Мазмұнға өту

Жаңа

18 маусымда Көкшетауда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметші күніне арналған велошеру ұйымдастырады

Мектеп оқушылары (жасы 14-тен кіші  емес), жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттері, ведомстволардың, барлық меншік түріндегі  ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері, Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары шақырылады.

Қатысуға спортшылар мен асфальт үстінде велосипедпен жүру дағдылары бар, велосипед спортымен айналысуға медициналық қарсы көрсетімдері жоқ  әуесқой азаматтар шақырылады. Велошеруге қатысуға ақаусыз велосипед керек.

Қатысушылар «Тәуелсіздік» алаңында 11.00 сағатта жиналады; старт 12.00 сағатта; мәре  «Тәуелсіздік» алаңында, маршруттың ұзындығы – 8 км.

     
0
0
477

Құрметті ақмолалықтар!

Қызметін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі  Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қолдауымен жүзеге асыратын «ЖiГЕР» «Жас мемлекеттік қызметшілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігі мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқысы келетін тұлғалар үшін Департамент қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинары өтетіндігі туралы хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»,   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдар мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті өткеруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға,  өңір тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты сұрақтарыңызды клубтың әр сейсенбі сайын 19.00-ден 20.00 сағатқа дейін Көкшетау қаласы, Горький көш., 71 мекенжайы бойынша өткізілетін отырыстарында қоюларыңызға болады.

Барлық сұрақтарыңызға толық жауап беріледі!

Қосымша ақпаратты 8 747 001 3708 телефоны бойынша алуға болады (Есбол Кенжалин).


       
0
0
738

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысына қатысу

Ағымдағы жылдың 14 маусымында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Жайықбаев Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.

Күн тәртібінде діни ахуал және 2013-2017 жылдарға  арналған діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойыншаМемлекеттік бағдарламаны іске асыру, радикалды және жалған діни идеялардан жастарды қорғау жөніндегі жұмыс туралы мәселелер қаралды.

Кеңеске Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н. Нұркенов, облыстық және қалалық мекемелердің басшылары, діни бірлестіктердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Отырыстың соңында бірқатар ұсыныстар әзірленді.

 
0
0
452

Сот процестерінің айқындығы – Жоғарғы Соттың басым міндеттерінің бірі

Қазіргі таңда, қолданыстағы 1 396 сот залының 1 029 залы аудио-бейнетудио-бейнетркеудің жаңа жүйесімен жарақтандырылған. 136 залда АБТ жүйесі толығымен жаңғыртылды.

Жалпы алғанда, бұл көрсеткіш сот залдарының жалпы санының 83% құрайды. Ағымдағы жылы ескі және бос тұраған сот отырысы залдарын (367 зал) жаңа жүйемен жарақтандыру жоспарланып отырмыз. Бұл республика бойынша АБТ жүйесімен 100% жарақтандыруға қол жеткізуге мүкіндік береді.

Мәселен, жыл басынан бастап барлығы 310405 сот отырысы тағайындалса, солардың ішінде 261277 сот отырысы АБТ жүйесін қолдана отырып қаралды, ол республика бойынша қолданудың 84,6% құрайды.

Қазіргі таңда республика соттарында сот процестеріне аудио-бейне тіркеу жүйесін енгізу белсенді түрде жүргізіліп келеді. Бұл жұмыс «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарының 20-қадамына сәйкес жүргізілуде.

Аудио-бейне тіркеу жүйесі» сот процестерін техникалық тіркеуге арналған: оқиғаның басталуы, оқиғаның атауы, қатысатын адамдар және қысқаша түсініктер, соттың құрамы туралы мәліметтер, істің нөмірі және т.б. хронологиялық кезеңділікпен көрсетілетін сот отырысының қысқаша хаттамасын жасау АБТ жүйесі жұмысының нәтижесі болып табылады.

Хаттама жасау процесін жеңілдету үшін АБТ-де оған қатысатын адамдардың тізбесі, сондай-ақ істі тыңдаған уақытта болуы мүмкін барлық негізгі әрекеттердің шаблондары мазмұндалады. Шаблондардың тізбесін редакциялауға немесе толықтыруға болады.

Жүйе жазып алынған ақпараттарға қолжетімділікті және оны бұрмалау мүмкіндігін болдырмайды. АБТ жүйесінде процеске барлық қатысушыларды бір уақытта жазу үшін бір мезгілде 8 микрофонға дейін және бейне жазу үшін 1 арна қосу мүмкіндігі қарастырылған.

