Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын түсіндіру жөніндегі дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 14 маусымында «Адал жол — Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында  Шортанды ауданының Әділет басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын түсіндіру жөніндегі дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына басқарманың  және Халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары мен мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелді Әділет басқармасының басшысы А. Салқымбаев ашты, ол өз сөзінде өткізіліп отырған кездесудің маңыздылығына жиналғандардың назарын аударды және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың, қарсы тұрудың және онымен күресудің  негізгі бағыттарды ашып берді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе басқа да жолдармен   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қолдау көрсеткен  адамдарды марапаттау ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған  осы іспеттес кездесулер мен жүйелі түрде өткізілетін алдын алу шараларының   маңыздылығы  атап айтылды.

   
0
0
564

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын түсіндіру жөніндегі дөңгелек үстел - Yvision.kz