«Сұлулық» қалай түсінесіз?
Әдемілік. Сіздің түсінігіңіз бойынша ол не? «Әдемі қыз» - бойы ұзын, арық, бота көз, қиғаш қасты ару. Демек, сұлулықтың сипаттамасы бар екен. Қазіргі қыздарды шыны керек бір-бірінен ажырату қиын. Бәрі де айналып келіп «әдемі қыз» образына жүгіреді. Қара қыздар ағарады, қастарын бір формаға келтіріп, қиғаштау үшін жұлады, ұзару үшін аяқтың азабы болған өкшені киеді, көздерін үлкейту үшін бояйды. Міне, бояну, әдемілену деген осы. Ешкім де қараю үшін, не көзін кішірейткісі келіп бояуды жақпайды. Барлық қыздың ойындағы «әдемі қыз» образы тек осы жалғыз тип, бәрінің де бетінде бір бетперде. Ал шындығында, әдемілік қалай қалыптасқан? Мүмкін, басқа планетада біздің «әдемілік» нағыз ұсқынсыз адам шығар...? Дүниеге келе салысымен, өскен ортамызға қарай «әдемілік» ұғымын өзгелер арқылы түсіне баста…