Мазмұнға өту

Жаңа

Астана қаласының ювеналдық соты республика судьялары үшін семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сонының жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Әр түрлі жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында ювеналдық істерді қарайтын судьяларға арналған оқыту семинары өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/astana-kalasynyn-yuvenaldyk-soty-respublika-sudyalary-ushin-seminar-otkizdi

0
0
428

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуының жылдамдығы негізінен басқарушылық шешімдердің дұрыс қабылдануына байланысты...

2016 жылдың 10 маусымында Көкшетау қаласында, Ақмола Медиа Орталығында Бірінші институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы Ақмола облысы тұрғындарын ақпараттандыру жөніндегі брифинг өтті.

Іс-шараның спикері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі  Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы  Қ. Жапақов кездесуге жиналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне: «Мемлекет басшысы белгілеген «Ұлт Жоспары. Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша жүз нақты қадамды» орындау аясында  ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді. Меритократия, әдептілік, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік сияқты мемлекеттік қызметтің жаңа қағидаттары енгізілді. Мемлекеттік қызметшілер мәртебесінің мәселелері алғашқы рет заң шығарушылық деңгейде реттелді. Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жауапкершілігі  қарастырылған кезде оның өз еркі бойынша жұмыстан босатылу құқығы жойылды. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздіктің түрі ретінде  мемлекеттік қызметшілердің қамтамасыз ету міндеті белгіленді», - деп  мәлімдеді.

Брифингті қорытындылай келе, Қ. Жапақов алға қойған мақсаттардың жүзеге асырылуы бағдарламалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына қажетті жағдайларды туғызатынын атап өтті. Сондай-ақ, спикер «Өте көп нәрсе, ең бастысы – мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу жылдамдығы басқарушылық шешімдердің дұрыс  қабылдануына байланысты, себебі, мемлекеттік қызмет –  еліміздің қарқынды дамуының салмақты құрамдас бөлігі болып табылады» - деп, сөзін қорытындылады.

Іс-шараға облыстың, аудандар мен Көкшетау қаласының электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

0
0
347

Ағымдағы жылғы 14 маусымда Бас прокуратурада «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы (мазмұны және басымдықтары)» тақырыбында форум өтеді.

Ағымдағы жылғы 14 маусымда Бас прокуратурада «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы (мазмұны және басымдықтары)» тақырыбында форум өтеді. Іс-шараның бірлескен ұйымдастырушылары - «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесі.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bak-ushin-mlimet-4

0
0
512

Жас маман, мемлекеттік қызметке бас қадам

Ағымдағы жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметті өткеру мәселелерін талқылау үшін М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, экономика және құқық факультеті түлектерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге мемлекеттік қызметтің жаңа моделі арқау болды. Яғни реформалар аясында енгізілген жаңашылдықтар, қайта құрылған Министрліктің мақсаты және міндеті талқыланып, түлектерге дұрыс таңдау жасауларына тиісті бағыт-бағдар берілді.

Кездесуге қатысқан Департамент басшысының орынбасары Е.Ф. Степаненко, жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті. Болашақ мамандармен орнаған еркін пікір алмасу кезінде мемлекеттік қызметті өткеру және оған орналасудың ерекшеліктері жан-жақты талқыланды.

Шара барысында СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы еңбек қауіпсіздігін бақылау және қорғау бөлімінің жетекшісі Б.К. Жанбутин баяндама жасады. Ол жас мамандарға қызметке орналасқан кезде қажет болатын, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында орнайтын құқықтық қатынастарға қатысты бірқатар кеңестерін берді.

Кездесу соңында студенттерге өңіріміздің мемлекеттік органдарындағы бос лауазымдар туралы мәліметі бар брошюралар таратылды.

 
0
0
891

Ақтөбедегі теракт бойынша сарапшылар пікірі

Ақтөбедегі оқиға неге орын алды, біз қай жерден қате жібердік? Бұл сұраққа саясаттанушы Айдос Сарым жауап іздейді.

Жастардың радикалды жолға түсуінің себебі неде? Жалғас Сандыбаев - "E-islam" ақпараттық-ағартушылық порталының бас редакторы:

Терроризмге қарсы Заңды күшейту, өзгерістер енгізу ісі қалай іске асырылмақ? Бірғаным Әйтімова - ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Терроризммен қалай күресуге болады, оның пайда болу негіздері қандай?
Саясаттанушы Айдос Сарым

Радикалды жолға түсіп бара жатқандарды алдын-ала анықтаудың әдіс-тәсілдері бар ма? Бұл сұраққа "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев жауап іздейді.

