Мазмұнға өту

Жаңа

Жазғанын көремізде пешенеге

Қазақпыз сәл нәрсеге қаупаңдайтын, 
Жаяуы аттылыға жаутаңдайтын.
Болмасаң болғандардың қосын жек деп,
Алдына жағынудан жан салмайтын.

Мәз болып ұлықтарға ұнағанға,
Теңейміз анаған да, мынаған да.
Қасынан ертеңгі күн табылмаймыз,
Сол шіркін мінген аттан құлағанда.

Болмашы атағы үшін дабырайған,
Асырып жібереміз Абылайдан.
Табылар Абайдың да баламасы,
Білмеймін пайда боп жүр бәрі қайдан.

Қай қоғам қандай түсім түсінбедім
Өзім де сол тобырдың ішіндемін.
Қола емес, ол аз десең алтындатып,
Тірінің тіктеп жатыр мүсіндерін.

Келгенде шежіреге қосары көп,
Ауызын бір-бірінің тосады кеп.
Қазақы мүдде десе бәрі мылқау,
Кісімсіп шіренгенде осалы жоқ.

Жемқордың атын беріп көшелерге,
Ұқсамай барамыз-ау өсер елге.
Әй, қойшы таусылардай не көрінді,
Жазғанын көремізде пешенеге.

Зияділлә Әбдіхалықұлы
("Жанымның жасыл желегі" атты өлеңдер жинағынан, 2013 жыл)

2
2
433

Қазақстан кімнің отары?

Ата-бабамыздан “Азға – қанағат, барға – тәуба, жоққа – сабыр” деген сөз қалған. Дүниеде барға қанағат етіп, әр күніне шүкіршілік ететін адамдар бар. Дегенмен солармен қатар, берген сайын ала беретін, көзі тоймайтын қанағатсыз адамдар да баршылық. Жоқтыққа еті үйренген кедей, күн көзін көргеніне қуанса, байлыққа құныққан адамға мұндай қарапайым өмір қуанышы мүлде жат. Егер бұл дүниеге қалай келсек, солай кететінімізді естен шығармасақ, бәлкім кедейшілік, аштық секілді түсініктер болмас па еді? Өмірдің негізі адамдар арасындағы қарым-қатынасқа құрылатынын және дүниенің алма-кезектігін ескеріп, барымызбен бөлісіп, адамдарды тапқа бөлмей, өз бауырымыздай көрсек бұл заман өзгеше болар еді. Біз өмір сүріп жатқан кезеңде, бір жерлерде халық бейбітшілікке, тәуелсіздікке, тіпті суға зәру болып жатса, енді бір жерде адамдар тек ақшаға зәру. Тек екі жақтың қажеттілігі мен түсінігі екі түрлі. Ақшаға деген зәрулік ол қанағатсыздықтан туатын дүниеқұмарлық қана. Ал енді бұл нәрсеге өзге қырынан қарайтын болсақ, кедейшілік, аштық секілді қиын жағдайлардың болуы қоғамға қажет екенін түсінеміз. Себебі, егер ондай түсініктер болмаса, біз бәлкім қанағат деген нәрсені түсінбес едік. Сондай қиын жағдайға түспес үшін көбіміз тырысып еңбек етеміз. Ол бізге бір серпін беріп, биіктерге ұмтылдырады. Ертеңімізге деген алаңдаушылық сезімі бізге бүгін және дәл қазір әрекет етуді талап етеді. Өзге елдерде жүргізіліп жатқан астыртын отаршылдық саясаты біздің елімізді де айналып өтпесі анық. Соған қарамастан, ата-бабамыздың аманат еткен жерін сақтап, елімізді дамытып, көркейтуге бар күшімізді жұмылдыруымыз керек. Жасай бер, ҚАЗАҚСТАН!!!

2
0
2293

Астана – тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерінің куәсі

Астана күні – республикамызда тұңғыш рет мемлекеттік мереке ретінде 2009 жылы тойланған болатын. Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мерекелер туралы» Заңға толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы мақұлданып, сол күннен бастап «Астана күні» жаңа мемлекеттік мереке болып мерекелік күнтізбеге енгізілді.

