Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақжар ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі бірігіп жасалған іс-шаралар Жоспарына сәйкес, а.ж. 14 маусымда Ақжар ауданында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен Ақжар, Тайынша, Уәлиханов аудандары мемлекеттік орган өкілдерінің, Талшық селосы тұрғындарының қатысуымен жергілікті атқарушы органдарда тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жоспарланған іс-шаралар шеңберінде, аудан орталығының тұрғындары «Нұр Отан» партиясы Ақжар аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардың жеке қабылдау өтетіні ақпараттандырылған. Азаматтарды СҚО мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаев қабылдап, мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі жөнінде сұрақтармен жүгінген Талшық селосының бес тұрғынына қажетті түсіндірмелер берді.

Сонымен қатар, облыстық әкімдік, Мемлекеттік корпорация, Ақжар, Тайынша, Уәліхан аудандары мемлекеттік органдарының басшылары, кадр қызметінің мамандары, заңгерлердің қатысуымен семинар өтті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратпен Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Қ. Қасымов және облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі А.С. Байтеміров сөз сөйледі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңның негізгі жаңалықтары жөнінде Мемлекеттік қызмет басқармасының маманы Г.М. Ыбыраева баяндады. Осыған қоса, семинар қатысушылары мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және қызметтік әдеп талаптарын ұстану мәселелері бойынша тексеріс нәтижелері жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттандырылды. Өзекті мәселелер талқыланып, мүдделі ведомстволар өкілдерімен жауаптар берілді, мемлекеттік органдар мамандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер рәсімдерін жетілдіру мәселесі жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді. Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Семинар аяғында Ақжар, Тайынша, Уәлиханов аудандары мемлекеттік мекемелер өкілдері арасында заңнаманы білуге блиц-сауал өткізілді.       

Күннің екінші жартысында Департамент қызметкерлері «Жастар бастамасы орталығы» КММ бірге Талшық селосындағы ХҚКО-да «Ашық есік күні» акциясын өткізді, іс-шара барысында азаматтардың мемлекеттік қызметтер деңгейімен қанағаттануы туралы әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сауалнамаға 42 адам қатысып, Халыққа қызмет көрсету орталығындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы өзекті сұрақтарға жауап берілді.

Ақжар, Тайынша, Уәлиханов аудандарының білім бөлімдеріне білім мекемелеріне тарату үшін қоғамдық бірлестікпен бірге жасалған мемлекеттік білім қызметтерін алуға стандарттар мен қажетті құжаттар тізімі бар кітапшалар берілді.

 
0
0
689

Осы тақырып бойынша

Ақжар ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді - Yvision.kz