Қазақстан кімнің отары?

Ата-бабамыздан “Азға – қанағат, барға – тәуба, жоққа – сабыр” деген сөз қалған. Дүниеде барға қанағат етіп, әр күніне шүкіршілік ететін адамдар бар. Дегенмен солармен қатар, берген сайын ала беретін, көзі тоймайтын қанағатсыз адамдар да баршылық. Жоқтыққа еті үйренген кедей, күн көзін көргеніне қуанса, байлыққа құныққан адамға мұндай қарапайым өмір қуанышы мүлде жат. Егер бұл дүниеге қалай келсек, солай кететінімізді естен шығармасақ, бәлкім кедейшілік, аштық секілді түсініктер болмас па еді? Өмірдің негізі адамдар арасындағы қарым-қатынасқа құрылатынын және дүниенің алма-кезектігін ескеріп, барымызбен бөлісіп, адамдарды тапқа бөлмей, өз бауырымыздай көрсек бұл заман өзгеше болар еді. Біз өмір сүріп жатқан кезеңде, бір жерлерде халық бейбітшілікке, тәуелсіздікке, тіпті суға зәру болып жатса, енді бір жерде адамдар тек ақшаға зәру. Тек екі жақтың қажеттілігі мен түсінігі екі түрлі. Ақшаға деген зәрулік ол қанағатсыздықтан туатын дүниеқұмарлық қана. Ал енді бұл нәрсеге өзге қырынан қарайтын болсақ, кедейшілік, аштық секілді қиын жағдайлардың болуы қоғамға қажет екенін түсінеміз. Себебі, егер ондай түсініктер болмаса, біз бәлкім қанағат деген нәрсені түсінбес едік. Сондай қиын жағдайға түспес үшін көбіміз тырысып еңбек етеміз. Ол бізге бір серпін беріп, биіктерге ұмтылдырады. Ертеңімізге деген алаңдаушылық сезімі бізге бүгін және дәл қазір әрекет етуді талап етеді. Өзге елдерде жүргізіліп жатқан астыртын отаршылдық саясаты біздің елімізді де айналып өтпесі анық. Соған қарамастан, ата-бабамыздың аманат еткен жерін сақтап, елімізді дамытып, көркейтуге бар күшімізді жұмылдыруымыз керек. Жасай бер, ҚАЗАҚСТАН!!!
