Мазмұнға өту
Спорт
Спорт

Спорт

1 171 жазбалар313 тіркелуші

Все о спорте и здоровом образе жизни

Дені саудың-жаны сау

Салауатты өмір салты-бұл жай ғана сөз тіркесі емес, біздің өмірімізге күш пен қуат бере алатын философия. Ол біздің болмысымыздың көптеген аспектілерін қамтиды, соның ішінде дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, жаман әдеттерден бас тарту және психикалық денсаулықты сақтау.

Дұрыс тамақтану - салауатты өмір салтының негізгі элементтерінің бірі. Ол витаминдерге, минералдарға және қоректік заттарға бай әртүрлі тағамдарды жеуді қамтиды. Жаңа органикалық тағамдарға, жемістерге, көкөністерге, майсыз етке, балыққа, дәнді дақылдарға, жаңғақтар мен тұқымдарды өз ас мәзіріңізге қосқаныңыз дұрыс болады. Сондай-ақ қант, тұз, қаныққан май, көмірсулар мен өңделген тағамдарды тұтынуды шектеу қажет.

Дене белсенділігі салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылады. Тұрақты жаттығулар бұлшықеттер мен сүйектерді нығайтуға, төзімділікті арттыруға, жалпы әл-ауқатты жақсартуға және жүрек-қан тамырлары аурулары мен семіздік сияқты әртүрлі аурулардың қаупін азайтуға көмектеседі. Аптасына 150 минут жүру, жүгіру, жүзу немесе велосипед тебу сияқты аэробты жаттығулармен, сондай-ақ аптасына екі-үш рет күш жаттығуларымен айналысу ұсынылады.

Темекі шегу және алкогольді ішу сияқты жаман әдеттерден бас тарту да салауатты өмір салтының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Темекі шегу көптеген аурулардың себебі болып табылады, соның ішінде қатерлі ісік, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және жүрек-қан тамырлары аурулары. Алкогольді көп мөлшерде ішу бауырдың, жүректің және жүйке жүйесінің денсаулығына байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін. Сондықтан темекі шегуден және алкогольді тұтынудан толығымен бас тарту немесе тұтынуды азайту ұсынылады.

Психикалық денсаулыққа қамқорлық салауатты өмір салтында да маңызды рөл атқарады. Жиі стресс, депрессия және мазасыздық біздің денемізге кері әсер етуі мүмкін. Психикалық денсаулықты сақтау үшін мамандардың көмегіне жүгіну, релаксация, медитация, сүйікті ісіңізбен айналысу және жақын адамдарыңызбен уақыт өткізу ұсынылады.

Жалпы, салауатты өмір салты-бұл біздің әл-ауқатымызға және сапалы өмірімізге ұзақ мерзімді инвестиция. Бұл бізге физикалық және эмоционалдық әл-ауқат береді, сонымен қатар өмір сүру сапасын жақсартады. Күнделікті өмірдегі кішігірім өзгерістер денсаулық пен бақытқа жету процесінде үлкен айырмашылықты тудыруы мүмкін.

2
0
555

Almaty Urban Fest 2023: еңбек етсең ерінбе, жалқаулыққа жеңілме

Өткен демалыс күндері Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында қалалық және экстремалды спорт түрлерінің жыл сайынғы Almaty Urban Fest фестивалі өтті.

Оған 1500-нан астам спорт сүйер қауым, сондай-ақ 5000-нан астам көрермен мен қонақтар қатысты. Бұл фестивальге Қазақстанның әр өңірінен және көршілес Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан сияқты елдерден спортшылар қатысты. Фестиваль Алматы қалалық спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Бірінші іріктеу күні сенбі, ал жексенбіде гранд финал және марапаттау рәсімі өтті. «Халық Арена» кешенінің аумағында стрит-воркаут, черлидинг, стрит-дэнс, қолкүрес, арқанмен секіру, гір көтеру және стритболдан жарыстар өтті.

Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы скейтпаркінде "Бетон Плаза" скейтбординг, агрессивті роликте сырғанау, скутермен және BMX-пен өнерлі айлалар бойынша жарыстар өтті. Оларға кәсіпқойлар да, әуесқойлар да, тіпті жаңадан бастағандар да қатысты.

Барлық жеңімпаздарға медальдар, дипломдар, бағалы сыйлықтар және ақшалай сертификаттар табыс етілді. Айтпақшы, спорттың 11 түрінен жалпы жүлде қоры 6 120 000 теңгені құрады.