Осындай айтулы күнді ресми түрде атап өту Ішкі істер департаментінде игі дәстүрге айналды. Қызылордалық полицейлер бұл жолы да өздерінің қалыптасқан әдеттерінен таңбай, 05 шілде күні департаменттің үлкен мәжіліс залында бас қосып, мерекелік көңіл-күймен атап өтті.

Шара барысында облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов сөз алып, аталмыш мерекенің қазақ тарихында алар орны зор екендігін атап өтіп, ішкі істер органдары ардагерлерін, қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, шарада  марапаттау жайлы бұйрық ресми түрде оқылып, департамент бастығының құзырымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен 114 полиция қызметкері марапатталды. Атап айтқанда, ОІІД-нің Жедел жоспарлау басқармасының бастығы полиция полковнигі Құтыбаев Ербол Рахымұлы, Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Уразов Қуанышбек Серікбайұлы, Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция подполковнигі Утеев Кемаладин Сражадинұлы, Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Балдақов Маратбек Ізбасарұлы  «Құрмет грамотасына» ие болды.

Шара соңында полиция қызметкерлерінің назарына «Астана күні» мерекесіне арнайы түсірілген Астананың құрылуы мен бой көтеруінен сыр шертетін хроникалық деректі фильм ұсынылды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
719

Қайрат Мәми Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, оның сот жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтті

Жоғарғы Сотта өткен кеңесте жоғары сот органының төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бұрынғы басшысы Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтады.

«Ақтөбе – еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі қала. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ақтөбе қаласын заманауи урбанистикалық орталыққа айналдыру міндетін жүктеп отыр», - деді Қ.Мәми. Ол Мемлекет басшысының күрделі әрі маңызды қаланы басқару міндетін І.Испановқа сеніп тапсыруын оның қызметіне берілген жоғары баға болып табылатындығын атап өтті.

«Ілияс Сапарбекұлы өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды, білікті әрі талантты басшы ретінде электронды сот төрелігін дамытуға, соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және жалпы алғанда, республиканың сот жүйесін жаңғыртуға өзінің қомақты үлесін қосты», - Жоғарғы Сот Төрағасы.

Жаңа қызметіне сәттіліктер тілей отырып, Қ.Мәми І.Испановты сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі, көп жылғы мінсіз қызметі үшін ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапаттады.

Жоғарғы Сот судьялары мен Департамент қызметкерлері І.Испановқа өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді.

Өз кезегінде, І.Испанов Жоғарғы Соттың басшылығына, судьялары мен аппарат қызметкерлеріне бірлесе нәтижелі жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kayrat-mmi-iliyas-ispanovty-aktobe-kalasynyn-kimi-bolyp-tagayyndaluymen-kuttyktap-onyn-sot

Батырхан Шүкеновтің соңғы арманы орындалды

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы Астана күніне орай Батырхан Шүкеновтің орындауындағы «Жүрегімде Астана» атты әннің клипінің премьерасын өткізді.

«Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайнар Олжайдың айтуынша, Батырхан Шүкеновтің соңғы арманы - осы әнге клип түсіру болған екен.

«Корпорация Астана күніне арнап, жыл сайын бір-бір бейнебаян түсіруді қолға алғанбыз. Бұл 2013 жылы басталған үрдіс болатын. Тек қана таңдаулы, тек қана Астанаға арналған ең үздік шығармаға жылына бір-ақ рет бейнебаян түсіріп келеміз. Бірінші рет Ринат Гайсиннің «Астана - менің мақтанышым» атты музыкалық премьерасын ұсынған болатынбыз. Екінші жылы  Айман Мұсақожаеваның «Әншілер академиясы» деген туындысына клип түсірдік. Биылғы клипті ерекше дарын иесі, қайталанбас әнші, керемет ұйымдастырушы, халықтың сүйіктісіне айналған Батырхан Шүкеновтің соңғы туындысына арнауды жөн көрдік. Оның соңғы арманы - осы әнге клип түсіру еді», - дейді Қ.Олжай.

