Мазмұнға өту

Жаңа

Персоналды басқару қызметіне әдістемелік көмек көрсетілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыстың мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Ағымдағы жылғы 16 мамырда Департамент Зеренді ауданының әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметіне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыс өткізді.

Іс-шара барысында кадр қызметінің қызметшілеріне мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнаманың негізгі талаптары бойынша, қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру, конкурс өткізу мен мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, сонымен қатар,  тәлімгерлікті ұйымдастыру  мәселелеріне ерекше назар аудару бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Туындаған сұрақтарға толық жауап берілді.

 
0
0
581

Қазақстан бойынша тұңғыш «Әлихан жолы» жобасы

Павлодарлық жастар Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай Қазақстан бойынша «Әлихан жолымен» шыққан сапары барысында қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметіне қатысты елді мекендерді аралап өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Жобаның жетекшісі Ғабит Хафиздің айтуынша, сапардың алғашқы аялдамасы Семей қаласы болған. Себебі мұнда Әлихан Бөкейханов «Алашорда» партиясының негізін қалаған.

-Қарт Семейдегі іс-шара қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Бұдан кейін автобуспен Алматыға жол тарттық. Оңтүстік шаһардағы «Тұран» университетінде де өнер көрсетіп, алматылықтардың алғысына бөлендік. Артынша, Балқаш көлі арқылы Әлихан атамыздың туған жері Қарағанды облысының Ақтоғай өңіріне аттандық. Жол-жөнекей асханаларға тоқтап, халықтың өтінішімен далада жоспардан тыс екі концерт бердік, - деді Ғабит Хафиз.

Айта кетерлігі, Ақтоғай өңірінің «Талдыбейіт» деп аталатын зиратында Әлихан Бөкейхановтың үш бауыры мен әке-шешесі жерленген. Жоба барысында жастар марқұмдардың зиратына барып, құран бағыштап қайтты.

-Бұл жердің «Талдыбейіт» деп аталуының өзіндік тарихы бар. 111 жыл бұрын Әлихан атамыз осы жерге Бразилиядан тұқымын алып келіп тал еккен. Қазірде жайқалып тұрған алып ағашты бабамыздан қалған тарихи жәдігер десек артық айтпаспыз. Айдың соңында аталмыш сапар жайлы қысқаметражды фильм жарыққа шығады. Ал, жобаның басты мақсаты - ұлт көсемі болған Әлихан Бөкейхановтың мерейтойын елеусіз қалдырмау, - дейді Ғабит Хафиз.

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Әлихан жолы» жобасына 25 павлодарлық жас атсалысты. Олардың құрамында айтыскер ақындар, әнші-күйшілер, тарихшылар мен бишілер бар.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

 
0
0
919

Ақжар ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі бірігіп жасалған іс-шаралар Жоспарына сәйкес, а.ж. 14 маусымда Ақжар ауданында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен Ақжар, Тайынша, Уәлиханов аудандары мемлекеттік орган өкілдерінің, Талшық селосы тұрғындарының қатысуымен жергілікті атқарушы органдарда тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жоспарланған іс-шаралар шеңберінде, аудан орталығының тұрғындары «Нұр Отан» партиясы Ақжар аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардың жеке қабылдау өтетіні ақпараттандырылған. Азаматтарды СҚО мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаев қабылдап, мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі жөнінде сұрақтармен жүгінген Талшық селосының бес тұрғынына қажетті түсіндірмелер берді.

Сонымен қатар, облыстық әкімдік, Мемлекеттік корпорация, Ақжар, Тайынша, Уәліхан аудандары мемлекеттік органдарының басшылары, кадр қызметінің мамандары, заңгерлердің қатысуымен семинар өтті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратпен Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Қ. Қасымов және облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі А.С. Байтеміров сөз сөйледі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңның негізгі жаңалықтары жөнінде Мемлекеттік қызмет басқармасының маманы Г.М. Ыбыраева баяндады. Осыған қоса, семинар қатысушылары мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және қызметтік әдеп талаптарын ұстану мәселелері бойынша тексеріс нәтижелері жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттандырылды. Өзекті мәселелер талқыланып, мүдделі ведомстволар өкілдерімен жауаптар берілді, мемлекеттік органдар мамандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер рәсімдерін жетілдіру мәселесі жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді. Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Семинар аяғында Ақжар, Тайынша, Уәлиханов аудандары мемлекеттік мекемелер өкілдері арасында заңнаманы білуге блиц-сауал өткізілді.       

