Мазмұнға өту

Жаңа

Жеті атадан кейінгі жағдайды жерде қалдыра береміз бе?

Мархабат аға!

 

Осыдан біраз бұрын «Жүрежатқа жеткендер қыз алысса болады» («ЗАМАНА» газеті 23.08.2010 ж.) деген мақала жазған болатынбыз... Осы мақала жарық көргеннен соң, 8-9 айдан кейін өзін  Рахымжан деп таныстырған бір жігіт  хабарласып, кездесуді сұрады. Үйге шақырдым....ұнжырғасы түсіп, еңсесі езілген  Рахымжанның  сөзінен түйгенім, ол біраз жыл бұрын бір қызбен танысқан, ру сұрасқан - жігіт Төлеби ауданының Жанысы, қыз Түлкібастың Байысы , бірақ екеуі де Байыстың Жаныстан тарайтынын білмеген  (жастарға қандай өкпе қоярсың?).

Қазіргі жастардың сезімге асығыстау болатыны белгілі... абайсызда «болары болып, бояуы сіңіп» қалған соң жігіт ата-анасына өзінің сөз байласқан қызы бар екенін, үйленгісі келетінін айтқан. Қыздың «Байыс» екенін білген әулеттің үлкендері өре түрегеліп, үйленуге рұқсат бермеген.

Ал, қыз жағы....

Қызының «тұнығы лайланып қалғанын» естіген анасы, салт-малтыңа қолын бір сермеп, жігітке талап қойған: «Егер үйленбесең, ..өйтіп ел алдында «қарабет» болғанша,  баса-көктеп  шал болса да, басқа біреуге ұзатамын да жіберемін» (Перзентінің болашағын ойлап жаны қайысқан ананың  жағдайын  да түсінуіміз керек).

Жігіт – шарасыз, қыз  – жылау да жылау!

Мәселенің мән-жайына қаныққан соң, мен жігітке жыл сайын күзде «Жаныстардың жиыны» өтетінін, биылғы жиынға дейін аз уақыт қалды, соның нәтижесін күтуін сұрадым. Жігіттің жүзінде үміт пайда болып, қуана қоштасты.

Жиында осы мәселе сөз болды. Жантудан тарайтын Жайылмыс, Өтеміс, Байыс үшеуінің арасы, біз айтқандай 14-15 ата емес, тіпті 17 атаға жетіп қалыпты. Өзіңіз де көрген шығарсыз,обалы не керек, Ағабек Сүгірәлиев, Жеңісбай Мәуленқұлов сияқты өрелі ақсақалдар, аталған  аталарға қыз алысуға рұқсат (бата) берілуін сұрады. Бірақ, кім екені белгісіз біреулер ешқандай дәлел-дәйексіз «Жоқ, болмайды» деп сазарып, кейбірі тіпті өре түрегелді.

Біз пақырыңыз да, әзер дегенде сөз алып, еш болмаса, қыз алысуға болады деген «шек» (20,25, тіпті... 50 ата болсын!) белгілеп беруін сұрадық. Бірақ сұрағымыз жауапсыз қалды.

Басымыз салбырап сыртқа шығып, тағатсыздана  күтіп тұрған Рахымжанға жағдайды түсіндірдім.

«Шешімді енді тек өзің қабылдайсың! Кейде бет жыртысып қалғанда адамдар пендешілікке барып, бір-бірінің жанына «тырнақтарын қаттырақ батыруға»  тырысып  - жанға тиер ауыр сөздер айтып жатады.  Үйлене қалсаң, өзіңе ғана емес, әке-шешеңе, туыс бауырларыңнын бетіне  осы жағдайды ― ағайын мен көрші-көлем, дос-жаран  салық қылуы мүмкін, түрлі өсек-аяң өрбитіні де бесенеден белгілі! Сондай қаңқу сөздерге шыдаймын десең, әлгі  қызға – үйлен, ал өз-өзіңе сенбесең – үйленбе» деп жігітті шығарып салдым.

(2011 жылдың 25 қазанында Рахымжан өзінің сол сүйген қызына үйленді).

Бұл біз білетін бір ғана жәйт, ал бізге белгісіз қаншама жас «Жеті ата санау» деген  тамаша дәстүрімізге ілескен  осы бір «дүдамалдың» құрбаны болғаны, әлі болатыны тек бір Жаратқанға ғана белгілі!

Керісінше, тіпті бірте-бірте «жеті ата» санауды «жиыстырып» қоюымыз да мүмкін?!

Осы мәселе бойынша, ғаламтор арқылы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі көзі қарақты адамдарға хабарласып көрдік.

Сөйтсек, бұл мәселе бар қазаққа ортақ екен!

Белгілі этнографтар Сейіт Кенжеахметұлы, Жағда Бабалықұлы, Ақселеу Сейдімбековтердің еңбектерінде де, жеті атадан кейінгі жағдай айтылмайды.

Бір білгіштер: «Жаһандану» деген аждаһа барлық ұлтты, бір халыққа айналдырмай тоқтамайды деседі, ...мына жақтан анталап әсіредіншілдер, шығысыңыздан «жымсиып» қытайыңыз кіріп келе жатыр ...десек те, қарап отырып жан береміз бе?

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»  дегенмен, «қан тазалығын» сақтайтын осы бір дәстүрімізді назардан тыс қалдырмауымыз керек сияқты, яғни  арасы «жеті атаға» жеткен аталар өздері белгілі бір «пәтуа» жасап қойса, жоғарыда айтқан Рахымжан сияқты жастарымыз да сергелдеңге түспес еді, ұлттық дәстүрімізге де «сызат» түспес еді.