 

0
0
624

EXPO-2017 көрмесінің билеттері сатылымға шықты

Елімізде өтетін халықаралық бірегей жоба EXPO-2017 көрмесін асыға күтіп жүргендерге жағымды жаңалық. Көрмені көруге билет алу үшін, Астанаға барып, кассаның ұзын-сонар кезегінде тұрмасаңыз да болады. EXPO-2017 көрмесіне онлайн билет алу жүйесі іске қосылды. Билет құны 4000 теңгеден басталады. Егер билетті 10-20 маусым аралығында сатып алсаңыз 50 % жеңілдік, 21-31 маусым аралығында алсаңыз 30%, 1-10 шілде аралығында 20% жеңілдік беріледі. Сондай-ақ бағалы сыйлықтар ойынына қатысуға мүмкіндік аласыз. Айтпақшы, ҰОС ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне КӨРМЕге кіру тегін. 6 жасқа толмаған балаларыңызға да көрмені тегін аралатып, селфиге түсуге болады. 89 елдің мықтылары қатысатын халықаралық көрмені шетелдіктер келіп көреміз деп отырғанда, өзіміздің ауылдағы ата-апаларды көрмеге алып бару маған міндет :) Сол үшін жеңілдікпен ертерек билет алып қою керек. Олар да тарихи оқиғаның куәсі болуы керек деп шештім. Билет алу үшін төмендегі сілтемеге өтесіз

www.tickets.expo2017astana.com/kk

0
0
1846

Ақтөбедегі лаңкестік оқиғада қаза тапқандардың туыстары мен әріптестері болған жағдайдың анық-қанығын айтып берді

Ақтөбедегі лаңкестік оқиғада қаза тапқандардың туыстары мен әріптестері болған жағдайдың анық-қанығын айтып берді.

0
0
505

ЕУРО-2016. Бүгін футболдан төртжылдықтың басты додасы шымылдығын ашады

Бүгін төрткүл дүние асыға күткен футболдан 2016 жылғы Еуропа біріншілігі басталады. Осымен 15-рет ұйымдастырылған ала доп додасына 24 команда қатысып, өзара мықтыны анықтайды.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілдеге дейін футбол мерекесі әлемнің түкпір-түкпіріне тікелей эфирде таратылады. Дүбірлі доп додасынан қазақстандық жанкүйерлер де құр қалмайды. Ұлттық арна турнирдегі 51 кездесудің 36-сын, ал, «Kazsport» телеарнасы 15 матчты тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, матчтардың қайталауын «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Ал, 11 маусымнан бастап кешкі сағат 18:50-дегі ойынды «Kazsport» телеарнасы, ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 21:50 мен 00:50-де басталатын ойындарды тікелей эфирде көрсетеді.

Чемпионат кезінде арнайы студиялық бағдарлама жоспарлануда. Әрбір кездесудің алдында тікелей эфирге шығатын хабар барысында жүргізушілер мен студия қонақтары Еуропа чемпионатын талқылап қана қоймай, түрлі конкурстар ұйымдастырады.

Турнирдің көрсетілім құқығын «Қазақстан» РТРК» АҚ 2014 жылы сатып алған болатын.

Футболдан Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді.

Тікелей эфир кестесі:

Жұма, 10 маусым

00:50 Франция - Румыния («Қазақстан»)

Сенбі, 11 маусым

18:50 Албания - Швейцария (Kazsport)

21:50 Уэльс - Словакия(«Қазақстан»)

00:50 Англия -Ресей («Қазақстан»)

Жексенбі, 12 маусым

18:50 Түркия - Хорватия (Kazsport)

21:50 Польша -Солтүстік Ирландия («Қазақстан»)

00:50 Германия - Украина («Қазақстан»)

Дүйсенбі, 13 маусым

18:50 Испания - Чехия (Kazsport)

21:50 Ирландия - Швеция («Қазақстан»)

00:50 Бельгия - Италия («Қазақстан»)

Сейсенбі, 14 маусым

21:50 Австрия - Венгрия («Қазақстан»)

00:50 Португалия - Исландия («Қазақстан»)

Сәрсенбі, 15 маусым

18:50 Ресей - Словакия (Kazsport)

21:50 Румыния - Швейцария («Қазақстан»)

00:50 Франция - Албания («Қазақстан»)

Бейсенбі, 16 маусым

18:50 Англия - Уэльс (Kazsport)

21:50 Украина - Солтүстік Ирландия («Қазақстан»)

00:50 Германия - Польша («Қазақстан»)

Жұма, 17 маусым

18:50 Италия - Швеция (Kazsport)

