Мазмұнға өту

Жаңа

Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің тиімді әдістері

2016 жылдың 28 маусым күні «БҚО бойынша Болашақ» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің тиімді әдістері» атты семинар-тренинг өтті.

Шараға жастар ұйымдарының көшбасшылары, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі, үкіметтік емес ұйым жетекшілер мен журналисттер  қатысты.

Семинар-тренингте белгілі интернет жүргізушілер Нартай Әшім, Максим Рожин, Артур Нигметов өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік желіні дамыту бойынша шеберліктерін көрсетті.

0
0
917

Т. Дүйсенова халық алдында ҚР ДСӘДМ жұмысы бойынша есеп берді

Бүгін Қазмедиа орталығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың тұрғындармен кездесуі өтті. Шара барысында ҚР ДСӘДМ басшысы азаматтарға министрліктің медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атқарып отырған жұмысы туралы мәлімдеді. Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ішкі істер, қаржы, әділет, энергетика, қорғаныс, білім және ғылым, ауылшаруашылық, ақпарат және коммуникациялар, мемлекеттік қызмет жөніндегі министрліктерінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Тамара Дүйсенованың халық алдындағы есептік кездесуіне ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қо…

0
0
442

Дөңгелек үстелдер сериясы жалғасуда

А.ж. 28 маусымда Степногорск қаласында «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов қатысты. Іс-шараға аудан басшылығы, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Жас Отан» жастар қанаты, жастар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы, Әдеп кодексіндегі өзгерістерге қатысты мәселелер талқыланды, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің ардагерлері өскелең ұрпақпен жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуына, қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлі мен миссиясының ашылуын…

0
0
428

Ақкөл ауданындағы дөңгелек үстел

А.ж. 28 маусымда Ақкөл ауданының орталық мәдениет үйінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел отырысына аудан басшылығы, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, жастар, үкіметтік емес ұйымдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Қ. Жапақов өз сөзінде мемлекеттік қызмет имиджін арттырудың, мемлекеттік қызмет ардагерлері мен жас мамандар арасындағы тәжірибе алмасудың, мемлекеттік аппараттың кәсібилігінің арттырудың қажеттілігін атап өтті. Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев «Мемлекеттік қызметтің адамгершілік қағидалары» тақырыбын…

0
0
574

Геннадий Головкин Қазақстан экономикасына инвестиция салуда

Геннадий Головкин кәсіби рингте тапқан табысын Қазақстан экономикасына инвестиция есебінде салуда. Қарағандыда боксшының қатысуымен көмір байыту кәсіпорыны ашылатыны мәлім. Бүгін біздің түсіру тобымыз жаңа кәсіпорынды бірінші болып көрді. Құрылтайшылар қатарында жергілікті кәсіпкерлер мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бар, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы. Жаңа өндіріс орнында 150 тұрақты жұмыс орны бар. Фабриканың жобалық қуаты жылына 500 мың тонна көмірді құрайды. Оны 5 шілдеде таныстыру көзделіп отыр. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. Бокстан WBA, IBF, WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің өзі: «Нұрсұлтан Әбішұлының: «Қарсыластарыңды жеңіп, үйіңе орал» - деген сөздерінен кейін ой келді. Мен Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан экономикасына…

0
0
321

Елордадағы «Жерұйық» паркінде қымызмұрындық өтеді

Елорда күнін мерекелеу аясында «Жерұйық» паркінде қазақ ауылы тігіледі. 5 және 6 шілдеде алғаш рет Ұлы дала халқының басты сусыны - қымызға арналған «Қымызмұрындық» халықаралық этнографиялық фестивалі өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Қалада 1992 жылдан бастап өткізіліп келген бүгінгі этнографиялық мерекенің тақырыбы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «ЭКСПО-2017» көрмесі болмақ. Оны өткізу идеясы еліміздің өзге өңірлерінде де қолдау тапты - Алматы, Павлодар, Тараз, Шымкент және т.б. қалаларда. Бірнеше күн бойы көк шалғында ұлттық нақышта безендірілген 10 киіз үй тігіледі. Мол дастархан жайылып, көпшілікке ұлттық тағамдар - құрт, бауырсақ, жент, ірімшік, шұбат пен қымыз ұсынылады. Бұдан басқа, қонақтар самауырыннан құйылған хош иісті шай ішеді. Ал кіре берісте…

0
0
491

Той шығынын үнемдеудің 10 тәсілі

Үйлену оңай, той жасау қиын. Той құны жылдан жылға қымбаттамаса, арзандамайтыны анық. Дегенмен, жас отбасының бақыты қымбат той жасаумен бағаланбайды. Үлкен шығынсыз керемет той өтпейді деу қате пікір. Toibiznes.kz порталы той жасауда шығынды азайтудың келесі кеңестерін ұсынады: 1) Той қамына ерте кірісіңіз. Алдын-ала жоспарланған тойдың шығыны анағұрлым арзан болатынын есте сақтаңыз. Салтанаты келіскен сапалы мейрамханалар мен таңдаулы той жүргізушілері бірнеше ай бұрын тапсырыс қабылдап қоятынын естен шығармаңыз. Мейрамхана мен қажет қызмет түрлеріне тапсырыс беріп, алдын-ала келісіп қою бюджетіңіздің 20-40%-ін үнемдейді. Алайда, ерте тапсырыс берем деп, асығыс шешім қабылдап қоюдан сақтаныңыз. 2) Той жасау уақытын белгілеуде асықпай ойланыңыз. Мәселен, шілде-қыркүйек айында той жасау қ…

0
0
4802

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту

2016 жылдың 27 маусымда Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы М.Қ.Сисенғалидің төрағалығымен «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі М.Харесова «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.

0
0
759

«5 институционалдық реформа — 100 нақты қадам: Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным»

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілгені белгілі. Аталған мерекені атап өтудің басты мақсаты қазақстандық патриотизм және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік аппараттың жұмысының негізгі мақсаты халыққа қызмет ету екендігін және мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуды қоғамға жеткізу болып табылады. Осы мерекеге байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен 2016 жылдың 23 маусымында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен залында Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай «5 институционалдық реформа - 100 нақты қадам: Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» атты облыстық конференция және м…

0
0
1202

БҚО-да Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2016 жылдың 24 маусымда Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері ағымдағы жылдың 5 айындағы Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары саласында жемқорлыққа қарсы әрекет ету бағытында атқарылған жұмысы жөнінде талқылады.

Отырыста қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша, кеңес  мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тиімділігін көтеру бойынша мемлекеттік қызметшілерге нақты ұсыныстар беру жөнінде қаулы қабылданды.

0
0
270