Сонымен қатар, кәсіби диджей, рэп батл, сондай-ақ хедлайнерлер Нұрболат Қанай мен ALPHA тобының қатысуымен бай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мұндай жобалар қала мәдениеті мен экстремалды спортты дамытуға өте жақсы әсер ететіні анық.

BMX-фристайл бойынша төреші Тимур Дәуітқұлов бұл жастардың күш-қуатын сынауға мүмкіндік беретін және спорттық шеберліктерін одан әрі дамытуға уәждеме беретін бірегей фестиваль екенін атап өтті.

Мамандардың пікірінше, көше спортының ең маңызды артықшылығы – оның қолжетімділігі мен уақыттың жаңа тенденциясын ескере отырып тармақтарының алуан түрлілігі. Бұқаралық басты жүлдесі – денсаулық, ал жеңіс – жай ғана жағымды сыйлық.

1
0
554

Победителем "Қазақстан Барысы-2023" стал Галымжан Кырыкбай из Жамбылской области!

В финале главного турнира страны по қазақ күресі Кырыкбай победил Нурдаулета Жарылгапова из Мангистауской области. Бронзовым призером стал Мухтар Далелханулы из Павлодарской области. 

Жарылгапов получил призовые в размере 5,5 миллионов тенге, а Далелханулы - 1,8 миллиона. Также призовые полагались и тренерам: чемпиона - 3,5 миллиона тенге, серебряного призера - 1,8 миллиона, бронзового - 900 тысяч. 

"Қазақстан Барысы" проводится с 2011 года. Для Кырыкбая это первый титул - ранее он был серебряным и бронзовым призером. Самый титулованный в истории турнира - Бейбит Ыстыбаев, который трижды становился чемпионом. 

Источник.

0
0
608

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді

Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи өз сөзінде "Шымбұлақта" болғанына қуанышты екенін айта келе, тау шаңғы курортының бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты табыс етті.

Сертификатты тапсыру рәсімі және рекорд нәтижесін ресми тіркеу – теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте "Талғар асуы" станциясында өтті.

"Шымбұлақ" тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордын алғаны туралы сіздерге хабарлауға қуаныштымын. Бұл әлемдегі жаңа рекорд", – деді Шейда Субаши-Гемиджи.

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты.

"Бүгін тарихи күн. Біздің "Шымбұлақ" тау шаңғы курортымыз Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл бүкіл ел үшін үлкен жетістік. Әрине, біздің әлеуетіміз зор, "Шымбұлақ" еліміздегі туризмді дамытудың негізгі орындардың бірі болып табылады. Жалпы, қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің араласуымен нақты қадамдар қабылдануда. Атап айтқанда, елімізде алдағы жеті жылға арналған туризм саласын дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Біз жергілікті атқарушы органдармен, серіктестермен, бизнес қоғамдастықпен бірлесіп инфрақұрылымды және туризмімізді дамытатын боламыз", – деді Асхат Оралов.

Шара соңында қызыл лента салтанатты түрде кесіліп, ең биік түнгі тау шаңғысы трассасымен төмен қарай жаппай сырғанау өтті.

Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте түнде шаңғымен сырғанау 2021 жылдың қарашасында басталған еді. Осы уақыт ішінде жүздеген мың адам түнгі уақытта ең жоғары нүктеден түсіп үлгерді.

Тау шаңғы курортының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021-2022 жылғы маусымда түнгі шаңғымен сырғанауға 50 346 турист келген, биылғы маусымда 10% есе көп келді, яғни, 55 486 келушілер болды.

Сонымен қатар, 2021-2022 жылғы маусымда күніне 12 520 адам келсе, биылғы маусымда курортқа 1 миллионнан астам адам келіп үлгерді.

0
0
665

Фристайл бойынша FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдері

Баспасөз мәслихатының спикерлері болып «Шымбұлақ»ТК бас директоры Ринат Абдрахманов, «ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы» ФА ЗТБ бас хатшысы Аскар Валиев және FIS Халықаралық шаңғы спорты федерациясының фристайл жөніндегі рейс директоры Андреа Риналди сөйледі.

Спикерлер іс-шаралар бағдарламасы туралы, ҚР ұлттық құрама командасының құрамы, қатысушы елдер туралы және могул мен шаңғы акробатикасы трассаларындайындау туралы толықтай айтып берді.

