Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

2016 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы- Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Жапақовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.

Қорғалжын ауданының әкімі Қ.Ө. Рыскелдіновке, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары С.Қ. Аққожинаға, «Қорғалжын ауданының мәдениет бөлімі» ММ-нің басшысы Н. Шалғынбаевқа, «Қорғалжын ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің бас маманы А.А. Сармолдиноваға және «Қорғалжын ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы  Ә.М. Шермұханға қатысты тәртіптік істер қаралды, олар бюджеттік несие беру кезінде кейбір мамандарға заңсыз артықшылық көрсетіп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) және 11) тармақшаларын бұзды.

Әдеп жөніндегі кеңес Ақмола облысының әкіміне Қорғалжын ауданының әкімі Қ.Ө. Рыскелдіновке «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза салуды ұсынды. Қорғалжын ауданының әкіміне Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары С.Қ. Аққожинаға, «Қорғалжын ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Н.А. Шалғынбаевқа, «Қорғалжын ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы                      Ә.М. Шермұханға «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза салу ұсынылды.

Шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ комиссия хатшысы болғандығына байланысты «Қорғалжын ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің бас маманы А.А. Сармолдиноваға қатысты тәртіптік іс  тоқтатылды. Одан басқа, Атбасар ауданы Покров ауылдық округінің әкімі                           Ж.Қ. Текеневке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол азамат Р.А. Мырзабековке заңсыз артықшылық көрсетіп, оны жүргізуші ретінде жұмысқа қабылдап және негізсіз жалақы төлеп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшаның талаптарын бұзды. Әдеп жөніндегі кеңес Атбасар ауданының әкіміне  Покров ауылдық округінің әкімі Ж.Қ. Текеневке «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза салуды ұсынды.

0
0
517

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті - Yvision.kz