Аға «жұмысбасты» екенініңізді білеміз, дегенмен осы төңіректегі сіздің пікіріңізді баспасөз бетінен көрсек  немесе теледидар арқылы «дөңгелек үстел» ұйымдастыруға ұйытқы болсаңыз деген ұсыныс бар?

Оның үстіне сөзіміз жетер жерде, болашақты ойлайтын, сол үшін жаны ауыратын  өзіңізден басқа  жан көріп те тұрған жоқпыз.

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, тарихшы-ұстаз.Шымкент қ.

«ЗАМАНА» газеті 20.06.2012 ж.

(Белгілі себептермен, кейіпкердің аты өзгертіліп алынды).

Мархабат Байғұт:

Жеті ата емес, он жеті десек...

Өмір інім, «Замана» сіздің маған жазған хатыңызды оқып, жауап беруімді сұрайды. Алпысыншы жылдардың аяғында, аудандық газетте жүргенімде бір жігіт жылап-еңіреп жеткен. Редакцияға. Үйленіпті. Келіншегі босанайын деп отырыпты. Екеуі бір рудан екендерін білмеген. Шешесі екінші күйеуіне тұрмысқа шыққанда, кішкене қызы артынан еріп келген. Гәп осында. Әлгі жігіт: «Газетке жазшы», – дейді. Жазбадық. Қиын мәселе ғой. Сол отбасы өте қатты қиналды. Азап көрді. Кейінгі тағдырларынан бейхабармын.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінде жүргенде де екі оқиға бойынша кісілер келді. Жігіт пен қыз бір рудан екендіктерін біле тұра үйленген. «Ғашықтық» дейді. Жігіт. «Жазыңызшы» дейді. Жазбадық. Екеуінің ақыры онша болмады. Екінші отау тағдыры да осыған ұқсас болды.

Өзіңіз өте дұрыс жазып отырсыз ғой, бұл мәселе, бұл қиындық байтағымыздың барлық жерінде аздап-аздап бар екені рас. Осыдан екі-үш жыл бұрын да елулердегі жігіт ағасы өз ұлының қыз алыспайтын рудың аруымен көңіл қосып қойғанын, ешкімге көнбей, үйленгелі жатқанын айтып, ақыл сұрап келді. «Шегінерге мүмкіндік жоқ, не істеуге болады?» – дейді жүрегі ауыра күйзеліп. Біз де, сіздің Рахымжанға берген кеңесіңіздің төңірегінен табылғанбыз.

«Жеті атаға дейінді» арғы ата-бабалар зейіндеген. Қыз бен жігіт танысып-білісіп, тиісті мақсатқа бекінерден әлдеқайда бұрын жан-жақты сұрасқандары жөн. Ата-аналар абайлап айтып отыруға парыздар. Ал енді «Жеті атадан асқан соң жаппай үйлене беруге болады» деген пікір де түбірімен қате деп санаймын. Қаншама кезеңдерден бермен қарата қыз алыспайтын рулар сол салт-дәстүрді сақтай бергені жөн сияқты. «Жеті атадан асса, қыз алыса беруге болады десек, сапырылыстың сарсаңына түседі. Жұртыңыз. Дүбәра-дүрбелеңге ұшырайды. Ұлтыңыз. Бір ғана дәлел. Кейбіреулер өзін, әкесін, атасын және бабасын – төрт ата деп есептейді. Арғы жағынан үш атаны қосып, жеті атаға жетті деп, шауып-шапқылай берсе, қазағыңыз қайда бармақшы?! Сондықтан, Өмір інім, сіз жазғандай, «арасы жеті атаға жеткендер өздері бір бәтуа жасап қойса, жоғарыда айтқан Рахымжан сияқты жастарымыз да сергелдеңге салынбас еді, ұлттық дәстүрімізге де сызат түспес еді» дегеніңізге мүлде қосылмаймын.

Мен, шынымды айтсам, шежіреге шорқақтаумын. Тарихты да, шежірені де көп бәдіздемеймін. Осы заман адамдарының жан дүниесін ғана жазыңқырайтын қаламгермін. «Жеті атадан асса» дегенді бұрынғы бабалар қандай өре-өлшеммен мөлшерлеген? Бүгінгі біздің өре-өлшем қандай? Міне, гәп қайда... Сондықтан, жеті ата емес, он жеті атадан асқан соң ғана сіз меңзегендей бәтуа жасап, рұқсат беруге болар деген көзқарастамын. Ата-бабалар аманатына қиянат жасамау үшін. Қателеспеу үшін. Қазақы қасиетті сақтау мақсатында. Өкінбеу үшін.

Ал енді сіз көбірек тоқталған Жаныс мәселесіне көшейік. Бұл жөнінде «Жаныс баба кесенесі» қоғамдық қорының төрағасы Ағабек Сүгірәлиевпен әңгімелестік. Ол кісі: «Заманаға» жазған ініміздің хатында көрсетілгендей, «Екі жұлдыз» мейрамханасында Жаныс бабаға жыл сайынғы күзде дәстүрлі ас беріледі. 2010 және 2011 жылдары сондай астарда аталған жағдай сөз болған. Бәтуа жобасы ұсынылған. Онда «Өскелең ұрпақтың өтініш-тілектеріне сәйкес, Алла-тағала алдан жарылқасын деген батамен, Жанту, Жантан, Жарылқамыстың және Жанту бабадан тараған Жайылмыс, Байыс, Өтемістің өзара қыз алысып, қыз берісуіне рұқсат етіп, жол ашу жөнінде бәтуа жасайтынымызды мағлұмдаймыз», – деп жазылған еді. Осы мазмұндағы бәтуа жобасы әлі де талқылануда. Қолдаушылар көбірек, қарсы шығушылар да баршылық. Бәрін уақыт безбендейді. Бәтуа жобасында көрсетілген аталардың арасы өзің айтқан он жетіге жетіп, кейбіреуі асып кетті», – деп қорытты ойын.

