Мазмұнға өту

Жаңа

Прокуратура органдарына қызметке іріктеудің жаңа құралдары туралы брифинг

Бүгін Бас прокуратурада Кадр жұмысы департаментінің бастығы Александр Огай мен Департаменттің басқарма аға прокуроры Ғабит Әбдіхалықов бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Брифингте олар прокуратура органдары жүйесіне қызметке іріктеудің жаңа құралдары туралы баяндады.

Сөз сөйлеушілер атап өткендей, жаңашылдықтардың басты мақсаты – іріктеудің сапасын арттыру, кандидаттың тұлғасын терең зерттеу, кадр іріктеудегі субъективтік факторды азайту. Ашық және объективті конкурс ең үздік үмірткерлерді іріктеуге мүмкіндік береді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін іріктеу тетіктері туралы барлық ақпарат ведомстволық сайтқа орналастырылады.

 
0
0
320

«Холдинг „Кәсіпқор“ акциясы шеңберіндегі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Іс-шараның атауы: «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ-ның акциясы шеңберіндегі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Өткізілу күні мен уақыты: 2016 жылдың 13 шілдесі, сағат 14:30

Өткізілу орны: «Павлодар қаласының Трамвай басқармасы» АҚ

Шараның барысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі. Оған Павлодар қаласы трамвай басқарқармасының кадр қызметі, Павлодар қаласының жұмыспен қамту бөлімі, Жастар бастамаларын дамыту орталығының «Еңбек биржасы» қатысады.

Жәрмеңке аяқталысымен, «Холдинг «Кәсіпқор» Комерциялық емес акицонерлік қоғамының төрағасы Н.Р. Аршабектовтің, «Павлодар қаласы трамвай басқармасы» АҚ-ның төрағасы М.Д. Махмутовтің, сол мекеменің жұмысшы жастар Кеңесінің төрағасының қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.

Акцияның мақсаты: жұмыссыз жастарға көмек көрсету, жұмысқа тұрғызу мәселелерін шешу, қысқамерзімді курстар арқылы жастарға білім беру.

0
0
745

Ярмарка вакансий в рамках акции «Холдинг „Кәсіпқор“

Впервые в Павлодаре «Холдинг «Кәсіпқор» проводит акцию, направленную на трудоустройство безработной молодежи.

В ходе акции пройдет Ярмарка вакансий, в которой примут участие:

  • кадровая служба трамвайного управления;
  • отдел занятости города Павлодара;
  • «биржа труда» Центра развития молодежных инициатив.

Данное мероприятие направлено на то, чтобы оказать содействие  и трудоустроить молодых людей  в крупные предприятия и цеха города Павлодара.

Дата и время проведения: 13 июля 2016 года, в 14.30 часов

Место проведения: АО «Трамвайное управление города Павлодара»

Организаторы: НАО «Холдинг «Кәсіпқор» при поддержке управления по вопросам молодежной политики Павлодарской области

1
0
370

«Сенің „ЖОҚ“ деуің маңызды»

А.ж. 11 шілдеде Ерейментау аудандық кітапханасында облыстық дәстүрлі «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында «Баршамыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігеміз» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру және өз әрекеттерің үшін қоғам алдында жауапты болуға баулу.

Кітапхана қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа күрес-мемлекеттік саясатың басты бағыты» тақырыбында құқық сабағын өткізді. Сабаққа  №8 агротехникалық колледждің ІІ курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында жиналғандар тақырыптық әдебиеттерді қарап, пікірлерімен бөлісті.

Жасөспірімдер кітапханасында «Зло на букву «К» тақырыбындағы ақпараттық- танымдық сағат өткізілді. Құқықтық әдебиет бойынша тақырыптық көрменің шолуы өткізілді. Іс-шараның аяғында қатысушыларға «Сенің «ЖОҚ» деуің  маңызды» тақырыбындағы буклеттер үлестірілді.

Осы іспеттес іс-шаралар ауданның бірқатар кітапханаларында өтті, бұл шараларға 90 шақты адам қатысты.

   

0
0
634

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында дифтериямен сырқаттану 30 есеге төмендеді

Кең көлемді вакцинациялау нәтижесінде соңғы 25 жылда республикада дифтериямен сырқаттану деңгейі 30 есеге азайды. 2015 жылы дифтерияның бірде бір жағдайы тіркелмеген, ал 1991 жылы дифтериямен сырқаттанудың 30 жағдайы (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,18 жағдай), 14 жасқа дейінгі балалар арасында 8 жағдай (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,15 жағдай) тіркелген.

Дифтерия – ауа-тамшылы жолмен жұғатын, ауыр түрде өтетін жұқпалы ауру. Дифтерия таяқшалары мұрын, аңқа, жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатына түскенде жылдам көбейіп, орталық жүйке жүйесін, тамырлар мен жүректі зақымдайтын ерекше дифтериялық улы затты бөледі.

