Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астана – тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерінің куәсі

Астана күні – республикамызда тұңғыш рет мемлекеттік мереке ретінде 2009 жылы тойланған болатын. Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мерекелер туралы» Заңға толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы мақұлданып, сол күннен бастап «Астана күні» жаңа мемлекеттік мереке болып мерекелік күнтізбеге енгізілді.

Осындай айтулы күнді ресми түрде атап өту Ішкі істер департаментінде игі дәстүрге айналды. Қызылордалық полицейлер бұл жолы да өздерінің қалыптасқан әдеттерінен таңбай, 05 шілде күні департаменттің үлкен мәжіліс залында бас қосып, мерекелік көңіл-күймен атап өтті.

Шара барысында облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов сөз алып, аталмыш мерекенің қазақ тарихында алар орны зор екендігін атап өтіп, ішкі істер органдары ардагерлерін, қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, шарада  марапаттау жайлы бұйрық ресми түрде оқылып, департамент бастығының құзырымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен 114 полиция қызметкері марапатталды. Атап айтқанда, ОІІД-нің Жедел жоспарлау басқармасының бастығы полиция полковнигі Құтыбаев Ербол Рахымұлы, Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Уразов Қуанышбек Серікбайұлы, Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция подполковнигі Утеев Кемаладин Сражадинұлы, Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Балдақов Маратбек Ізбасарұлы  «Құрмет грамотасына» ие болды.

Шара соңында полиция қызметкерлерінің назарына «Астана күні» мерекесіне арнайы түсірілген Астананың құрылуы мен бой көтеруінен сыр шертетін хроникалық деректі фильм ұсынылды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
666

Осы тақырып бойынша

Астана – тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерінің куәсі - Yvision.kz