Құрметті ақмолалықтар!
Қызметін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қолдауымен жүзеге асыратын «ЖiГЕР» «Жас мемлекеттік қызметшілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігі мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқысы келетін тұлғалар үшін Департамент қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинары өтетіндігі туралы хабарлайды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдар мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті өткеруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, өңір тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты сұрақтарыңызды клубтың әр сейсенбі сайын 19.00-ден 20.00 сағатқа дейін Көкшетау қаласы, Горький көш., 71 мекенжайы бойынша өткізілетін отырыстарында қоюларыңызға болады.
Барлық сұрақтарыңызға толық жауап беріледі!
Қосымша ақпаратты 8 747 001 3708 телефоны бойынша алуға болады (Есбол Кенжалин).