Дифтерия ауруы дене қызуының жоғарылауы, жалпы әлсіздіктен басталады да, жұтынғанда ауырсыну белгілері байқалады. Көп жағдайда адамдар аурудың алғашқы белгілерін баспа (ангина) деп қабылдап, өздігінен емдеуді бастап кетеді, бұл өте қауіпті және аурудың ауыр салдарына алып келуі мүмкін.

Дифтерия өзге жұқпалы ауруларға қарағанда, көптеген асқынуларға: жүрек бұлшықетінің, тыныс алу жолдары мен диафрагма, жұмсақ таңдай, бет, мойын, дене және қол-аяқ бұшықеттерінің сал ауруларына әкеледі. Мұндай жұқпалы дертте өлім қаупі жоғары, жыл сайын 10-нан 20%-ға дейін ауруға шалдыққан сырқат адамдардың өліміне әкеледі.

Аурудың алдын-алудың негізгі әдісі вакцинациялау болып табылады. Халықты иммундау мақсатында дифтерия, көкжөтел, сіреспеге қарсы иммунитетті көтеретін кешенді вакцина қолданылады. Вакцинациялау ҚР Ұлттық екпе күнтізбесіне сай  2 айдан бастап 60 жасқа дейін жасалады. Егуден бас тарту -  инфекцияға бейім адамдардың санын артуы және сырқаттанушылықтың бұрқ етпесін тудыруы мүмкін.

 
0
0
391

Кіріспе

Кіріспе.
Кей сәтте қаптаған мазасыз ойлардың қамауына түсіп, шырмалып қалатыным бар... Ішімде ұша алмай торда тыпыршып тұрған құс маза бермей, жүрегім жиі соғып, я сол құсты қалай босатарымды білмей дал боламын. Құдды бір шабыты келген ақындай, ұйқым қашады. Әттең, ақындық туа бітер дарын. Әйтпесе, торымның таптырмас дара кілті сол болар ма еді... Дегенмен, мен бір кілт таптым) Әзірше, байқап көру керек. Ол кілттің сәйкестігі сіздерге байланысты сияқты. Қияли қыздың жазбаларын оқыр бір адам болар ма екен? Қызық...

1
0
686

Газдың бағасы барлық өңірде бірдей болады

1392686309_prirodnyy-gaz1

2016-2018 жылдары еліміздің бес облысында  70 елді мекен газбен қамтылады. Бұл туралы inform.kz жазады. Ал  2016-2020 жылдар аралығында  «ҚазТрансГаз» ұлттық операторынан қосымша қаржы ала отырып, тағы төрт облыстағы халық саны көп 14 елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік туады. Қазақстанда министрлердің арасында алғашқылардың бірі болып, халық алдында есеп берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай хабарлаған.

Газ саласына тоқталсам, 2015 жылы  бұл сала дамуға бет алды. 45,3  млрд текше метр газ алынды. Осы жылдың төрт айында өндірілген газ көлемі 15,5 млрд текше метрді құрады. Елімізді газдандыру — басты стратегиялық бағыт екені белгілі. Жалпы, былтырғы көрсеткішке сүйене отырып айтсам, Қазақстанның 43 пайызы газбен қамтылған, — деді сала министрі.

Ал осы саладағы жоспарларын айтқан Қанат Бозымбаев, 2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында 70 елді мекен газбен қамтылатындығын, ал 2016-2020 жылдары елді газдандыру үшін «ҚазТрансГаз» ұлттық операторы есебінен қосымша қаржы бөлінбек. Осылайша, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 14 ірі елді мекен де газбен қамтылмақ.

– Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бір желісі іске қосылды. Жоба толық қуаттылыққа көшкен соң, еліміздің оңтүстігіндегі алты жүзге жуық елді мекен газбен қамтылады. Сонымен қатар, Қытайға газ экспорттай аламыз,-деді Энергетика министрі.

Қ.Бозымбаев атап өткендей, елімізде көгілдір отынның бағасы  «Газ жəне газбен қамту туралы» заңға сәйкес, тауарлық газдың шекті көтерме бағасымен белгіленеді. Ол баға еліміздің барлық облысы үшін бірдей болады.

Ләззат КЕМЕЛБАЕВА

 

http://munara.kz/other/author1kaz/2016/06/06/gazdun-bagasu-barluk-onirde-birdeu-bolodu.html

0
0
752

«Адал жол-Честный путь» дәстүрлі облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына жеті мыңнан астам ақмолалық қатысты

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Ерейментау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен  бастау алған «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында «Мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар»  тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинарға  аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Заңгерлік қызметтің басшысы А. Қызкенова мен кадр қызметінің басшысы А. Әлжанова  баяндама оқыды.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы сұхбат өрбіді, қатысушылар халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және  жемқорлықтың кез-келген түріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға  40 адам қатысты.