Өмір інім, елдік мүддені көбірек күйттейтін басылымға маған арнап хат жазғаныңызға рахмет. Хал-қадерімізше жауап қаттық. Алла-тағаланың бір аты – Сабыр. Қай-қандай жағдайда да сабыр сақтайық дегім келеді.

«ЗАМАНА» газеті 20.06.2012 ж.

 

 
1
3
2719

Алда, алда Баянның ғасыры әлі

 

 

Баян десем ет жүрек езіледі,

Бабалардан бұл мирас сезім еді.

Мәңгілік ол ұрпағы тірі кезде,

Біз өтерміз,

Ал оның көз ілмегі

Мүмкін емес.

Ұрпақпен жалғасады,

Ғасырымен адамзат алға асады.

Баянды мен жырладым білгенімше,

Ал ұрпақтың айтылар алмас әні,

Жер-жаһанды жаңғыртып жарқылдайды.

Қаныш десем –қазақты атағаным,

Бұқар, Мәшһүр –пір тұтар аталарым.

Ел жұртына риза боп берді ме екен,

Өсіп –өніп көркей деп баталарын.

Ал болашақ қиялға жүк дер едім,

Аңсаған ем мен мұны, күткен едім.

Жұмақ орнап жерімде байтақ мына,

Үйірілер қазаққа құт дегенің.

Жету үшін, осыны көру үшін

Ынтымақ ,

Бірлік

Қажеті төзім,тегі.

Төзім бізде жыртылып-айрылады,

Баянтау да ұқсатар бай мұраны.

Өршіл рух ел барда өшкені жанып,

Айдан анық асары айбыны әрі.

Елдік,

Ерлік әманда басты ұраны,

Алда,алда Баянның ғасыры әлі!

Век Баянаула впереди

 

Когда я говорю «родной Баян»,

То сердце бьётся в радостном волненьи...

Сменяются века и поколенья,

А он всё тот же, древний великан.

Пусть мы уйдём, но, не смыкая глаз,

В потоке человеческих историй,

Он устоит! И жить, и верить стоит

Наследникам, что вскоре сменят  нас.

Баян я воспеваю, как могу.

Потомок пусть подхватит эту песню,

И эхом благодарным и чудесным

Звучит она на горном берегу.

Когда я говорю – Машхур, Каныш,

Я вспоминаю земляков великих,

Они не просто памятники, лики,

Но ты, потомок, им вослед спешишь.

Я будущее жду, и верю я,

Что мудрое народов  единенье

Вознаградит казахов за терпенье,

И превратится в рай земля моя!

Иди вперёд, с бесстрашием в груди,

Навек богатство предков сохраняя!

Ведь впереди у нас заря сияет,

И век Баянаула впереди!

 

Сүлеймен Баязитов

Перевод Ольги Григорьевой.

 
0
0
696

ҚызықтыDay

  • 14 июля в 1941 году впервые применили установку «Катюша». Нет единой версии, почему БМ-13 стали именоваться «Катюшами». Некоторые утверждают, что установка получила свое название из-за ставшей популярной перед войной песни Блантера на слова Исаковского «Катюша». Также название может быть связано с индексом «К» на корпусе миномета — установки выпускались заводом имени Коминтерна. А фронтовики любили давать прозвища оружию. Например, гаубицу М-30 прозвали «Матушкой», пушку-гаубицу МЛ-20 — «Емелькой». Да и БМ-13 поначалу иногда именовали «Раисой Сергеевной», таким образом, расшифровывая сокращение РС.

  • Ежегодно 14 июня интернет-сообщество отмечает Международный день блоггера (блогера). Идея проведения этого праздника родилась в 2004 году. Сразу 500 человек из более чем 40 стран, объединившись, решили, что им нужен свой день — своего рода символ дружеских отношений между сетевыми блоггерами всего мира. Этот праздник делает людей, пишущих в своих блогах на разных языках, ближе и дает им возможность поддерживать друг друга и всех пользователей сети Интернет.

   
1
0
322

Баянауыл аудандық « Баянтау» — газетіне 85 — жыл

85 - жыл

Кімге өмір тосып ыңғай арай алдан...

 

Шәкірат Дәулетжанұлы Шалбаев Баянауыл аудандық «Жеңіс» газетінің редакторы болып тағайындалған тұста талай жылдар бойы құрсауланып, әбден қалыптасқан бірізділікке өзінше бір өзгеріс енгізбек болар газет жұмысына тың қаламгерлерді тартуға тырысты. Сол мақсатпен ол Алматыға барған сапарында Баянауыл тумасы, жас ақын, журналист Төлеген Мұқаевқа жолығып, оны «Жеңіс» газеті редакторының орынбасарлығына шақырады. Үйге көмектесуге уәде береді.

Көп ұзамай Төлеген отбасымен Баянға көшіп те келді. Үй алып, жұмысқа кірісті. Бұл тұста мен де сол «Жеңіс» газетінде әдеби қызметкер едім. Жұмысқа жаңа-жаңа бас тыға бастаған кезім. Ал Төлегеннің ара-тұра өлеңдерін, очерктерін оқып жүрген мен таныстығым жоқ еді. Ел қатарлы сәлемдесіп, қызметіне қайырлы болсын айтып шыққаннан кейін редакция дәлізінде кездесіп қалғанда, болмаса оның кабинетінде өз бетіммен бас сұққан емеспін. Ол да маған келе қоймайтын.

