Маңғыстау облыстық телекоммуникация Дирекциясы «VIP абонент бол!» акциясын өткізеді
Маңғыстау облыстық телекоммуникация Дирекциясы «VIP абонент бол!» акциясын өткізеді. Акцияға «MegalineTurbo/iDNet Turbo», «Megaline Super Hit/iD Net Super Hit» қызметтерін пайдаланушы абоненттер мен қызметке жаңадан қосылған жеке тұлғалар санатындағы абоненттер қатыса алады.
Акцияның шарттары бойынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында «iD Net VIP 1/2/3/4» және «Megaline VIP» қызметтер топтамасына қосылған абоненттерге бір жолғы төлем үшін 100% жеңілдік және заманауи теледидарлар ұтысына қатысу мүмкіндігі ұсынылады.
«VIP» қызметтер топтамасының құрамына 120 Мбит/с дейінгі жоғарғы жылдамдықта Интернет желісіне қатынау, 100-ден астам арнадан тұратын цифрлық TV, Алтел ұялы байланыс нөмірлеріне шектеусіз қоңыраулар, «Караоке» қызметіндегі барлық тілдердегі 400-ден астам хит әндер, HD-арналар жиынтығы, «Ата-ана бақылауы» арқылы балалар мен жасөспірімдерді Интернеттегі теріс пиғылды контенттерден қорғау, үнемі жаңартылып отыратын лицензиялы ТОП-40 сериалдары және ұялы құрылғылардан TV көру сияқты тоғыз түрлі телекоммуникация қызметтері кіреді.
Қосымша ақпарат алып, қосылуға өтініш беру үшін Маңғыстау ОТД сервис желілері орындарына және 160 нөміріне хабарласуға болады (қоңырау шалу тегін).





Отансүйгіштік


Аталған іс-шараның басты мақсаты мен міндеті – ішкі туризмді дамыту. Семинар барысында ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында қаланың туристік әлеуетіндегі шетелдік туристер қабылдаудағы өзекті мәселелер мен шешу жолдары қамтылды. Айтулы семинар-тренингке «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының атынан директордың орынбасары Ғ.Садықов және мәдени байланыс жөніндегі менеджер Д.Қожамұратов қатысып өз пікірлерін білдіріп қайтты.
29 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ОАР елінің саяхатшысы Дэвид Маркус Клинтон келді. (ОАР) саяхатшысы Дэвид Клинтон, жер шарын айналып жүріп 5 жылдың ішінде 79 елге барып көрген. 2016 жылдың 22 сәуірінде Қазақстаннан өтіп бара жатқанда, ол Балқаштың маңайында жол апатына түседі. Оның көлігі сынып қалғандықтан, саяхатшы экспедициясын тоқтатып, көлігін жөндеу үшін әлеуметтік желілер арқылы заттарын сатуға мәжбүр болды. Қазақстанда жол-көлік