Жалпы, бұл ән өткен жылы Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың арнайы шығарған «Аманат» атты соңғы альбомына кiрген. Бейнеклип Астананың түрлi аймақтарында түсiрiлген және онда елорданың ең көрiктi деген жерлерi мен ең зәулiм ғимараттары көрiнiс тапқан. Отандық кинематография саласында алғаш рет арнайы эффектiлердi жасау мақсатында анаморфотты кинообъективтер пайдаланылған. Түсiрiлiмге Роза Рымбаева, Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Мақпал Исабекова, Майра Мұхамедқызы, Дильназ Ахмадиева, қатысқан.

Әннің сөзін ақын Шөмiшбай Сәриев жазса, әуені композитор Ренат Гайсиндікі. Бейнебаян бүгіннен бастап телеарналар мен интернет желісінде пайда болады.

 
0
0
558

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында көкжөтелмен сырқаттану 7 еседен аса төмендеді

Соңғы 25 жылда Қазақстанда вакцинациялаумен кең көлемді қамту шаралары нәтижесінде көкжөтелмен сырқаттану деңгейі ересектер арасында 7,6 есеге, балалар арасында 7,5 есеге төмендеді.

2015 жылы ересектер арасындағы көкжөтелдің 74 жағдайы (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,43) тіркелді, 1991 жылы 562 жағдай (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3,34) болған еді. Сонымен бірге, балалар арасындағы көкжетелдің 74 жағдайы (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1,63) тіркелді, 1991 жылы 555 жағдай (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 10,4) тіркелген болатын.

Көкжөтел – ауа-тамшы жолымен жұғатын, интоксикациямен, спазматикалық жөтелу ұстамаларымен және құсумен сипатталатын жіті антропонозды бактериалдық инфекция. 2 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.

Инфекцияның жалғыз көзі ауру адам болып табылады. Барлық адамдар (балалар және ересектер) көкжөтелді өте тез қабылдайды. Иммунитеттің төмендеуі кезінде ауру адаммен тығыз қатынаста болған жағдайда сырқаттану қауіпі 100 % жетеді. Алайда, ауру адаммен тығыз қатынаста болған жағдайда ғана көкжөтелді жұқтыруға болады, өйткені инфекция қоздырғышының таралуы 2-3 метрден аспайды.

Инкубациялық кезеңі орташа алғанда 5-9 күнді құрайды, алайда 3 тен 20 күнге жетуі мүмкін.

Көкжөтел балалар өмірінің бірінші айында аса ауыр, кей жағдайда өлім-жітіммен өтеді. Емшектегі балаларда бірнеше жөтелуден кейін демалысы қысқа мерзімге тоқтауы мүмкін (бірнеше секундттардан бір минутқа дейін және одан аса), бұл адам өміріне өте қауіпті. Пневмония (бронхопневмония) түріндегі және энцефалопатия (бас миындағы өзгерістер, құрысу салдарынан өлім-жітімге алып келуі мүмкін және өзінен кейін тұрақты зақымдаулар қалдырады, кереңдік немесе эпилептикалық ұстамалар) түріндегі асқынулар жиі кездеседі.

Балаларда аурудың алдын-алудың негізгі әдісі вакцинациялау болып табылады. Қазіргі кезде 5 валентті (көкжөтел, дифтерия, сіреспе, сал ауруы, b типті гемофильді инфекция) және 6 валентті вакциналар (көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, b типті гемофильді инфекция, гепатит В) жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Вакцинациядан бас тарту -  инфекцияға бейім адамдардың санын арттыруға және сырқаттанушылықтың бұр етпесін тудыруы мүмкін.

 
0
0
382

Соңғы 13 жылда Қазақстанда 133 мыңнан астам телемедициналық консультация өткізілді

Қазақстанда 2004 жылдан 2016 жылға дейін медицина ұйымдарының пациенттері 133 мың 392 телемедициналық консультация арқылы жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды.

Тек 2015 жылы әртүрлі нозологиялар бойынша 24 мың 970 телемедициналық консультация өткізілді. Ерекше қажет болған консультациялар: кардиология бойынша 5 мың 600 сеанс, пульмонология бойынша – 3 мың 215 сеанс, неврология бойынша – 2 мың 251 сеанс және тағы басқалары.