Бір күні ашық тұрған есігінің қасынан бас шұлғып өте берген маған ол: «Уақытыңыз болса, маған кіріп шығыңызшы», – деді. – Сізді өлең жазады деп естідім бе? Мен басымды изедім.

– Сол өлеңдеріңізді маған көрсетпес пе екенсіз?

– Қазір қасымда жоқ, ертең болмаса...

Ертеңгісінде мен оған машинкаға басылған төрт-бес өлеңімді әкеп бердім. Ол бірден-ақ оқуға кірісті.

– Қайда жарияландыңыз?

– «Тың өлкесіне», ол жабылғаннан кейін облыстық «Қызыл ту» газетінде.

– Ал республикалық газет-журналға ше?

– Жоқ. Тіпті өлеңдерімді ұсынған емеспін. «Қалай екен, сізге ұнады ма?» деп мен сұрамадым.

Ол да шешіліп ештеңе дей қоймады. Әңгіме осымен аяқталған сыңайлы еді. Тек бір күні Шәкірат Дәулетжанұлы: «Үстіміздегі 1975 жылы 4-6 март аралығында Павлодарда жас ақын-жазушылардың республикалық, аймақтық слеті өтеді. Соған бізден Төлеген Мұқаев және Сүлеймен Баязитов қатысады», – деп хабарлады. Сол-ақ екен отырған әріптестеріміздің бірі: «Төлеген таныла бастаған жас ақын, ал Сүлейменге жол болсын», – деп сөз бастады.

– Сіздерді білмеймін, мен өз басым Сүлейменнің бірде-бір өлеңін оқыған емеспін. Өлеңді айтады ғой, әттең жөні түзу мақала десеңші. Осы әңгіме басталғаннан мазам кетіп отырғанмен жайшылықта қыздай сыпайы Төлегеннің: «Сіз оқымасаңыз, мен оықыдым», – деген қатқыл үнін естігенде, мен бір түрлі таңқалған едім.

– Жә, ақын болса, ақын шығар. Тек газет редакторы тұрғанда мұндай жауапты жиынға басқасын былай қойғанда жоғары білім жоқ, қатардағы әдеби қызметкерді жіберу қалай болар екен, сол жағын да ойлау керек шығар, – деді әлгі. Әріптесімнің айтқаны  сол-ақ екен біресе бөлім меңгерушісі, біресе жауапты хатшы, біресе редактор шақырып:

– Сен ақын ба едің? Оны біз неге білмейміз, сені анда шақыртып отырған кім деп? – деп сауалдың астына алды.

Қорқақты қуа берсе, батыр боладының кері келіп, ақыры, редакторға: «Мен сол жиынға қатыспай-ақ ақынмын», –деп салдым. Ұзын сөздің қысқасы, мені бұл мағынасыз қыспақтан Төлеген құтқарды. Кімге барды, Шәкеңмен қалай келісті, ол жағы маған күні бүгінге дейін беймәлім.

Әйтеуір, ақыр соңында мәселе оңынан шешіліп, Төлеген екеуміз республикалық, аймақтық кеңеске бірге аттандық. Біз келсек, семинарға келетіндер жиналып-ақ қалған екен. Арасында одақ мүшелері, кемі екі-үш кітаптың авторлары бар. Бас-аяғы сексен қаралы адам дейді білетіндер.

Ертеңгісінде семинарға келгендер топ-топқа бөлінді. Төлеген екеуміз әйгілі ақындар Қалижан Бекқожин мен Қуандық Шаңғытбаев жетекшілік еткен топқа бөліндік. Қалижан ағаны алғаш көруім еді. Мейлінше қатал, бетің бар, жүзің бар демей, ойындағысын ірікпей айтатын адам көрінді. Көкшетаулық бір жас ақын «Комбинизон» атты өлеңін оқи бастады. Өлең қарапайым молшылық негізін салушы диханға арналған екен.

Қалижан ағамыз өлеңінің екінші шумағын оқи берген ақынды тоқтатып: «Поэзия – сұлулық, ал сұлулыққа май-май комбинизонның қандай қатысы бар? Сенің объектің комбинизон емес, соны киген адам. Оның жан дүниесі, жасампаз еңбегі болу керек», – деп сөзін бөліп, отырғызып тастады. Мұнан кейін жыр оқыған Төлеген Қалекеңнің «Өлең деген міне осындай болу керек қой» деген жылы лепесіне ие болды.

Ол тұста жас қаламгерлерге белгілі әдебиет қайраткерлерінің атындағы сыйлық беру, ұжымдық жинақтарын басып шығару қолға алынбаған. Тек слетте көзге түскен он қаламгердің өлеңдері «Қазақ әдебиеті» газетіне басылып шықты. Солардың арасында Төлеген екеуміз де бар едік. Мұның өзі қай-қайсымыздың да болмасын өзімізге деген сенімімізді арттырып, қанағаттандырғандай еді.

Енді бірімізге біріміз жазған жырларымызды оқып, жиі пікірлесетін болдық. Слеттен кейін бір жыл өткен тұста Алматыда «Жалын» баспасы құрылды. Баспаның редакторлығынабелгілі ақын, қоғам қайраткері Қабдыкәрім Ыдырысов тағайындалды.

Ол кісінің біз жерлесіміз, поэзия әлемінде өзіндік орны бар ірі тұлға ретінде білетінбіз. Оның сөздеріне жазылған әсем әндер айтулы сахна шеберлерінің орындауында жұртшылық арасында кеңінен таралған еді. Төлеген Қабаңның сүйікті інілерінің бірі екенінен хабардар едім. Төлеген бірде: « Өлеңдерімді Қабдыкәрім ағаға жібердім, хабар күтіп жүр едім», – деген еді.

