Шортанды ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Ағымдағы жылдың 10 маусымында «Нұр Отан» партиясының Шортанды аудандық филиалында облыстық «Адал жол - Честный путь!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында «№2 Шортанды сайлау округі» алғашқы партия ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмысы, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына сәйкес білім мен тәрбие мәселелері қаралды. «№2 Шортанды сайлау округі» алғашқы партия ұйымының төрағасы Д. Жапаров аталған мәселелер туралы баяндады.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Қожамсейітов Шортанды ауданындағы 2016 жылдың 1-тоқсанындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың мониторингісінің қорытындылары туралы ақпарат берді.
Іс-шараға 15 адам қатысты.
