік қызметтің 32 түрі көрсетіледі.
Оқушылардың жеке санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету барысында тамақтану қызметін іске асыратын жеке кәсіпкерлердің жиі ауысуына, штатта аспазшылар бірліктерінің болмауына, мектеп асханаларының материалдық-техникалық қорының әлсіздігіне байланысты білім беру нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы атап өтілді.
Мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды есепке қою жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетуде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде Петропавл қаласында балабақшаларды салу бойынша жергілікті атқарушы органдардың аса белсенді емес жұмысы байқалатыны сөз болды.
Денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйлерінде жеке оқыту бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуде білікті мамандар, компьютерлердің болмауы, осы санаттағы балалардың тұратын жерлерінің арақашықтығы сияқты мәселелер тап болған.
Отбасы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер де талқыға салынды, осы бағытта облыстың кейбір аудандарында қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандарының жетіспеушілігі байқалады.
Балаларды білім ұйымына және кері тасымалдау бойынша қызмет көрсетудің сапасы туралы әңгіме қозғалды. Қызмет көрсетудің талдауы тасымалдайтын машиналардың тозуына байланысты, балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнетінін және білім ұйымдарымен оларға қатысты емес функцияларды атқару бөлігінде білім, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың бұзылуын көрсетеді.
Білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету барысында оқушылар орындарының тапшылығына байланысты облыстық орталықта қазақ, орыс тілдерінде білім беретін мектептер салу қажеттігі айтылды.
Кеңес мүшелерін білім беру ұйымдарымен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың ұдайы бұзылуы, оқушылардың білім сапасының төмен болу себебінен мемлекеттік аттестациядан өтпеу себептері қызықтырды.
Орын алған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға анықталған бұзушылықтарды жою, Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар жіберілетін болады.