Көп ұзамай «Лениншіл жас» газетінде Қабдыкәрім Ыдырысовтың алғы сөзімен Төлегеннің бір топ өлеңдері жарық көрді. Сол қуаныш үстінде Төлеген Қабаңды бала жасынан мектепте оқып жүрген кезінен білетінін, Қаз МУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсуге кеңес бергенін, көмектескенін сыр ғып айтқан еді. Кешікпей Қабаң Төлегенді Алматыға, «Жалын» баспасына қызметке шақырды.

Сол сәтте мен Қабдыкәрім Ыдырысов ағаның тек Төлегенді ғана емес, ініміздей болып кеткен талантты жазушы Мейрам Асылғазинге де шақыру жібергенін кейін білдім. Аға болса, сондай болсын деп ойлаумен болдым. Дәл сол сәтте Қабаңның ақын болсам-ау деген армандарын, сыры мен мұңын ақ қағазға төгуден әрі аса алмай жүрген маған да ағалық көмегі тиерін білген жоқ едім. Көп ұзамай Төлеген аталған баспада қызмет істей бастады. Ұмытпасам 1977 жылы ғой деймін. Үйге Төлеген келді. Амандықтан соң мені арнайы іздеп келгенін айтты.

–Жайшылық па?

–Тіптен жай емес. Сіздің қолжазбаңызды баспаның келер жылғы... оның не дегелі келе жатқанын сезген мен сөзін бөліп, «Төке, ең бірінші, құдай өзімді жарылға демеуші ме еді. Сол айтпақшы, сен әуелі өз кітабыңды шығарып алсаң қайтеді, сонан соң...»

Менің қолжазбамды бергім келмей отырғанын аңғарған ол әдейі сол үшін келгенін, алмай кетпейтінін айтып отырып алды. Төлеген осының төрелігін айтуды шешеме салған еді.

«Әманда   нанның ыстығы, сөздің пысығы жақсы» деп отыратын анам Шалатай Бәженейқызы.

–Бер, балам, –  деп қалды. Қолжазбамды қолына ұстата тұрып, тек, Төке жоғалып кетпесін деп ықияттап тапсырдым.

–Жоқ, жоғалмайды,  осында шығарда Қабдыкәрім ағаға сіз жайлы айтып келіскем, – деді ол.

Жылдар өтіп жатты. Бірер рет Төлегенге хат жазғам, хабар болмады. Бір күні Төлегеннен қалыңдау хат алдым. «Е, бастыра алмай, қолжазбамды қайтарған ғой» деп ойладым.Конвертті ашып қалғанда, бірнеше «Бастау» атты кітапшам, Төлегеннің бір парақ хаты шықты. Төлегеннің хатынан үзінді келтіре кетейін:

«Ал, Сүлаға, сіз бен біздің ұзақ толғатқан перзентіміз өмірге міне осы бейнеде келіп отыр. Шынайы достық, ізгілік ықыласпен тағы да құттықтаймын. Өзіңізді өлең өлкесінде өрісің кеңейіп, арнаңыз толыса берсін, осылай...».

23.XI. 1979ж.

   

Қайран, Төлеген!

Кімге өмір тосып ыңғай арай алдан,

Кімдердің көңіліне қарай алған..

Үзіліп кетіп жатыр талай үміт,

Жеткізбей кетіп жатыр талай арман, – деп өзі айтқандай қамшының сабындай қысқа, құстың тұмсығындай келте өмірің ойға алған шаруаларыңның оннан бірін орындауыңа мүмкіндік бермесе де, қазақтың аса көрнекті ақыны Қабдыкәрім Ыдырысовтың үміт кеткен інісі бола білдің.

Біз сияқты сол тұста қарашыл аттай ауылды айналсоқтап жүрген ағаларыңа қол ұшын созып, жинағын бастырттың, ең бастысы, өлең сүйер қауымға жыр жинақтарыңды ұсынып үлгердің.

Сол жырларыңның кейбірін өзіңнің өлеңдеріңді әлпештеп, аялап қанаттандырған тал бесігің «Сарыарқа самалына» ұсынуды жөн көрдім.

 

Сүлеймен Баязитов

ақын, Баянауыл ауданының құрметті азаматы

 

Ақ пейілі адамның

 

Осы болар өмірдің мәні, бәлкім,

Мейір көрсем мәртебем кетеді өсіп.

Отырады еркін кеп төріме әркім,

Мен үшін де болған жоқ бөтен есік.

Қалай ақсын туламай тыныш қаным,

Бойымда бір бұла күш барын білем.

Жауыздықтың қақ бөліп қылыштарын,

Адалдыққа арнаймын барымды мен.

Бар асылды ақтарам бойымдағы,

Маңдай терім моншақтап ағады шын.

Соның бәрі – күнімдей көгімдегі

Жылуы мол, жүзі нұр адам үшін.

Кетпесем де қондырып құсын бақтың,

Ізім болып ізгілік қалады нық.

Мен де өйткені өмірдің отын жақтым,

Ақ пейілін адамның пана қылып.

Кіші кімдер, демей-ақ ірі кімдер,

Адалына суыңның тұнығын бер.

Тіршіліктің күн десек қайнар көзі,

Жер бетінде толып жүр тірі күндер.

Солар барда

Нық басам қадамды алға,

Алынбайтын мен үшін қамал бар ма!

Күннің де батқанына қынжылмаймын

Жанымда жарығы мол Адам барда.

 

Талпыныс таңдары

Демейін озып алысқа кетем,

Қайткенде жұрттан қалыспай өтем!

Қарап отырсам тіршілік мына

Жүйріктері көп жарыстай екен.

Шабандоздардың жаныма қатты

Шапқанда қалған шаңдағы батты.