«Шымбұлақ» ТК бас директоры Ринат Абдрахмановтың айтуынша, ауқымды дайындық жұмыстары жарыс басталардан 3 ай бұрын басталған.

«2022 жылдың жазында қарлы жүйенің жаңа тармағы (2 км) салынды, жаңа жол тұжырымдамасы бекітілді және қосымша жол іске қосылды, ал 2022 жылдың қарашасында FIS өкілдері могул мен шаңғы акробатикасы трассаларынаинспекция жүргізді. 6 ратрак, 4 қарда жүретін көлік жұмылдырылды, 47 000 текше метрден астам қар өндірілді және Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, сондай – ақ жақын және алыс шетелдерден 30-дан астам адам тартылды», – деді «Шымбұлақ» ТК Бас директоры.

Сондай-ақ, Р.Абдрахманов командалардың 150-ден астам өкілі, оның ішінде 14 елден 70-тен астам спортшы қатысуы жоспарланғанын атап өтті.

«Спорт әртүрлі елдердің, мәдениеттер мен ұлттардың адамдарын біріктіретінін бәріміз білеміз. Бүгін Шымбұлақ тау курортының баурайында бүкіл дүние жүзінің мықты спортшылары жиналды. Биылғы жылы біздің курорт әлемнің түкпір – түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлерді тағы бір рет қабылдап, қонақжайлылығымызды, жайдарылық пен төзімділік рухын көрсете алуғамүмкіндігін болғанын мақтан тұтады», – деді Р.Абдрахманов.

ҚР Ұлттық Шаңғы Қауымдастығының бас хатшысы Аскар Валиев жарыс Шымбұлақта 2019 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын атап өтті.

«Курорттың бірегей жерде орналасуының арқасында біз наурыз айының соңына дейін шаңғы жарыстарын өткізе аламыз. Алғаш рет Алматы қаласында фристайлдың «могул» түрінен Әлем Кубогының кезеңдері 2019 жылы өткізілді, келесі жылы Алматы тағы да фристайлдың «параллельді могул» түрінен FIS Әлем Кубогының кезеңдерін қабылдады, ал 2021 жылы Алматыда фристайлдың «параллельді могул» және «шаңғы акробатикасы» бойынша FIS Әлем Чемпионаты және  Әлем Кубогының кезеңдері ұйымдастырылды», – деп атап өтті А.Валиев.

«Могул» жарысының ресми жаттығулары 15 наурызда басталды. Биылғы жылы трасса Сухой Лог деген жаңа жерде орналасқан.

«Жаңа трасса Юлия Галышеваның құрметіне Yuka G деп аталды. Оны спорт әлемінде достары осылай атайды. Спортшылар «могул» бойынша ең әсерлі болып танылуымүмкін бұл трассаға жоғары баға берді», – деді ҚР Ұлттық Шаңғы Қауымдастығының бас хатшысы.

Біздің құраманың дайындығы туралы айта келе Аскар Валиев Қазақстан өте мықты орындарға ие екенін және басқа елдермен лайықты бәсекелес екенін атап өтті: “Өте лайықты өкілдер. Бізде жақсы өнер көрсететін және трассада жақсы жүретін жас ұрпақ бар. Жарыста Қазақстан атынан 7 спортшы қатысты. «Могул/параллельдімогул» түрлерінде – Аяулым Амренова, Антон Бондарев және Павел Колмаков. «Шаңғы акробатикасы» түріндеЖанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Роман Иванов және Шерзод Хаширбаев. Ұйымдастыруда бізге серіктестеріміз бен демеушілеріміз көмектеседі және қолдау көрсетеді”. Қазақстандық құраманың толық дайындығын Халықаралық Шаңғы Спорты Федерациясының (FIS) өкілі рейс директоры Андреа Ринальди атап өтті:  «Бірінші кезекте осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Мен үйлесімді команданы, трассалардың дайындық деңгейін бөлек атап өткім келеді. Бүгін мұнда әлемдегі ең мықты спортшылар жиналды. Жыл сайын – бұл жаңа старт. Және әр жолы ол қайталанбастай, сондықтан бізге әрқашан процестің өзі қызықты», – деп қосты Андреа.

Андреаның айтуынша, Қазақстанда спортшылардың өте перспективті ұрпағы өсіп келеді және фристайлдың лайықты болашағын құруға үлкен мүмкіндік бар.

