Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық судьялар Германияға жұмыс сапарымен барып қайтты

Ағымдағы жылғы 7-10 маусым аралығында Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ) қолдауымен Қазақстан Жоғарғы Сотының делегациясы «Тергеу судьяларының өкілеттіктері» бағдарламасы шеңберінде Германияның Берлин және Потсдам қалаларына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Қазақстандық делегацияның құрамына Жоғарғы Соттың судьясы Роза Жакудина, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко, Астана қалалық сотының судьясы Гүлнар Мергенова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Нұрмаханбет Елемесов және Алматы қаласы аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов кірді.

Сапар шеңберінде қазақстандықтар Бранденбург өлкесінің Полиция басқармасының өкілі, «Құқық» бөлімі штабының жетекшісі Бернд Кальтхоффпен, Әділет және тұтушылардың құқықтарын қорғау федералдық министрлігінің өкілдері Шёнфлайш-Баковенмен және доктор Клауспен, Бремен қалалық учаскелік судьяның вице-президенті Эллен Бестпен, Потсдам қалалық Өлкелік сотының президенті Дирк Элертпен, осы соттың судьялары Андреас Дилитцпен, Тэо Хорсткёттермен және Йорг Тиманмен кездесті.

Қазақстандық судьялар Германияның сот құрылысымен, тергеу судьяларының жұмысымен, араласушылық туындаған жағдайда олардың құзырет деңгейімен, тергеу әрекеттерін іс жүзінде санкциялау тәртібімен танысты.

Кездесу барысында тараптар алдын-ала тергеу және қылмыстық процесс, айыпталушының Конституцияға сәйкес құқықтары, тергеу судьяларының өкілеттіктерін арттыру мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstandyk-sudyalar-germaniyaga-zhumys-saparymen-baryp-kaytty

 
0
0
354

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық судьялар Германияға жұмыс сапарымен барып қайтты - Yvision.kz