Бүгінгі таңда марафон облыстың 7 ауданында өткізілгенін атап өткен жөн (Көкшетау қ., Степногорск қ., сондай-ақ, Бурабай, Еңбекшілдер, Бұланды, Ақкөл, Шортанды аудандарында). Марафон аясында түрлі бағыттағы  110 мәдени-көпшілік іс-шара өтті (дөңгелек үстелдер  – 20, дәрістер – 25, дебаттар– 7, флешмобтар – 5, спорттық іс-шаралар – 11, семинарлар– 7,  сурет және шығармашылық байқаулары  – 6, автошерулер – 2, сынып сағаттары  – 8, акциялар - 5 және басқа іс-шаралар – 14), бұл шараларға  7000-нан астам ақмолалық азамат қатысты.

Марафон аясында өткізіліп отырған іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жарияланады (ақпараттық кеңістікке 40-тан астам жарияланым жарық көрді).

 
0
0
437

Елiмiзде «Евро-4» жəне «Евро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылады

Айымгүл ӘБІЛЕВА, 6 маусым 2016 ж 10:59 , Астана

ФОТО: spokoino.ru

Қазіргі таңда еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында модернизация жұмыстары жүріп жатыр. Жаңғырту нәтижесінде Қазақстанда «Евро-4» жəне «Евро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылатын болады. Бұл туралы бүгiн халыққа есеп берiп жатқан ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Министрдiң баяндауынша, 2015 жылы елде 14,5 млн тонна мұнай өңделген. Ал 2016 жылы 14 млн тонна мұнай өңдеу жоспарланған.

«Биылғы жылдың төрт айында өңделген мұнай көлемi 4 млн 230 мың тоннаны құрады. Ақпан-наурыз айларында өңделген мұнай көлемi мұнай өңдеу зауыттарында шикiзаттың бағасы өте төмен болғандықтан аз болды. Сондай-ақ, өндiрiс көлемiне көршi Ресейдегi мұнай өнiмдерiнiң бағасы да әсер етедi. Қазiр Ресей нарығында бiздiң нарықпен салыстырғанда мұнай өнiмдерiнiң бағасы жоғары. Сондықтан министрлiк үнемi мониторинг жүргiзiп, тапшылыққа жол бермеу үшiн iшкi нарықты мұнай өнiмдерiн қамтамасыз ету үшiн тиiстi шаралар қабылдайды», - дедi Қ.Бозымбаев.

Қазіргі таңда еліміздегі  үш мұнай өңдеу зауытында модернизация жүріп жатыр. Министр атап өткендей, осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанда «Евро-4» жəне «Евро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылатын болады.

«Сонымен қатар, біз ішкі жанармай нарығын сапалы бензинмен қамтуды көздеп отырмыз. Бұл мәселелерді біз жан-жақты талдап, алдағы жылдарға жоспар əзірлеуге кірістік», - дедi министр.

Айта кетейiк, Астанада ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев халыққа есеп берiп жатыр. Ол министрлiктiң атқарған жұмысын баяндап, тұрғындарды алдағы жоспармен таныстырады.

 

http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/elimizde_evro4_zhne_evro5_standartina_saikes_benzin_shigariladi-2016_06_06-1274867

0
0
382

«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр желісінің құрылысын 2018 жылы толық аяқтау жоспарлануда — Қ. Бозымбаев

06 Маусым 2016, 11:02


АСТАНА. ҚазАқпарат - «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзиті 500 кВ желісінің құрылысы жобасын толық аяқтауды 2018 жалға жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін xалық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

 

Жобаның жалпы құны 120 млрд. теңгені құрайды деп көрсетілген.

Бұл жоба әлеуметтік маңызға ие екеніне тоқталған ол, желінің құрылысы кезінде жұмыс орындары құрылатындығын, осы орайда 1,8 мыңға тарта адам жұмысқа тартылатындығын атап өтті.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1500 шақырымдық «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» жоғары вольтті желі тартылады. Ол жоба 2018 жылы аяқталады. Оның салынуы оңтүстік өңірлердің соңғы кезде электр энергиясына өсіп отырған сұранысын өтеуге мүмкіндік береді», - деді министр.

«Еліміздің шекті тарифтік бағдарламасы табысты іске асты. Нәтижесінде электр қуатын өндіретін  компаниялар мол энергия қорын қалыптастырды. Бұл сала 2025 жылға дейін ел экономикасын электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Сондықтан біз электр энергиясының тарифі мен баға белгілеу мәселесін терең талдадық. Елбасының тапсырысымен электр энергиясын тасымалдайтын компанияларды ірілендіру жұмысын бастайтын боламыз», - деп атап өтті Қ. Бозымбаев.

 

http://kazinform.kz/kaz/article/2911253

0
0
579