Күннің екінші жартысында Департамент қызметкерлері «Жастар бастамасы орталығы» КММ бірге Талшық селосындағы ХҚКО-да «Ашық есік күні» акциясын өткізді, іс-шара барысында азаматтардың мемлекеттік қызметтер деңгейімен қанағаттануы туралы әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сауалнамаға 42 адам қатысып, Халыққа қызмет көрсету орталығындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы өзекті сұрақтарға жауап берілді.

Ақжар, Тайынша, Уәлиханов аудандарының білім бөлімдеріне білім мекемелеріне тарату үшін қоғамдық бірлестікпен бірге жасалған мемлекеттік білім қызметтерін алуға стандарттар мен қажетті құжаттар тізімі бар кітапшалар берілді.

 
0
0
737

Ауыр салмақтылар конкурсы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

16.06.2016 ж. Астана қ.

Ақмола облысында  бірінші халықаралық ауыл шаруашылығы «Ұлы Дала 2016» көрме-шеруі өз жұмысын бастады.

Бұл көрмеде астық жинайтын және азық жинайтын техникалардың, трактордың, дәнсепкіштің, тырманың, терең қазғыштың, дискатордың, шөп шабатын машинаның, және басқа техниканың заманауи үлгілері көрсетіледі. Бұл шара техниканың тест-драйвері мен мүмкіншіліктерін көрсетумен жалғасады.
Сондай-ақ, көрме аясында ІҚМ «Ангус» тұқымының конкурсы мен әр түрлі класта чемпион мәртебесін беру конкурсы өткізілді.  «Ангус» тұқымының көрмесінің негізгі мақсаты ангус тұқымының ең жақсы малдарын көрсету; асыл тұқымды жұмыстың жүргізуінің дұрыстығын бағалау және анықтау; ІҚМ Ангус тұқымын өсіру бойынша ең жақсы зауытшылардың жұмыстарының үлгілерін көпшілікке таныстыру; шаруашылықтардың жетістіктерін паш ету.
Қазіргі таңда Ангус тұқымын өсіретін 50-ден астам зауытшылар қызмет етеді. Ангус тұқымының бағалығы мәрмәр етіне сұраныс пен жоғарғы дәмді қасиетінде байқалады, атап айтқанда мәрмәр етіне сұраныс фермерлердің инвестициялық технологияларына ауқымды қаржыны жұмсауына, ғылыми сүйемелдеуіне және осы тұқымның генетикалық мүмкіндігін әрі қарай дамытуға ықпал етеді.

Асыл-тұқымды ірі қара «Ірі қара малдың экспорттық мүмкіндігін арттыру» бағдарламасы шеңберінде 2010 жылдан бастап әкеліне басталы. Қазір импортталған ІҚМ-дың 61%-н Ангустар құрайды.

Анықтама:
Қазақстан Ангусы республикалық палатасында тіркелген асыл тұқымды Ангус тұқымының саны 40 мың бастан асады. 2015 жылдың нәтижесі бойынша 5006 бас Ангус тұқымы сатылды.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

 
0
0
812

БҚО-да Қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік қызметтердің сапасы талқыланды

2016 жылдың 15 маусымында облыстық мәслихаттың мәжіліс залында Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, онда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы М.Нұртазин көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау барысы туралы баяндама оқыды.

Қоғамдық кеңес отырысына саяси партиялардың, атқарушы органдардың, БАҚ-дың өкілдері мен аудандық Қоғамдық кеңестердің төрағалары белсене қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау өз ескертпелері мен ұсныстарын берді.

Атап айтқанда қоғамдық кеңес мүшелеріне жүргізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына Қоғамдық мониторингтің нәтижелерін талқылауын ұсынылды.

 

0
0
438

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2016 жылдың 14 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, онда Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы басшысының есебі тыңдалып, Тасқала және Казталов аудандарының лауазымды тұлғаларының тәртіптік істері қаралды.

- Алдымен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Миржан Мұнайдарұлы Сатқановтың есебі тыңдалып, басқармамен атқарылған жұмыстары оң баға беріліп, басқарма басшысының есебі қаперге алынды.

- ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне БҚО, Тасқала ауданы әкімі аппараты арқылы келіп түскен Тасқала ауданының бірыңғай тәртіптік комиссиясының 06.05.2016 жылғы №2 шешімі негізінде, Тасқала ауылдық округінің әкімі С.Утемисоваға, Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері С.Галиеваға, Қазақстан ауылдық округінің әкімі А.Ташимовқа, Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-бухгалтері Д.Шагироваға және Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері А.Тельжановаға қатысты тәртіптік істері қаралды.

