Персоналды басқару қызметіне әдістемелік көмек көрсетілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыстың мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
Ағымдағы жылғы 16 мамырда Департамент Зеренді ауданының әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметіне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыс өткізді.
Іс-шара барысында кадр қызметінің қызметшілеріне мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнаманың негізгі талаптары бойынша, қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру, конкурс өткізу мен мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, сонымен қатар, тәлімгерлікті ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аудару бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Туындаған сұрақтарға толық жауап берілді.
