Солтүстік Қазақстан облысында «Мен Тәуелсіздіктің құрдасымын!» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Ағымдағы жылғы 15 маусымда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Мен Тәуелсіздіктің құрдасымын!» облыстық байқауы өтті.

Шараның басты мақсаты – жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, мемлекеттік қызметті дәріптеу, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтің оң беделін арттыру болып табылды.

Байқауға қатысушылардың құжаттарын қабылдау 2016 жылдың 20 мамыры мен 8 маусымы аралығында жүзеге асырылды. өңіріміздің 30 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілері қатысты. Барлығы 22 үміткер ниет білдіріп, тапсырылған тақырыптарда эссе жазды.

Оның қорытындысы бойынша құрамында жеті мүшеден жасақталған конкурстық комиссия, ең көп ұпай жинаған 10 сайыскерді екінші турға іріктеп алды.

Мемлекеттік қызмет істері облыстық департаментінің басшысы Ғ.С. Тұрсынбаев 2 кезеңді бастамас бұрын, мемлекеттік аппараттың тиімділігі жас мамандардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты екендігін кезекті рет атап өтіп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Байқаудың ақтық кезеңі бағдарламасына сәйкес келесідей талаптар қойылды: «Я Тәуелсіздіктің құрдасымын» тақырыбында өзін-өзі таныстыру рәсімі, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы және мемлекеттік қызмет туралы заңнама туралы сынақ түріндегі зияткерлік тур және соңғы ауызша тур, яғни қатысушылар Қазақстанның тарихи тұлғалары және сәуелт өнерінің құрылымдары туралы өз білімдерін көрсетті.

Байқауға қатысушылардың өнерлері мен білімдеріне тәнті болған әділ-қазылар алқасының шешімімен ІІІ дәрежелі диплом мен ұялы телефонды Ақжар ауданы қазынашылық басқармасының бас маманы – бас қазынашысы С.Қ. Қоқашева жеңіп алды, ІІ дәрежелі диплом және планшетті Аққайың ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Б.М. Ыбыраева иеленді және І дәрежелі диплом мен облыс әкімінің арнайы сыйлығы ноутбукты СҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімі ақпаратты бақылау секторының жетекші маманы А.Қ. Мухамедьяровқа табыстады.

Барлық қатысушылар дипломдар және Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясымен марапатталды.