Аталған мемлекеттік қызметкерлердің тараптарынан еңбек ақы төлеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын сақтамай, «ҚР мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс Кодексі туралы» Жарлығының талаптарын бұзуға жол бергендері белгілі болды.

Осы жіберілген кемшіліктер үшін Саягуль Маулетовна Галиевамен Айнур Сейткалиевна Тельжановаға сәйкесінше «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Тасқала, Достық ауылдық округ әкімдеріне жасалса, Светлана Ескабыловна Утемисовамен Алибек Казиханович Ташимовқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Тасқала ауданының әкіміне ұсыныс жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-бухгалтері Данагуль Темиргалиевна Шагирова осы мәселе бойынша «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылуына байланысты, оған қатысты тәртіптік іс тоқтатылды.

- ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне келіп түскен БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылының тұрғыны Д.Қарабаевтың арызын тексеру қорытындысы бойынша толтырылған анықтама негізінде, Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Берденовке қатысты тәртіптік іс қаралды. Аталған тұлға жұмыс уақытында ішімдік ішкен, сонымен қатар, қарамағындағы қызметкерге лауазымдық нұсқаулығына жатпайтын тапсырмалар берген. Қарау нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесі Артур Амантайұлы Берденовке «ҚР мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс Кодексі туралы» Жарлығының талаптарын бұзуға жол бергені үшін, оған «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Казталов ауданының әкіміне ұсыныс жасалды.

 

0
0
362

Солтүстік Қазақстан облысында «Мен Тәуелсіздіктің құрдасымын!» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Ағымдағы жылғы 15 маусымда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Мен Тәуелсіздіктің құрдасымын!» облыстық байқауы өтті.

Шараның басты мақсаты – жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, мемлекеттік қызметті дәріптеу, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтің оң беделін арттыру болып табылды.

Байқауға қатысушылардың құжаттарын қабылдау 2016 жылдың 20 мамыры мен 8 маусымы аралығында жүзеге асырылды. өңіріміздің 30 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілері қатысты. Барлығы 22 үміткер ниет білдіріп, тапсырылған тақырыптарда эссе жазды.

Оның қорытындысы бойынша құрамында жеті мүшеден жасақталған конкурстық комиссия, ең көп ұпай жинаған 10 сайыскерді екінші турға іріктеп алды.

Мемлекеттік қызмет істері облыстық департаментінің басшысы Ғ.С. Тұрсынбаев 2 кезеңді бастамас бұрын, мемлекеттік аппараттың тиімділігі жас мамандардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты екендігін кезекті рет атап өтіп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Байқаудың ақтық кезеңі бағдарламасына сәйкес келесідей талаптар қойылды: «Я Тәуелсіздіктің құрдасымын» тақырыбында өзін-өзі таныстыру рәсімі, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы және мемлекеттік қызмет туралы заңнама туралы сынақ түріндегі зияткерлік тур және соңғы ауызша тур, яғни қатысушылар Қазақстанның тарихи тұлғалары және сәуелт өнерінің құрылымдары туралы өз білімдерін көрсетті.

Байқауға қатысушылардың өнерлері мен білімдеріне тәнті болған әділ-қазылар алқасының шешімімен ІІІ дәрежелі диплом мен ұялы телефонды Ақжар ауданы қазынашылық басқармасының бас маманы – бас қазынашысы С.Қ. Қоқашева жеңіп алды, ІІ дәрежелі диплом және планшетті Аққайың ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Б.М. Ыбыраева иеленді және І дәрежелі диплом мен облыс әкімінің арнайы сыйлығы ноутбукты СҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімі ақпаратты бақылау секторының жетекші маманы А.Қ. Мухамедьяровқа табыстады.

Барлық қатысушылар дипломдар және Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясымен марапатталды.

 
0
0
675

Біз жайлы..

Павлодарлық жастар Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай «Әлихан жолы» жобасы аясында Қазақстан бойынша сапарға шықты, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

«Біз бабамыздың құрметіне арнап, 8-15 маусым аралығында Әлихан атамыз жүріп өткен жерлерде болып қайтпақпыз. Алғашқы пункт - Семей қаласы болмақ. Себебі, Әлихан Бөкейханов «Алаш» партиясын осы қалада құрған.    Қазір еліміздің шығыс өңірінен шығып, оңтүстікке жол тартып барамыз. Амандық болса, 13-маусым күні қазақтың тұңғыш премьер-министрінің туған жері Қарағанды облысының Ақтоғай елді мекеніне келуді жоспарлап отырмыз. Павлодарға 15 маусым күні ораламыз», — деді жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы Ғабит Хафиз Ғабит Хафиз.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба аяқталғаннан кейін сапар жайлы қысқаметражды фильм түсіріледі. Сонымен қатар,  Әлихан Бөкейхановтың атындағы музейлер мен саябақтарда жастармен кездесулер ұйымдастырылып, «Ертіс-Баянауыл» аймағының атынан концерт  өткізіледі. Сапарға шыққан 25 адамның барлығы өнерге жақын жандар. Олардың ішінде айтыскер ақындар мен әншілер, жас тарихшылар, этногрофтар бар.