21:50 Чехия - Хорватия («Қазақстан»)

00:50 Испания - Түркия («Қазақстан»)

Сенбі, 18 маусым

18:50 Бельгия - Ирландия (Kazsport)

21:50 Исландия - Венгрия («Қазақстан»)

00:50 Португалия - Австрия («Қазақстан»)

Жексенбі, 19 маусым

00:50 Швейцария - Франция («Қазақстан»)

00:50 Румыния - Албания (Kazsport)

Дүйсенбі, 20 маусым

00:50 Ресей- Уэльс (Kazsport)

00:50 Словакия - Англия («Қазақстан»)

Сейсенбі, 21 маусым

21:50 Украина - Польша (Kazsport)

21:50 Солтүстік Ирландия - Германия («Қазақстан»)

00:50 Хорватия - Испания («Қазақстан»)

00:50 Чехия - Түркия (Kazsport)

Сәрсенбі, 22 маусым

21:50 Венгрия - Португалия («Қазақстан»)

21:50 Исландия - Австрия (Kazsport)

00:50 Италия - Ирландия (Kazsport)

00:50 Швеция - Бельгия («Қазақстан»)

Сенбі, 25 маусым

18:50 1/8 финал - алғашқы матч (Kazsport)

21:50 1/8 финал - екінші матч («Қазақстан»)

00:50 1/8 финал - үшінші матч («Қазақстан»)

Жексенбі, 26 маусым

18:50 1/8 финал - төртінші матч (Kazsport)

21:50 1/8 финал - бесінші матч («Қазақстан»)

00:50 1/8 финал - алтыншы матч («Қазақстан»)

Дүйсенбі, 27 маусым

21:50 1/8 финал - жетінші матч («Қазақстан»)

00:50 1/8 финал - сегізінші матч («Қазақстан»)

Бейсенбі, 30 маусым

00:50 1/4 финал - алғашқы матч («Қазақстан»)

Жұма, 1 шілде

00:50 1/4 финала - екінші матч («Қазақстан»)

Сенбі, 2 шілде

00:50 1/4 финал - үшінші матч («Қазақстан»)

Жексенбі, 3 шілде

00:50 1/4 финал - төртінші матч («Қазақстан»)

Сенбі, 6 шілде

00:50 1/2 финал - алғашқы матч («Қазақстан»)

Бейсенбі, 7 шілде

00:50 1/2 финал - екінші матч («Қазақстан»)

Жексенбі, 10 шілде

00:50 финал («Қазақстан»).

2
0
796

Көшпелі ЖҚКО-ры бастау алды

2016 жылдың 09 маусым күні Жастар бастамаларын дамыту орталығымен ұйымдастырылған Павлодар облысы қала және аудан жастарымен кездесулер топтамасы бастау алды.

Мобильді ЖБДО аясында алғашқы болып Лебяжі ауданының тұрғындары Орталықтың әрекет етіп жатқан сервистері туралы ақпарат және жеке консультация алды. Аталмыш шара «Жалын» жастар ресурстық орталығының ұйымдастырылуымен өтті.

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Н.В. Нефедова кездесу барысында қатысушыларға демеушісі Дүниежүзілік банк болып табылатын жастар корпусының даму жобасы туралы түсіндірді.

Кездесудің ресми бөлімінде Орталық бөлімдері мен серсив қызметтерінің негізгі сәттерін баяндайтын бейнеролик ұсынылды.

Содан соң әр инспектор өз сервисінің жұмысы туралы нақты атап өтті. Жұмыспен қамту сервисінің инспекторы бос орындар нысанымен, уақытша, тұрақты және сағаттық жұмыспен қамтылу, сонымен қатар тоқсан сайын өткізілетін бос орындар Жәрмеңкесі жайлы айтты.

Жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуде қолдау көрсету сервисінің инспекторы "Өңірлерді дамыту 2020", «29 жасқа дейінгі жас отбасы», «Барлық санаттағы азаматтар үшін жалдамалы тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламалары бойынша тұрғын үйге қол жеткізу сұрақтарын түсіндірді. Заңгер-инспектор жастардың тегін білікті заңды көмек алу мүмкіндігін және сенім телефонының жұмысы туралы ақпарат берді.

Кәсіптік бағдар қызметін ұйымдастыру жөніндегі инспектор «Болашақ» бағдарламасы, шетелдік ЖОО-на түсу мүмкіндіктері және білім беру кредитін алу мүмкіндігі туралы айтып өтті.

Ресми бөлімнен кейін барлық сервистер бойынша жеке консультациялар жүргізілді.

 
0
0
579