Шапқанда мен де шаң тастайын деп,

Талпынуменен таңдарым атты.

Таң атқан сайын талпынуменен,

Жырымнан жаңа жарқылды көрем.

Болмайды дейді шын жүйріктерде

Мәреге жетпей алқыну деген.

 

Шілдеде

Қанша гүлі шөліркеп, қанша бағы,

Қырдың жатыр кеберсіп еріндері,

Бала-дала еріксіз тамсанады.

Төбесінен тесіліп күн қуырған

Қалың орман қойнына аптап еніп,

Тұрып алды желінін қақтап еміп.

Жел де осынау азапқа төзбеді ме:

Құйындатып, уыстап шашады кеп

Өз тозаңын даланың өз бетіне.

Сәби дала жаутаңдап аспанына,

Күттірмеші дегендей енді мені,

Көздері боп көлдері телміреді.

Қағып сонда көк жүзі қоңырауын,

Қанжар болып жарқ етіп найзағайы,

Тіліп-тіліп жіберді омырауын:

Аспан-ана шығарып бұл- емшегін,

Ақ уызына бойынан лек-лек үзіп,

Нәр тілеген бөбегін жатты емізіп...

 

Төлеген Мұқаев

1
0
1486

Тоқтар Төлешов жайлы жаңа деректер.

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді.

Іс мұнысымен біте қоймады. Тергеу барысы көрсеткендей, Төлешовтің ұйымдасқан қылмыстық тобы бірнеше адамды өлтіргендігі, кісі ұрлау және адамдарды соққыға жыққандығы анықталған. Азаптаулар мен қинауларды Төлешовтің бұйрығымен фотоға және видеоға түсіріліп отырған. Бұл деректі мәліметтер тінту барысында анықталып, іс материалына жіберілген. Түсірілген адамдар анықталды және олар куәгер әрі жәбірленуші ретінде сотта куәлік беретін болады.

Тағы бір ақпарат,

Төлешов қылмыс әлемінің дөкейлерін ұзақ уақыт бойы қаржыландырған. Шетелдегі "Братский круг" сияқты белгілі қылмыстық трансұлттық қауымдастықтың лидерлері мен басты тұлғаларын қаржыландырып келгені және байланыста болғаны анықталды.

Оның тұрақты байланыста болған адамдарының ішінде қылмыс әлемінің лидері саналатын, лақап аты Дед Хасан, Жора Ташкентский деген лақап аты бар Георгий Сорокин, Гафур Рахимов (лақап аты Черный Гафур ), Нозин Джумаев (лақап аты Максим Бухарский), Ільяс Сұлтанов (дядя Ильяс) бар. Тергеу барысында Төлешовтен бұл адамдарға Рахимов пен Жұмаевтың қатысуымен ірі көлемде қаражаттың жиі жеткізіліп отырғаны туралы нақты дәлелдер алынды

 

Браткий кругтың басты көсемдерінің бірі Гафур Рахимов, лақап аты Қара Гафур Тоқтар Төлешовпен бірге.

 

Нозим Джумаев пен Тоқтар Төлешов




3
2
1308

Мұнайсыз Қазақстан: экономиканың жаңа тетіктерін ұсыну

1990 жылдары елімізге көптеген инвесторлар тартыла бастады. «Мұнаймен болашаққа» деп ұрандатқан Қазақ елінің 25 жылдан кейінгі экономикалық жағдайы индустриялды елдерге дейінгі елдердің қатарымен шектелді.

Қазақстан-жоспарлы экономикалық жүйеден нарықтық жүйеге ауысқан, экономикасының негізгі тірегі мұнай болып табылатын мемлекет.

Мұнайсыз Қазақстан –«голландтық ауруға» ұшыраған Қазақстанның басқа да салаларға көңіл бөлу мақсатында ұстанып отырған саясаты.

Жаңа тетіктері-экономиканың жаңа қозғаушы күші.

Қалыпты жағдай.

Әлемік экономикалық форумның (World economic forum) елдердің бәсекелестік рейтингі бойынша Қазақстан 50 орыннан 2015-16 жылдарға 42 орынға түсті. Енді осы ретте Қазақстанның алдыңғы қатарлы мемлекет болуына мнай әсер ететінін төмендегі кесте бйоынша көрсетемін:

Жылдар

WEF рейтингі

Экономикалық өсім

Мұнай бағасының өзгеруі

2005

61

2006

56

10

148

2007

61

2008

68

2009

72

1

38

2010

68

2011

67

2012

67

2013

50

7

112

2014

50

7

2015

42

1,5

40

 

Проблема: Мұнайға деген тәуелділік

Проблеманың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мұнай экспорттаушы мемлекет болғандықтан, біздің негізгі қаражатымыз мұнайдан түседі. Егер әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандайтын болса, біздің де табысымыз азайып қалады.

Себептері:

  • 1. Өндірістің төмендігі;
  • 2. Импорттық шектеудің аздығы;
  • 3. ШОБ-тың әлсіздігі

Мұнайға тәуелділік неге алып келді?

  • Теңге 185-тен 337-ге төмендеді;
  • ЖІӨ өсімі 7 %–дан 1,0 %-ға түсті;
  • Бюджеттің 40 %-ға жуығы мұнайдан түскен трансферттік ағымдардан болғаннан кейін, бюджет дефициті(2,2%, 997 млрд тг) орын алды;
  • Импорт 38 пайызға азайды, кедендік баж салығы 2 есе төмендеді.

Жоғарыдағы дүниелерді ескере отырып, Қазақстан өзіндік өндіріс орындарын дамытып, қолымызда бар шикізатты тек шикідей емес, өнім ретінде жасап шығаруға, ШОБ-ке көңіл бөлінуді, кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдауды, және сол кәсіпкерлер шығарған өнімдерін ішкі нарықта өтуін қамтамасыз етуіміз керек.