Бүгінгі күні Ұлттық телемедицина желісі (бұдан әрі - ҰТЖ) еліміз бойынша 199 денсаулық сақтак нысанын біріктіреді және аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерге бөлінеді. Аудандық деңгейдегі (141 аудандық және қалалық аурухана) медицина ұйымдарының қызметкерлері консультацияларды облыстық ауруханалар мен республикалық медицина орталықтарындағы әріптестерінен ала алады.

Телемедицинаның көмегі арқылы дұрыс диагнозды дер кезінде қою және емдеу, медицина қызметкерлеріне пациенттерге медициналық көмекті шұғыл көрсетуге, азаматтардың жол жүру шығындарын қысқартуға, сондай-ақ, медицина ұйымдарының облыстық және республикалық клиникаларға ауыр жағдайдағы пациенттерді жеткізу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

ҰТЖ денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс тәртібінде селекторлық жиындар мен республикалық штабтарды  өткізу үшін пайдаланылады

Медицина ЖОО-ның, республикалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының мамандары бейінді аурулар бойынша облыстық, аудандық ауруханаларының медицина қызметкерлері үшін телевизиялық оқыту лекциялары мен семинарларын өткізеді.

Қазақстанда 2004 жылдан бері  Ұлттық телемедицина желісін құру және дамыту жөніндегі жоба іске асырылып жатқанын естеріңізге саламыз. Ол пациенттерге облыстық және республикалық медицина орталықтарының орналасқан жерлері мен қашықтығына қарамастан білікті дәрігерлердің телемедициналық консультацияларын алу үшін арналған. ҰТЖ мамандандырылған  және жоғары мамандандырылған  медициналық көмектің қолжетімділігіндегі республиканың қала және ауыл тұрғындары арасындағы айырмашылықты жоюға мүмкіндік береді.

 
0
0
386

үштілділік бағдарлама

Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үш тілде білім беру мәселесі аясында жаңаша ой-пікір білдірген болатын. Министрдің пайымдауы бойынша, үштілділік бағдарлама негізінде ағылшын тілі емес, қазақ тілі болуы тиіс. Бүгінде елімізде орыс тілінде білім алатын 500 мың оқушы қазақ тілін меңгермеген. Осыған байланысты,  ҚР Білім және ғылым министрлігі, үш – төрт жылдың ішінде аталған жарты миллион мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретпек. Бұл мақсатқа жету жолында ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен  қазақ тілін меңгерудің жаңа әдістемесі әзірленуде. “Аталған әдістеме озық ғылыми зерттеулердің негізінде болады”,- дейді Е.Сағадиев. Өз кезегінде, бұл қазақ тілін алты айда толық меңгеріп шығуға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған өзгерістерге қарап, жақын болашақта еліміздегі барлық балалар қазақ тілінде сөйлейтініне сеніміміз мол.

 
0
0
782

Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.

Ол түні Атырауда боламын деп ойламаған ем. Мың айдан да қадірлі, Жәбірейіл адамдарға қызмет ететін күні еліміздің батысында боламын деп ойламаған едім. Сәтіміз келіп, сапарымыз оңымыздан шығып осы бір қалаға жетіп қалдық.

Атыраудың орталық мешіті "Иманғали" деп аталады, Атыраудың қақ ортасынан орын алған бұл ғимараттың паркімен бірге алғандағы аумағы 10 мың шаршы метрге жуық, ал жекелей алғанда 1300 шаршы метр.

Биіктігі 23 метр болатын күмбезінің диаметрі 7 метр, екі жағынан 26 метр болатын екі мұнарасы бар. Исатай-Махамбет ескерткішінен 5 минуттық жолда, жан-жағы банктерге толы, қаланың орталық алаңында орналасқан.

Уақыт түнгі 11-ден асқан сәтте бұл мешіт жаққа такси ұстап жетіп қалдық. Адамдардың көптігі таң қалдырды, алайда, мешіт ауласының әр сантиметрінде бір адам жүргендей көрінді маған.

Ер азаматтар кезектесіп, намаз оқуға асығуда. Алдыменен дәрет алу бөлмесіне, сондықтан, намаз оқып жатқан әйелдердің алдынан өтуге тура келеді.

Ер азаматтар намаз оқып жатыр, ол жаққа өтуге мүмкіндік жоқ.

Мешіттің ауласы өте кішкентай, тұрғызылған үш киіз үйден артық салуға мүмкіндік жоқ. Тіккіңіз келсе де.

