Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

18 маусымда Көкшетауда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметші күніне арналған велошеру ұйымдастырады

Мектеп оқушылары (жасы 14-тен кіші  емес), жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттері, ведомстволардың, барлық меншік түріндегі  ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері, Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары шақырылады.

Қатысуға спортшылар мен асфальт үстінде велосипедпен жүру дағдылары бар, велосипед спортымен айналысуға медициналық қарсы көрсетімдері жоқ  әуесқой азаматтар шақырылады. Велошеруге қатысуға ақаусыз велосипед керек.

Қатысушылар «Тәуелсіздік» алаңында 11.00 сағатта жиналады; старт 12.00 сағатта; мәре  «Тәуелсіздік» алаңында, маршруттың ұзындығы – 8 км.

     
0
0
416

Осы тақырып бойынша

18 маусымда Көкшетауда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметші күніне арналған велошеру ұйымдастырады - Yvision.kz