Қазіргі таңда Қазақстан 90 % импорттаушы (тұтынушы) мемлекет ретінде табылады.

Қауіпсіз мемлекет деп тек қана мықты әскері бар мемлекет емес, одан бөлек өз мемлекетін күнделікті керек жарағымен және бағасы төмен тауарлармен қамтамасыз ете білетін мемлекет болуы тиіс. Осы ретте Қазақстан өзін ең бірінші деген азық-түлікпен 35% ғана қамтамасыз етуде, қалған 65% -ын импорттайды. Бізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан бір 2014 жылдың өзінде 28 млрд. теңге бөлінген болатын. 1990 жылдары ауыл шаруашылығы  ЖІӨ-нің 15 %-ын құраса, қазір 5%-ға да жетпейді. Осы ретте біз «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында ауыл шаруашылығына 2020 жылға дейін ғана субсидия құя аламыз. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымының қойған шарты бойынша. Одан ары қарай кәсіпкерлер өздерін қаржыландыратын болады.

Ендіге ретте мемлекет:

1)    Сырттан тартылатын инвестицияларды нақты секторға құю керек. Біздің шикізат қорын игеру, инфрақұрылымды дамыту ғана емес, нақты өндіріс орындарын ашуға шақырған жөн;

2)    Ауыл шаруашылығына 2016-2020 жылдары аралығында барынша қаражат құйып қана қоймай, осы салаға кәсіпкерлерді тарту керек. Дәл осы жерде өзіміздің төл аглокластерімізді жасап шығаруымыз керек;

3)    ДСҰ-на кірген күннің өзінде Қазақстанның кәсіпкерлері өз нарығымызда бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуіміз керек. Егер олай болмаған жағдайда біз өзіміздің құрған 24 жылдық еңбегімізден айырылып қаламыз;

4)    Қазақстан Республикасының ішкі нарығын өзіндік тауарларымен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл үшін еліміздің логистикасын дамытқанымыз жөн. Қазақстан өзін сүт өнімдерімен 65% -ға қамтамасыз етсе, соны 90 %-ға жеткізуіміз қажет(осы мысалда басқа да азық-түлік тауарларын). Өйткені мемлекет халықты барынша қолжетімді арзан тұтыну тауарларымен қамтамасыз етуі керек.

5)    Қазақстан сандық емес, сапалық позицияда жұмыс жасауы керек. Бұл дегеніміз өндіріс орындарын сан үшін емес, еліміздегі сырттан келген кәсіпкерлерге төтеп беретін, сапалы тауар өндіре алатын кәсіпкерлер болуын қамтамасыз етуі керек. Сол кезде ғана біз ДСҰ-ға ене отырып, өзіміздің төл тауарларымызды өндіре аламыз.

Жоғарыда аталғандай біз өзіміздің экономикамыз үшін әртараптандырудың дұрыс екенін білеміз. Өйткені мұнай біздің қолымызда емес, оны әлемдік нарық шешеді, ал біз өзіміздің қолымызда болатын төл тауарларымызды өндіруіміз керек. Басқа салаларымыз әлсіз болғандықтан 24 жыл бойы мұнайға масыл болып келдік, сендік. Керек десеңіз мұнайдың өзі мәңгілік емес, ол да бітеді.

Ең дұрысы, өзіміздің кәсіпкерлерді қолдайық, олар сапалы, тиімді тауар шығарсын, сол тауармен мемлекетті қамтамасыз етейік, артығы болса экспортқа шығарайық. Біз қазіргі таңда сырттан тауарды еріккеннен сатып алып отырған жоқпыз, тауардың жеткіліксіздігінен, жоқтығынан. Ол әрине, бізге қымбат бағамен келеді. Сол себепті, Азияның барысы екенімізді дәлелдеуіміз үшін Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын сапалы тауар шығарайық. Бірақ оған дейін өзімізді қамтамасыз етіп алсақ дұрыс болар еді.

 
0
0
1590

Павлодар облысының Трамвай басқармасында бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Павлодар қаласында орта-арнайы және жоғары оқу орындарының түлектері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ерекше жерде – Трамвай басқармасында өтті.

Инженер-металлург, электромеханик, инженер-құрылысшы, бухгалтер сияқты мамандықтардың түлектеріжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы бірден әңгімелесуге шақырылды.

Жұмысқа орналасу үшін 7 адамға бос орындар бар, сондықтан, егер жұмыс орны болса,  бірден жұмыс берушіге бару керек, - деп атап көрсетті Лариса Кузьменкова,«Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің басшы орынбасары.

Сонымен қатар, " Павлодар қаласының Трамвай басқармасы " АҚ өкілі бос жұмыс орындарының тізімін ұсынып, әкімшілік лауазымдар мен кәсіптердің 78 бос жұмыс орнын атады. Солардың ішіндегі сұранысы көп мамандықтар - электрослесарь, дәнекерлеуші, слесарь ,монтер, кондуктор, трамвай жүргізушісі.

Осы жәрмеңкеге Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторлары да қатысып, 1000-нан аса бос жұмыс орындарын ұсынды. Көптеген жас мамандарды тек қана диплом бойынша алған  мамандықтары қызықтырды.

Сондай-ақ, бүгін қаламызда Халыққа қызмет көрсету орталығында  тағы бір мамандандырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.Бұл жәрмеңкеде Жастарға қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жұмысқа орналасу туралы кеңестер берді.

 
0
0
805

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

12.07.2016 ж.                                                                                     Рудный қ.

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды.