«Мен мұнда балаларға арналған бағыттың жақсы дамып келе жатқанын мақтан етемін. Мұнда Snow Park және мектеп салынды. Бізге бұл беталыс ұнайды. Біз Қазақстанда қалып, одан әрі бірге қызмет жасауға қуаныштымыз», – деді рейс директоры Андреа Риналди.

Іс-шара соңында Parimatch Kazakhstan Қазақстанда спортты дамыту үшін негіз ретінде әлемдік брендтің тәжірибесі туралы айтты:

«Қазақстанның ең танымал тау курорты – Шымбұлақта фристайлдан Әлем Кубогын өткізу – ойлап табуға мүмкін болған ең үздік «комбо»! Parimatch еш күмәнсіз осы ауқымды іс-шараның серіктесі болу туралы шешім қабылдады. Бұл біздің «Барлығына Спорт!» деген ұстанымызбен және елімізде спортты дамыту және қолдаудеген миссиямызбен байланысады. Шаңғы, сноуборд – бұл мегаполистің әр тұрғынын бей-жай қалдырмайды. Егеркөрген финттерден кейін кем дегенде екі адам шаңғымен сырғанауды шешсе – бұл біз үшін кішкене жеңіс болады!»,- деді Parimatch Kazakhstan бренд-маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева.

0
0
531

“Runtalya” (“Ранталья”) халықаралық марафоны

Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты. Маусымның ашылу жарысы ретінде “Runtalya” 47-ден астам елдің спортшыларын қабылдады. Ерлер арасындағы марафонда Үзеир Сойлемез 2 сағат 23 минут 35 секундта жеңіске жетсе, әйелдер арасында Наталья Гюртен көш бастады.

Биылғы жылы “Рантальяда” төрт кезең (2 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым және 42 шақырым) бір уақытта ұйымдастырылып, барлық жарыстар Антальяның орталығында басталды. Қаланың ең көрікті және көрнекті туристік орындарын 42 шақырым бойы жағалай жүгірген марафоншылар Калеичи, Адриан қақпасы, Дуден сарқырамасы және әйгілі Лара жағажайлары сияқты сұлу мекендерді көрді. Жарысқа кәсіпқой спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілер де қатысып, оларды мәремсызығында ондаған мың жергілікті тұрғын мен шетелдік қонақ қарсы алды. “Ранталья” балалар мен жүгіруді енді бастағандарға да мүмкіндік берді.  Мысалы, «Балалар жарысы», «Биік өкшемен жүгіру» және «1-қадам – 1 өмірлік жарыс» – соның айғағы.

“Ранталья” жарысы – Антальяда 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл марафон тәжірибесіз марафоншылар мен кәсіби желаяқтарды біріктіруге бағытталған шара. Салауатты өмір салтын ұстану, спортты сүюге үндейтін додаға қызығатындар саны жыл сайын артып келеді.

0
0
519

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай діни конфессия өкілдері арасында спартакиада өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Шымкент қаласында діни конфессия өкілдері арасында спартакиада ойындары өтті. Аталған іс-шара Шымкент қаласы әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өтіп отыр. Онда түрлі діни бірлестіктердің атынан шыққан 8 команда өнер көрсетті. Жарыс спорттың 3 түрі, атап айтқанда, футбол, үстел теннисі және шахмат бойынша ұйымдастырылды.

—Тәуелсіздік күні – еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі. Осы тәуелсіздіктің арқасында Қазақ елінде Ислам діні қанатын кеңге жайып, халқымыз ата-бабамыз ұстанған асыл дінімен қайта қауышты. Бүгінде елімізде ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім сақталып отыр. Біз бүгін осы татулық пен бейбітшілікті нығайта түсуге үлес қоссақ деген ізгі ниетпен дін өкілдері арасындағы спартакиадаға қатысып жатырмыз, – деді ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының бірінші орынбасары Мұсабек Ақтамберді.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында ҚМДБ-на қарасты 89 мешіт және түрлі конфессия өкілдерінің 31 шіркеуі бар.

0
0
655

Боксшы қыздарымыздың тарихи жетістігі

Боксшы қыздарымыз құрлықтық бәсекеде 8 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды. Осылайша, турнир қорытындысында жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Қазақстан құрамасы сапынан Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милан Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева алтыннан алқа тағынды. Ал Владислава Кухта күміс медальді иемденсе, Марина Вольнова қола қанжығасына байлады.

