Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ЭКСПО-ға дайындық» семинар-тренингте.

1 шілде күні ОҚО Шымкент қаласында 2016 жылға арналаған туризмді дамыту жоспарына сәйкес, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-ға дайындық» атты семинар-тренинг болып өтті. Іс-шараға туристік ұйымдардың, қонақ үйлердің, такси қызметінің, ОҚО бойынша барлық аудындық кәсіпкерлік бөлімдерінің, қорық-музейлердің және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты мен міндеті – ішкі туризмді дамыту. Семинар барысында ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында қаланың туристік әлеуетіндегі шетелдік туристер қабылдаудағы өзекті мәселелер мен шешу жолдары қамтылды. Айтулы семинар-тренингке «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының атынан директордың орынбасары Ғ.Садықов және мәдени байланыс жөніндегі менеджер Д.Қожамұратов қатысып өз пікірлерін білдіріп қайтты.

0
0
364

Осы тақырып бойынша

«ЭКСПО-ға дайындық» семинар-тренингте. - Yvision.kz