Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Менің жүрегімде Павлодар

Демалыс күндері, Арбат шығармашылық жастар көрмесінің аясында, Гагарин атындағы жастар саябағында қаламыздың тағы бір көрікті жеріне айналатын - «Менің жүрегімде Павлодар» стелласының ашылу салтанаты өтті.

Қазақстанның түгел дерлік қалаларында қала тұрғындары өз өңіріне деген ыстық махаббатын білдіретін тамаша стелла орнатылған.

Павлодар өңірі де, стелла нобайын дайындау ұсынысымен шыққан Жастар бастамаларын дамыту орталығының арқасында шетте қалмады. Аталмыш бастаманы қала билігі қолдап, жаңа туындыны қарқынды дамып келе жатқан Гагарин саябағында орнату шешімі қабылданды.

«Менің жүрегімде Павлодар» - осы өңірден белгілі бір себептермен көшіп кеткендерден, Павлодарда бұрыннан тұратындардан, яғни өз қаласын Жер шарындағы ең үздік қала санайтындардан естуге болатын сөз.

Қала тұрғындары бұл туындыны жақсы бағалап, жаңа көрнекіліктің аясында суретке түсуге асықты.

Ал дәл осы уақытта, Арбат көрмесінде, тілек білдіргендер дәлдік пен жылдамдықты талап ететін «Lazertag» жаңа сауығын тегін түрде сынауға мүмкіндік алды. Жастар лазерлі қару көмегімен қиын кедергілерді өтіп, нысанға дәл тиюге тырысты.

Үздік нәтижеге қол жеткізуде қатысушыларға жанкүйерлердің де қолдауы аса маңызды болды! Кедергілер алабын өткеннен кейін барлығы жарқын әсерде болды. Жастардың көпшілігі өздерінің дала жиындарын еске түсірді.

Дәстүр бойынша, Арбат кезінде қолөнершілер өз туындыларын таныстыратын, ал стреет-арт шеберлері граффити өнерін көрсететін шығармашылық алаңдар жұмыс жасады.

1
0
839

Осы тақырып бойынша

Менің жүрегімде Павлодар - Yvision.kz