Қазақстан бокс федерациясы тарихи көрсеткішке жеткен боксшыларды құттықтап, ақшалай сертификатты табыстады. Алтын медаль иегерлері 10 мың доллар, күміс – 5 мың, қола – 2,5 мың доллар сыйақы алады. 

Боксшыларымыздың жетістігі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалмады. Президент құттықтау хатын жолдады:

Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын.

Әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының жалпыкомандалық кестесі:

1. Қазақстан - 8 алтын -1 күміс - 1 қола

2. Өзбекстан - 1-5-2

3. Үндістан - 1-3-6

4. Индонезия - 0-1-0

5. Моңғолия - 0-0-3

6. Тәжікстан - 0-0-2

7. Филиппиндер - 0-0-1

8. Шри-Ланка - 0-0-1

9. Кувейт - 0-0-1

10. БАӘ - 0-0-1.

0
0
757

Токио Олимпиадасына 60 күн қалды: дайындықтың қорытынды кезеңі

Төрт жылдықтың басты додасына бір айдан сәл көп уақыт қалды. Бүгінге дейін Қазақстан спортшылары 24 спорт түрінен 60 жолдаманы жеңіп алған

«Қазір әлем алапат індетпен арпалысып жатқанда Олимпиада өткізудің қаншалықты жауапты екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Атлеттеріміздің амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету біз үшін кезек күттірмейтін жұмыс. Делегацияны Олимпиада өтетін қалаға жеткізу, материалдық-техникалық жабдықталуы пандемия басталмай тұрып та осыған дейін де маңызды мәселе болып келген.

Біздің міндетіміз – дода басталмай тұрып, барлық спортшымызды Токиодағы Олимпиада ауылына аман-есен жеткізіп, төрт жылдықтың басты бәсекесі аяқталысымен олардың елге дәл солай аман-есен жеткізу. Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті мен біздің тараптың негізгі басымдығы әрдайым спортшылардың және ойындарға қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып қала береді.

Ұйымдастыру комитеті Қазақстанмен қатар өзге де қатысушы елдерге қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бірқатар талап қойып отыр. Өз кезегінде біз спортшыларымызды сақтандыру үшін бар жағдайды жасауға дайынбыз.  Қазір Ұлттық Олимпиада комитеті Қазақстанның ұлттық федерацияларымен бірлесіп, Олимпиада құрамасын алдағы бәсекеге дайындау жұмысын жүйелі жүргізіп жатыр. Токиодағы ойындардың сәтті өтуі жалпы Олимпиада ғана емес, сонымен қатар әлемдік тарихқа алтын әріппен жазылатыны күмәнсіз»,-дейді Ақтоты Райымқұлова.

Спортшыларды вакцинациялау күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі. Вакцинаны Олимпиада жолдамасын иеленген спортшылардың шамамен 60%-ы, олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама мүшелерінен 150-ден астам спортшы салдырды.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҰОК-тың мақсаты екенін атап өтті.

«Біз Олимпиадаға дайындықтың соңғы кезеңіне кірісеміз. Спортшыларымыздың қарбалас күнтізбесі оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар арасында үзіліс жасауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар қазіргі кезде олимпиадалық спорт түрлері бойынша 22 құрама шетелде оқу-жаттығу жиынында және жарыстарда. Қалғандары еліміздегі базаларда жаттығып жатыр. Іріктеу сындары маусым бойы өтеді. Былтыр Олимпиаданың кейінге шегерілгені спортшыларымызға әсер етпей қойған жоқ. Сондай-ақ, біздің бүгінгі міндетіміз - Олимпиадаға дейін екі айдан аз уақыт қалғанда делегацияның кетуі мен келуін үйлестіру жұмысынан басқа, Қазақстан командасының мүшелерін олардың өміріндегі маңызды жарыстар алдында барынша жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету», - деді Бас хатшысы.

1
1
984

Дамир Исмағұлов UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді

Дамир Исмағұлов UFC Fight Night 188 турнирінде қарсыласы бразилиялық Рафаэль Альвестен төрешілердің шешімі бойынша басым түсіп, UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Кештің басты жекпе-жегінде Коди Гарбрандт пен Роб Фонт кездеседі. 

1
1
1953