Кәрісі мен кішісіне қарамастан намазға жығылған үммет.

 

Аула сыртында, дәлірегі, оратлық алаңда, дәлірек айтсақ, жайнамаз ұстаған жандар көп. Мешіттің ішінен орын табылмағандықтан жамағатпен бірге намаз оқымасқа мешіт ауласымен оның жанындағы территорияда "жайғасады".

Аулы ішінде осындай қазандықтар орантылған. Сәресіне дайындалып жатыр. Ошақ басында жүрген еркектер.

Ас бар жерде балалар да бар, мына жігіт ағасына асарлатып жатыр.

Ет дайындалып жатыр. Сәресіне әлі 4  сағат бар.

Ошақ етті күтуде.

Киіз үйлердің жақындығынан адамдардың кептелісі қатты білінуде. Бір жағы кіріп, бір жағы шыққанша көп уақыт кетеді.

Бұл адамдардың қазіргі таңда бір ғана ойлағаны бар...

Біреулерді күтіп жатыр.

Тарауық оқылып біткенше, шай да қайнап қалады.

Мешіттің іші небәрі 600 адамға арналған. Салыстырып қарасақ, Алматы орталық мешіті 7000 адамды қабылдай алады, 10 000 адамдық   Хазірет Сұлтан, Павлодардың Мәшһүр-Жүсіп мешіті 2000 ер адам мен 500 айел адамды қабылдай алады. Осы бір фитнес-орталықты алып тастап, мешіттің ғимаратын созса қалай болар еді.

Үлкен мешіттің қажеттілігі орталық алаңға шыққанда бірден көзге түседі. Тақия киіп, хиджабқа оранған Пайғамбар (с.ғ.с) үмметі көптеп серуен құруда.

Құқық қорғаушылар өте аз көрінді алаңда. Осыған қарағанда, мешітте үлкен шенеуніктер жоқ-ау...

Бесігінен құранды үйретіп, жасының баласына намаз үйрететін, 200 мың қазағы мен шетелдік азаматтарға толы "мұнайлы астананың" мен көрген ислами әлемі осындай.

 

4
0
1798

Менің жүрегімде Павлодар

Демалыс күндері, Арбат шығармашылық жастар көрмесінің аясында, Гагарин атындағы жастар саябағында қаламыздың тағы бір көрікті жеріне айналатын - «Менің жүрегімде Павлодар» стелласының ашылу салтанаты өтті.

Қазақстанның түгел дерлік қалаларында қала тұрғындары өз өңіріне деген ыстық махаббатын білдіретін тамаша стелла орнатылған.

Павлодар өңірі де, стелла нобайын дайындау ұсынысымен шыққан Жастар бастамаларын дамыту орталығының арқасында шетте қалмады. Аталмыш бастаманы қала билігі қолдап, жаңа туындыны қарқынды дамып келе жатқан Гагарин саябағында орнату шешімі қабылданды.

«Менің жүрегімде Павлодар» - осы өңірден белгілі бір себептермен көшіп кеткендерден, Павлодарда бұрыннан тұратындардан, яғни өз қаласын Жер шарындағы ең үздік қала санайтындардан естуге болатын сөз.

Қала тұрғындары бұл туындыны жақсы бағалап, жаңа көрнекіліктің аясында суретке түсуге асықты.

Ал дәл осы уақытта, Арбат көрмесінде, тілек білдіргендер дәлдік пен жылдамдықты талап ететін «Lazertag» жаңа сауығын тегін түрде сынауға мүмкіндік алды. Жастар лазерлі қару көмегімен қиын кедергілерді өтіп, нысанға дәл тиюге тырысты.

Үздік нәтижеге қол жеткізуде қатысушыларға жанкүйерлердің де қолдауы аса маңызды болды! Кедергілер алабын өткеннен кейін барлығы жарқын әсерде болды. Жастардың көпшілігі өздерінің дала жиындарын еске түсірді.

Дәстүр бойынша, Арбат кезінде қолөнершілер өз туындыларын таныстыратын, ал стреет-арт шеберлері граффити өнерін көрсететін шығармашылық алаңдар жұмыс жасады.

1
0
887