БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтті

2016 жылдың 11 маусымда Қазақ драма театрында облыс әкімі, БҚО ҚХА төрағасы Алтай Көлгіновтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХІХ сессиясы өткізілді.
Сессия жұмысына мемлекеттік органдар басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, акционерлік қоғам, серіктестіктер, кәсіпорындар басшылары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері және қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері қатысты.
Сессияда ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында берген тапсырмалардан туындайтын міндеттер қарастырылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Хайруллин аталған шараға қатысты.