АБТ жүйесінің функционалдылығына келер болсақ, сот отырысын цифрлы аудио-бейне жазып алуға, сот отырысының қысқаша хаттамасын жасауға мүмкіндік туып отыр. Аудио-бейнетіркеуді жүргізер алдында сот отырысына қатысушылар бойынша деректер енгізу мүмкіндігі, облыстық соттардың локалдық серверінде және Жоғарғы Соттың орталық серверінде аудио-бейне файлдарды және ілеспе ақпараттардың сақталуына жол беріп отыр. Сот органдарының (сот ісін жүргіу бөлігінде) ақпараттық жүйелермен және «Сот кабинеті» секілді басқа да ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізілген. Аудио-бейне файлдарға қолжетімділік тиісті құқықтары бар веб-браузер және есептік жазба арқылы сот органдарының корпоративтік желілеріндегі кез-келген компьютерден қамтамасыз етіледі, жүйеде файлдарға санкцияланбаған қолжетімділік мүмкіндігін болдырмайтын рұқсат құқығының ара-жігі ажыратылады.

Жүйелердің шешуші артықшылығы аудио- және бейнежазбаны синхронды жазып алу, жасалған жазбаларды синхронды түрде тыңдау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл сот залында өтіп жатқан әрекеттер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Көшпелі отырыстарды қамтамасыз ету үшін ұтқыр кешенді ұйымдастыру мүмкіндігі АБТ жүйесінің орталықтандырылған құрылымы.

Процестің жазбасын жазу режимінде де, сақтау режимінде де өзгертуден және бұрмалаудан қорғау жүйенің сенімділік деңгейінің көрсеткішін білдіреді. Сот отырысының жазбаларын Жоғарғы Соттың бірыңғай серверінде және жабалардың өзектілігін сақтау үшін «НИТ» АҚ деректерді өңдеу орталығында сақтау қарастырылған. Аудио-бейнефайлдарға санкцияланбаған қолжетімділік мүмкіндігін болдырмайтын рұқсат ету құқығының ара-жігін ажырату мүмкіндігі бар көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесі, АБТ жүйесінің жұмыс істеу қабілеті бойынша мониторинг және журнал жүргізу көзделген.

Осы жүйе Украина, Беларусь, Ресей және Сингапур т.б. елдер сияқты түрлі елдердің сот жүйелерінде аудио-бейнетіркеудің қолданыстағы әлемдік тәжірибесін ескере отырып жасалды.

Аудио-бейнетіркеу сот актісін құқыққа қайшы шығарылған актілерге немесе судья мен сот отырысына қатысушылардың заңсыз әрекеттері кезінде дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін.

АБТ жүйесінің мониторингі үшін тиісті функционал әзірленген. Ол сот отырысын дер кезінде жүргізуді айқындауға, АБТ қолданылғаны туралы есеп беруге, АБТ жүйесінің репликациясы мониторингін жүргіуге мүмкіндік береді. Бұл соттарға өз жұмысының анық жұмыс кестесін қамтамасыз етуге және оны бұзуға жол берген адамдарға шара қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, егер қатысушы процеске кешігіп қалса, АБТ жүйесі оған қатысты тисті шара қабылдауға нақты негіз болып табылады.

 
0
0
381

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын түсіндіру жөніндегі дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 14 маусымында «Адал жол — Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында  Шортанды ауданының Әділет басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын түсіндіру жөніндегі дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына басқарманың  және Халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары мен мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелді Әділет басқармасының басшысы А. Салқымбаев ашты, ол өз сөзінде өткізіліп отырған кездесудің маңыздылығына жиналғандардың назарын аударды және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың, қарсы тұрудың және онымен күресудің  негізгі бағыттарды ашып берді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе басқа да жолдармен   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қолдау көрсеткен  адамдарды марапаттау ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған  осы іспеттес кездесулер мен жүйелі түрде өткізілетін алдын алу шараларының   маңыздылығы  атап айтылды.

   
0
0
600

Әуе есептің нәтижесі бойынша Қазақстандағы киіктердің саны 108 мыңнан астам дарақты құрады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
14.06.2016 ж.                                                                                                  Астана қ.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылдың 18-сәуір мен 3-мамыр аралығында Қазақстанның биоəртүрлілігін сақтау Ассоциациясы және «Қазавиақұтқару» АҚ-мен бірлесіп, Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциясының киіктеріне кезекті әуе санақ жүргізді.