 

Айта кетерлігі, Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы.

 

Еске сала кетейік, жыл сайын Баянауылдың Жасыбай демалыс аймағында Қазақстан Республикасының және таяу шет елдерден келген жастар үшін «Жас көшбасшылар мектебін» өткізуді дәстүрге айналдырған Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы 2012 жылы құрылған. Мұнда аймақтық жастар саясаты қызметі бойынша түрлі қызмет көрсетіледі.  Орталық қызметінің бірінші бағыты -  қоғамның белсенді мүшелерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.  Өткен жылы Павлодар облысында жастар саясатын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 11 млн 923 мың теңге бөлінген.

 
1
0
459

Әлихан Бөкейхановтың ізімен

Керекулік жастар Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай «Әлихан жолы» жобасы аясында Қазақстан бойынша сапарға шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы, жобаны ұйымдастырушылардың бірі Ғабит Хафиздің айтуынша, отрядта 25 адам бар.
Біз бабамыздың құрметіне арнап, 8-15 маусым аралығында Әлихан атамыз жүріп өткен жерлерде болып қайтпақпыз. Алғашқы барар жеріміз Семей қаласы болмақ. Себебі, Әлихан Бөкейханов «Алаш» партиясын осы қалада құрған. Барған жерде «Ертіс-Баянауыл» аймағының атынан концерт қоямыз. Сосын, оңтүстікке жол тартамыз. Амандық болса, 13-маусым күні қазақтың тұңғыш премьер-министрінің туған жері Қарағанды облысының Ақтоғай елді мекеніне келуді жоспарлап отырмыз. Павлодарға 15-маусым күні ораламыз, дейді Ғабит Хафиз.
Әлихан ізімен жоспарланған жоба аяқталғаннан кейін сапар жайлы қысқаметражды фильм түсіріледі. Айта кетерлігі, сапарға шыққан 25 адамның барлығы өнерге жақын жандар. Олардың ішінде айтыскер ақындар мен әншілер, жас тарихшылар, этногрофтар бар.

Әзірлеген Ғазиз Құрмашұлы

http://munara.kz/other/author1kaz/2016/06/09/alihan-bokeihanov-izimen.html


 
0
0
643

Қазақстандық судьялар Германияға жұмыс сапарымен барып қайтты

Ағымдағы жылғы 7-10 маусым аралығында Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ) қолдауымен Қазақстан Жоғарғы Сотының делегациясы «Тергеу судьяларының өкілеттіктері» бағдарламасы шеңберінде Германияның Берлин және Потсдам қалаларына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Қазақстандық делегацияның құрамына Жоғарғы Соттың судьясы Роза Жакудина, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко, Астана қалалық сотының судьясы Гүлнар Мергенова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Нұрмаханбет Елемесов және Алматы қаласы аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов кірді.

Сапар шеңберінде қазақстандықтар Бранденбург өлкесінің Полиция басқармасының өкілі, «Құқық» бөлімі штабының жетекшісі Бернд Кальтхоффпен, Әділет және тұтушылардың құқықтарын қорғау федералдық министрлігінің өкілдері Шёнфлайш-Баковенмен және доктор Клауспен, Бремен қалалық учаскелік судьяның вице-президенті Эллен Бестпен, Потсдам қалалық Өлкелік сотының президенті Дирк Элертпен, осы соттың судьялары Андреас Дилитцпен, Тэо Хорсткёттермен және Йорг Тиманмен кездесті.

Қазақстандық судьялар Германияның сот құрылысымен, тергеу судьяларының жұмысымен, араласушылық туындаған жағдайда олардың құзырет деңгейімен, тергеу әрекеттерін іс жүзінде санкциялау тәртібімен танысты.

Кездесу барысында тараптар алдын-ала тергеу және қылмыстық процесс, айыпталушының Конституцияға сәйкес құқықтары, тергеу судьяларының өкілеттіктерін арттыру мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstandyk-sudyalar-germaniyaga-zhumys-saparymen-baryp-kaytty

 
0
0
402