«Тек сау ұлт бәсекеге қабілетті бола алады...»
А.ж. 9 шілдеде жастарды бұқаралық спортпен айналысуға тарту мақсатында Ерейментау ауданының орталық футбол алаңында дәстүрлі«Адал жол – Честный путь» марафонын өткізу аясында 14-16 жас аралығындағы жастар арасында футболдан турнир өтті.
Сайыстарға ауданның құрамы 10 адамнан тұратын 5 құрама командасы қатысты.
Ойын барысында «Қайрат» командасының қақпашысы Амангелді Тамерлан «үздік қақпашы», «Торпедо» командасының қорғаушысы Айдарханов Мирас «үздік қорғаушы», «Қайрат» командасының шабуылшысы Жағалбайлы Елнұр «үздік шабуылшы» болып танылды.
Турнир қорытындылары бойынша І орынды «Қайрат» командасы, ІІ орынды «Торпедо» командасы, ІІІ орында «Жігер» командасы иеленді.
Барлық командалар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Бір де бір қатысушы назардан тыс қалған жоқ.
Сайыстарға 110 адам қатысты.