Әуе санақтың нәтижесі бойынша, 2016 жылы киіктердің жалпы саны 108300  дарақты, атап айтқанда, Бетпақдала таралымдарының саны 36200 дарақты, Орал таралымы 70200 дарақты және Үстірт таралымы 1900 дарақты құрады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі браконьерліктен киіктерді  қорғау жұмысын ұдайы жүргізіп отыр. Мәселен, республикада киіктерді қорғаудың тиімділігін арттыру үшін олардың қоныс аудару мен төлдеу, қыстау кезеңіндегі концентрациясының негізгі орындарында Ырғыз-Торғай және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваттары, «Охотзоопром» ӨБ» мекемелерінің қызметтері күшейтіле түскен.

Орал популациясын қорғау мақсатында «Охотзопром» ӨБ» базасында Орал қаласында орналасқан жергілікті Оралдық бөлімше құрылды. Бетпақдала популациясын қорғауды Ақбөбе және Астана қалаларында орналасқан жергілікті Батыс және Орталық бөлімшелері қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, браконьерлікпен қарсы күресті күшейту үшін  «Охотзоопром» ӨБ» базасында заманауи көлікпен қамтамасыз етілген, тәжірибелі инспекторлардан құрылған 4 арнайы мобильдік топ жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2014 жылы заңсыз киік аулаудың, сондай-ақ, олардың мүйізін сату және сатып алудың 79 фактісі, 2015 жылы – 107 факті және 2016 жылдың 5 айы көлемінде 33 факті тіркелген.

Киіктерді сақтау жолында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті нақты іс-әрекеттермен қатар халықаралық ынтымақтастық жолында: Ресей Федерациясымен және Өзбекстан Республикасымен, Түркіменстанмен киіктерді сақтау жөніндегі келісімге қол қойылған. Киіктерді сақтау жөніндегі халықаралық келісім көршілес республикалардың территорияларын қамтитын киіктердің таралым аймағына негізделіп жасалған.

Анықтама:
Қазақстандағы киіктердің 2015-2016 жж

Год

Численность популяции и прирост (в процентах)

Уральская

Устюртская

Бетпакдалинская

Всего

числ-ть

%

числ-ть

%

числ-ть

%

числ-ть

%

2015

51 700

+32,6

1 270

-25,3

242 500

+12,3

295 470

+15,1

2016

70 200

+35,8

1 900

+49,6

36 200

-85,1

108 300

-63,3

 

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

 
0
0
472

Ақпараттандыру саласының қызметкерлерімен профилактикалық әңгімелесу

2016 жылдың 7 маусым күні ҚР Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің БҚО бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдері инспекция қызметкерлерін еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қалай талдау жүргізу жөнінде кеңінен түсіндірді.

Шара барысында сауалнама жүргізілді.

 

0
0
513

А.И. Мырзахметов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

«А.И. Мырзахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының                                               Н.Назарбаев
Президенті

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 маусым

 
0
0
405

«Әлихан жолы» Ақтоғай төрінде

Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. «Әлихан жолы» жобасы осы елді мекенге жетті.  Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Бабамыздың туған туыстары, ата-бабалары осы мекенде жерленген. «Тұлға  жолы» экспедиция делегаттары ғұламаның туғандарына құран бағыштап, тарихты кеңірек таныды. Ақтоғай елді мекенінің тумасы, тарихшы Тұңғышбай Мұқанов бұл жердің тарихын баяндап, өлкемен таныстырды. Осы жерде  Әлиханның балалық шағы өтіп, кейіңірек тұрған қыстағы мектепке айналған деседі.

Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.

Ақтоғай елді мекені ризашылықпен  қарсы алып, қонақжайлықтарын танытуда. Керекулік жастар өздерінің арнайы дайындаған шағын концерттік бағдарламаларын қойып, халықтың ақ батысын алды.  Әлихан ізімен жүрген павлодарлық жастардың соңғы қоятын нүктесі осы жер. «Әр қазақ менің жалғызым», - деп қарсыалған бұл елге біздің де алғысымыз шексіз.

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,

Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, –

деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек.

     
1
0
1006

БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтті

2016 жылдың 11 маусымда Қазақ драма театрында облыс әкімі, БҚО ҚХА төрағасы Алтай Көлгіновтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХІХ сессиясы өткізілді.

Сессия жұмысына мемлекеттік органдар басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, акционерлік қоғам, серіктестіктер, кәсіпорындар басшылары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері және қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері қатысты.

Сессияда ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында берген тапсырмалардан туындайтын міндеттер қарастырылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Хайруллин аталған шараға қатысты.

0
0
496