Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сот процестерінің айқындығы – Жоғарғы Соттың басым міндеттерінің бірі

Қазіргі таңда, қолданыстағы 1 396 сот залының 1 029 залы аудио-бейнетудио-бейнетркеудің жаңа жүйесімен жарақтандырылған. 136 залда АБТ жүйесі толығымен жаңғыртылды.

Жалпы алғанда, бұл көрсеткіш сот залдарының жалпы санының 83% құрайды. Ағымдағы жылы ескі және бос тұраған сот отырысы залдарын (367 зал) жаңа жүйемен жарақтандыру жоспарланып отырмыз. Бұл республика бойынша АБТ жүйесімен 100% жарақтандыруға қол жеткізуге мүкіндік береді.

Мәселен, жыл басынан бастап барлығы 310405 сот отырысы тағайындалса, солардың ішінде 261277 сот отырысы АБТ жүйесін қолдана отырып қаралды, ол республика бойынша қолданудың 84,6% құрайды.

Қазіргі таңда республика соттарында сот процестеріне аудио-бейне тіркеу жүйесін енгізу белсенді түрде жүргізіліп келеді. Бұл жұмыс «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарының 20-қадамына сәйкес жүргізілуде.

Аудио-бейне тіркеу жүйесі» сот процестерін техникалық тіркеуге арналған: оқиғаның басталуы, оқиғаның атауы, қатысатын адамдар және қысқаша түсініктер, соттың құрамы туралы мәліметтер, істің нөмірі және т.б. хронологиялық кезеңділікпен көрсетілетін сот отырысының қысқаша хаттамасын жасау АБТ жүйесі жұмысының нәтижесі болып табылады.

Хаттама жасау процесін жеңілдету үшін АБТ-де оған қатысатын адамдардың тізбесі, сондай-ақ істі тыңдаған уақытта болуы мүмкін барлық негізгі әрекеттердің шаблондары мазмұндалады. Шаблондардың тізбесін редакциялауға немесе толықтыруға болады.

Жүйе жазып алынған ақпараттарға қолжетімділікті және оны бұрмалау мүмкіндігін болдырмайды. АБТ жүйесінде процеске барлық қатысушыларды бір уақытта жазу үшін бір мезгілде 8 микрофонға дейін және бейне жазу үшін 1 арна қосу мүмкіндігі қарастырылған.

АБТ жүйесінің функционалдылығына келер болсақ, сот отырысын цифрлы аудио-бейне жазып алуға, сот отырысының қысқаша хаттамасын жасауға мүмкіндік туып отыр. Аудио-бейнетіркеуді жүргізер алдында сот отырысына қатысушылар бойынша деректер енгізу мүмкіндігі, облыстық соттардың локалдық серверінде және Жоғарғы Соттың орталық серверінде аудио-бейне файлдарды және ілеспе ақпараттардың сақталуына жол беріп отыр. Сот органдарының (сот ісін жүргіу бөлігінде) ақпараттық жүйелермен және «Сот кабинеті» секілді басқа да ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізілген. Аудио-бейне файлдарға қолжетімділік тиісті құқықтары бар веб-браузер және есептік жазба арқылы сот органдарының корпоративтік желілеріндегі кез-келген компьютерден қамтамасыз етіледі, жүйеде файлдарға санкцияланбаған қолжетімділік мүмкіндігін болдырмайтын рұқсат құқығының ара-жігі ажыратылады.

Жүйелердің шешуші артықшылығы аудио- және бейнежазбаны синхронды жазып алу, жасалған жазбаларды синхронды түрде тыңдау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл сот залында өтіп жатқан әрекеттер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Көшпелі отырыстарды қамтамасыз ету үшін ұтқыр кешенді ұйымдастыру мүмкіндігі АБТ жүйесінің орталықтандырылған құрылымы.

Процестің жазбасын жазу режимінде де, сақтау режимінде де өзгертуден және бұрмалаудан қорғау жүйенің сенімділік деңгейінің көрсеткішін білдіреді. Сот отырысының жазбаларын Жоғарғы Соттың бірыңғай серверінде және жабалардың өзектілігін сақтау үшін «НИТ» АҚ деректерді өңдеу орталығында сақтау қарастырылған. Аудио-бейнефайлдарға санкцияланбаған қолжетімділік мүмкіндігін болдырмайтын рұқсат ету құқығының ара-жігін ажырату мүмкіндігі бар көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесі, АБТ жүйесінің жұмыс істеу қабілеті бойынша мониторинг және журнал жүргізу көзделген.

Осы жүйе Украина, Беларусь, Ресей және Сингапур т.б. елдер сияқты түрлі елдердің сот жүйелерінде аудио-бейнетіркеудің қолданыстағы әлемдік тәжірибесін ескере отырып жасалды.

Аудио-бейнетіркеу сот актісін құқыққа қайшы шығарылған актілерге немесе судья мен сот отырысына қатысушылардың заңсыз әрекеттері кезінде дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін.

АБТ жүйесінің мониторингі үшін тиісті функционал әзірленген. Ол сот отырысын дер кезінде жүргізуді айқындауға, АБТ қолданылғаны туралы есеп беруге, АБТ жүйесінің репликациясы мониторингін жүргіуге мүмкіндік береді. Бұл соттарға өз жұмысының анық жұмыс кестесін қамтамасыз етуге және оны бұзуға жол берген адамдарға шара қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, егер қатысушы процеске кешігіп қалса, АБТ жүйесі оған қатысты тисті шара қабылдауға нақты негіз болып табылады.

 
0
0
328

Осы тақырып бойынша

Сот процестерінің айқындығы – Жоғарғы Соттың басым міндеттерінің бірі - Yvision.kz