БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді
2016 жылдың 14 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, онда Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы басшысының есебі тыңдалып, Тасқала және Казталов аудандарының лауазымды тұлғаларының тәртіптік істері қаралды.
- Алдымен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Миржан Мұнайдарұлы Сатқановтың есебі тыңдалып, басқармамен атқарылған жұмыстары оң баға беріліп, басқарма басшысының есебі қаперге алынды.
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне БҚО, Тасқала ауданы әкімі аппараты арқылы келіп түскен Тасқала ауданының бірыңғай тәртіптік комиссиясының 06.05.2016 жылғы №2 шешімі негізінде, Тасқала ауылдық округінің әкімі С.Утемисоваға, Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері С.Галиеваға, Қазақстан ауылдық округінің әкімі А.Ташимовқа, Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-бухгалтері Д.Шагироваға және Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері А.Тельжановаға қатысты тәртіптік істері қаралды.
Аталған мемлекеттік қызметкерлердің тараптарынан еңбек ақы төлеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын сақтамай, «ҚР мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс Кодексі туралы» Жарлығының талаптарын бұзуға жол бергендері белгілі болды.
Осы жіберілген кемшіліктер үшін Саягуль Маулетовна Галиевамен Айнур Сейткалиевна Тельжановаға сәйкесінше «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Тасқала, Достық ауылдық округ әкімдеріне жасалса, Светлана Ескабыловна Утемисовамен Алибек Казиханович Ташимовқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Тасқала ауданының әкіміне ұсыныс жасалды.
Сонымен қатар, Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-бухгалтері Данагуль Темиргалиевна Шагирова осы мәселе бойынша «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылуына байланысты, оған қатысты тәртіптік іс тоқтатылды.
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне келіп түскен БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылының тұрғыны Д.Қарабаевтың арызын тексеру қорытындысы бойынша толтырылған анықтама негізінде, Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Берденовке қатысты тәртіптік іс қаралды. Аталған тұлға жұмыс уақытында ішімдік ішкен, сонымен қатар, қарамағындағы қызметкерге лауазымдық нұсқаулығына жатпайтын тапсырмалар берген. Қарау нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесі Артур Амантайұлы Берденовке «ҚР мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс Кодексі туралы» Жарлығының талаптарын бұзуға жол бергені үшін, оған «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Казталов ауданының әкіміне ұсыныс жасалды.