Жұмыс сапары шеңберінде сүт және қышқыл сүт өнімдерін өндіретін «Лидер – 2010» ЖШС (Қостанай облысы, Рудный қ.) цехының алаңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтың төрағалығымен мал шаруашылығының ағымдағы жағдайы және дамуының перспективалары бойынша кеңес болып өтті. Кеңеске облыстың және шекаралас аймақтардың ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстанның Ет Одағы» ДКЖЗТБ, «Қазақстанның Сүт Одағы» ЗТБ, «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ, «Қазақстаның фермерлер одағы» РҚБ және де «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ өкілдері мен еншілес ұйымдары қатысты.

Мал шаруашылығының ағымдағы жағдайы және дамуының перспективалары туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов баяндады. Министр өзінің баяндамасында мал шаруашылығының ағымдағы жағдайы, қол жеткізілген жетістіктері, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып өтіп, кеңеске қатысушыларға субсидиялаудың тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жеткізді. Ауыл шаруашылығы министрі ет және ет өнімдерінің экспортының айтарлықтай өсімін атап өтті.Атап айтқанда, 2015 жылы ет және ет өнімдерінің экспорт көлемі 16,0 мың тоннаға жеткен. Ағымдағы жылы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8,0 мың тоннадан аса ет және ет өнімдері экспортқа шығарылған.

Сонымен қатар, жем-шөп өндіру мен құрама жем өндірісін дамыту бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Яғни, құрама жем зауыттарының қуаттары (қазіргі таңдағы жүктелімі 40%) мен егіс алқаптарының құрылымын диверсификациялау.

Анықтама ретінде: Қазіргі таңда құрама жем зауыттарының өндірісі қажеттіліктің бар болғаны 35%-ын қамтып отыр. Қалғаны импорт).

Сүт өнімдері импортының орынын басу үшін сүт өнімдерін өндіруге керекті шикізатты субсидиялау ұсынылды. Атап айтқанда, бюджет қаржысының басым бөлігін басымдық ретімен сары май өндірісін субсидиялауға бағыттау. Яғни, сол кезде импорт көлемі 40% болады.

Әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық әзірленімдерді кең ауқымда енгізу үшін «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ кешенінде Технология трансферті орталығы құрылады.

Сүт қабылдау пункттерін және отбасылық бордақылау алаңдарын құру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірістегі және оны өткізудегі қызметті орталықтан ұйымдастыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру жолымен оларды пайдалану есебінен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және қайта өңдеу кәсіпорындарының қуатын толық жүктеу бойынша шаралар жүзеге асырылуда.

Анықтама ретінде:  республикада 1,5 млн. аса өзін-өзі қамтыған халық, оның ішінде 762 мың адам  нәтижелі жұмыспен қамтылғандар

Қостанай, Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстары бойынша 207 сүт қабылдау пункттерін, 4840 отбасылық бордақылау алаңдарын және олардыауылдық округтердің масштабында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіруді ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Шараларды қаржыландыруға «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының қаражаттары тартылатын болады.

Анықтама ретінде: «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясындат шағын кредиттердің 90%-ы ауыл шаруашылығына беріледі

Кездесудежаңа өткізу нарықтарын ашу қажеттілігі және ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай мен Иран нарықтарына экспорттау үшін шектеулерді алып тастау бойынша жұмыстардың атқарылып жатқандығы атап өтілді.

Жалпы, жиналыс барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен, Қазақстанның Ет одағы, Қазақстанның Сүт Одағы және Қазақстанның құс өсірушілер Одағы өкілдерімен саланың проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
[email protected]
www.minagri.gov.kz

0
0
828

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/soltustik-kazakstan-oblystyk-sotynyn-toragasy-oblys-turgyndarymen-internet-konferenciya-otkizdi

0
0
293

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы және кеңес мүшелері азаматтардың көшпелі қабылдауын жүргізді

А.ж. 12 шілдеде Зеренді ауданы әкімдігінің аппаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы және кеңес мүшелері  азаматтардың көшпелі қабылдауын жүргізді

Зеренді ауылдық округінің бас маман-бухгалтері Қ. Ақмағанбетова мемлекеттік қызмет саласында нақты өтілі бар қызметкерлер жұмысқа қайта алынғанда есептелетін еңбекақы мәселесі жөнінде сауал қойды.

«2015 жылы мен зейнеткерлік жасқа жеттім. Менімен жасасқан  еңбек шарты бір жылға ұзартылған болатын. Қазіргі таңда мен кәмелет жасына толмаған баланың қамқоршысы болып табыламын, орын алған жағдайларды назарға ала отырып, еңбек шартын тағы бір жылға ұзартуға бола ма?», –  Департамент басшысы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша  Әдеп жөніндегі кеңесінің  басшысы Қ. Жапақовқа бұл сұрақпен экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі С. Баймурзина жүгінді.

Зеренді ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы                                            М. Алпысбаеваны бөлімнің E-R-4 санаттағы бас маманына неге жоғары білімінің болуы туралы талап қойылуы туралы және  орта арнайы білімі бар, тең дәрежелі лауазымдағы, мемлекеттік қызметте 12 жылдан астам өтілі бар   мемлекеттік қызметші  неге қабылданбайтыны жөніндегі мәселе толғандырды.

Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы                                   А. Төлегенов мемлекеттік қызметшілерге  еңбекақының факторлық-балдық шкаласы бойынша бонус төлеу тетігі жөнінде сұрақ қойды.

Азаматтарды қабылдау барысында жүгініп келген азаматтардың баршасына қойған сауалдары бойынша  толыққанды түсіндірулер мен    түбегейлі жауаптер берілді.

0
0
280