Мазмұнға өту

Жаңа

Бұланды ауданындағы дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында Бұланды ауданында «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов қатысты. Іс-шараға аудан басшылығы, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Жас Отан» ЖҚ, жастар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуына, қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлі мен миссиясының ашылуына, мемлекеттік қызмет имиджінің артуына бағытталған. Дөңгелек үстелге қатысушылар еркін пікір ал…

0
0
376

«Əзірет Сұлтан» кесенесіне австриялық туристер қызығушылық танытуда

21 маусым күні Австрия мемлекетінің азаматтары David Heis және Evelyn Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне табан тіреді. Туризмді насихаттап жүрген бұл азаматтар өз мотоциклдерімен Австрия мемлекетінен Түркістанға дейінгі аралықты үш ай уақытта жүріп өткен жолай Чехия, Польша, Беларусь, Ресей мемлекеттерінде болған. Қонақтардың айтуларынша Қазақстанда бір айдай болып, Алматы, Астана тағы басқа көрікті жерлерімізді тамашалауды жоспарлаған. Бір жылдай әлем елдерін аралап соңғы тұрақтар жері Австралиядан ұшақпен туған жерлері Австрияға оралатын көрінеді. Осындай əлемді аралап жүрген саяхатшылар жиі «Əзірет Сұлтан» кесенесіне үнемі келіп тұрады.

https://www.youtube.com/watch?v=7iKiXDsLjQs

0
0
332

Керемет сәтті кім ұрлайды

ВК:Жібек сізге жаңа хабарлама қалдырды.
- Не істеп жатырсың?
- Дала бүгін керемет ия?
- Мен оны біле алмаймын ғой:) Есіңде болса біз екі қаладамыз. Арамызда 1000 шақырымдық қашықтық бар.
- Туф. Ұмытып кете беремін. Сонда да, даланың осы көрінісін сен көрсең керемет болар еді.
- Суретке түсіріп жіберсең болады.
- Жооқ! Біз қазіргі күнде осындай технологияларға қатты үйреніп кеткенбіз. Суретке әр керемет сәтті түсіремін деп жүріп, осы сәтті сезінуді ұмытып кетеміз. Бірер жылдан кейін, суретті көргенде жақсы көріністің болғаны еске түсер. Бірақ осы көріністің кереметін сезіну керек, ешқандай дүниеге алаңдамастан. Сол кезде, біраз жылдан кейін керемет сезім еске түседі, сол кездегі алған әсер еске түседі, қайта сезінеміз. Жарайды, мен кеттім кереметті көруге:)
-Жақсы

0
0
386

Жан – жүрегім, алтын менің, Анашым «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Кентау Назарбек «Керуен ғұмыр» Күйді орындаған – Айбек Бекбосын Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – http://vk.com/public56982889 Балалық па, түсінбедім, көп сөзін, Қарсы шығып, мен өсуге асықтым. Талай көрдім, жасқа толы, мен көзін, Сонда да, арманды іздеп, аттандым. Қарлығаштай шырылдап, мені қорғап, Асыл анам, жиіп, теріп, арқалап. Келуші еді ауылдан, мені аяп, Арманыма, жеткіздің-ау, арқалап. Ризамын анашым, кешіре алсаң, кешіре гөр, Түсінбедім бағаңды, түсінбедім. Туған күнің, сенсіз өтті, суық көр, Алып кетті, өкініште өртендім. Өтіп жатыр, қасиетті Ораза, Бәрі сенсіз, бәрі сенсіз өкініш. Үрейменен кетер емес, мынау маза, Саған иман, ө…

1
1
4602

Жолбарыс пен Ешкі. Өтірік оқиға

Амур деген атаумен танымал болған жолбарыс кімнің есінде? Естіріңізде болмаса мен айта өтейін. Қоғамдық желілірде танымалдығын бұл жолбарыс өзінің ерекше мінезі арқылы алған. Хайуанаттар бағында Амурдың досы ешкі екені белгілі болатын.

Шындағына келсек, бұл оқиға жай ғана жарнама екен. Жолбарысқа тек қатты тоятын тамақ бергеннен кейін ғана адамдар оның жанына ешкіні жіберіп отырған. Тойған жолбарыстың жай ғана ешкіге қарауға шамасы болмайды екен. Алайда екі айдан кейін, мүмкін ызадан, Амур ешкіні жарып өлтірген екен...

