Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысына қатысу

Ағымдағы жылдың 14 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Жайықбаев Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.
Күн тәртібінде діни ахуал және 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойыншаМемлекеттік бағдарламаны іске асыру, радикалды және жалған діни идеялардан жастарды қорғау жөніндегі жұмыс туралы мәселелер қаралды.
Кеңеске Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н. Нұркенов, облыстық және қалалық мекемелердің басшылары, діни бірлестіктердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Отырыстың соңында бірқатар ұсыныстар әзірленді.