Дәурен желіде 15 минут бұрын болды

0
0
474

2016 Еуро әлде түнгі теннис

-Сәлем! Бүгін вконтакте желісінде сенен хат күткен едім. Ұдайы жазып тұрамын дегенің қайда? Әлде... Бірдеңе болып қалды ма?
- Сәлем! Жоға:) Ештеңе болған жоқ. Тек кеше пинг понг ойнап жүріп есімнен шығып кетіпті... Кешірші. Мен қазір ояндым. Ия ия ия, түске дейін ұйықтай беретінім маған да ыңғайсыз. Теннистен кейін түнімен футбол көрдім:) Қызықты нәтижелер болды. Польша, Уэлс, және мен көптен күткен Португалия. Қуанып жатып уйықтадым ғой....
- Тоқта, тоқта... Менің футболға қызықпайтынымды білесің ғой!
- Білемін. Өзің ғой енді сұраған кеше жазбағанымның себебін. Жарайды мен жуынып-шайынып алайын.

Дәурен желіден 15 минут бүрын шығып кетті

0
0
263

Жетістікке жетудің 8 қағидасы

Бұл дүниеге келген адамдардың көпшілігі, үлкен жетістіктерге жетіп, табысты азамат болуды армандайды. Себебі, қазіргі таңда табысты болу - бақытты болумен теңесіп тұр. Табыс сөзіне - денсаулық, жеке өмірде және кәсібінде жоғары биіктерден көріну, байлық, көпшілікке танылу, билік және т.б. ұғымдар кіреді. Табысты болу - қазіргі заманның тренді десем артық кеткенім болмас. Ал бұл мақсатқа жету үшін не істеу қажет? Осы тақырыпты қозғайық. Кеттік! 1.Жауапкершілік. Сіз байқайсыз ба? Кейбір адамдармен сөйлессеңіз, олардың бұл өмірде бақытсыз болғанына өзінен басқаның барлығы кінәлі: жұбайлары, жұмысындағы бастығы, мемлекет, үкімет, тіпті ауа-райы оларға қарсы. Өкінішті, себебі сол адамдардың қатарында мен де болғанмын. Алайда, табысты адам боламын десеңіз бұл ойлардан алшақ болып, өзіңізге жауа…

0
0
1305

Жазғы кино жаңалықтары

Жаз-демалыстар уақыты. Демалысты біреулер шет елдерді аралаумен өткізсе, енді біреулер өз елінде көңіл көтеруді жөн көреді. Алайда, жаз мезгілінде қызықты фильм тамашаламайтын адамды кездестіру өте қиын. Осы орайда 2016 жылдың жазында бізді кино әлемінің қандай қызықтары күтіп тұрғанын жазып үтуді жөн көрдім. Назарларыңызда жаздың ең таңдаулы 3 филмі: 3. "Иллюзия обмана 2". Атышулы фильмнің бірінші бөлімі қарама-қайшы пікірлерге толы болды. Бір топ адамдар ондағы кейбір дүниелердің ойға қонымсыздығын жақтырмаса, керісінше басқалардың ол көңілінен шыққын еді. Бірақ, қандай пікірлер болғанымен біріншы бөлімнің жиған қаржысын саралай отырып, фильмді сәтті деп сенімді түрде айтса болады. Осындай сәтті бастамадан кейін сиквел күту заңды құбылыс. Екінші фильм де дәл бұрынғыдай бас айналдырырлық…

0
0
531

Қызылордалық полицейлер журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады

«28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне» орай, Қызылорда ОІІД басшылығы журналистер қауымымен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады. «Сіздерді «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтаймын! Бізбен әріптестік қарым-қатынас орнатып, полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарыңызға алғыс білдіремін. Ақпараттық әлемнің көшбасында жүріп, халықты объективті, қызық және шынайы жаңалықтарыңызбен сусындатып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізде табыс пен шығармашылық идеялар тілеймін», - деді өз құттықтау сөзінде департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов. Сондай-ақ, шара барысында полицияның оң имиджін қалыптастыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбын…

0
0
398