Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сұлулық» қалай түсінесіз?

Әдемілік. Сіздің түсінігіңіз бойынша ол не? «Әдемі қыз» - бойы ұзын, арық, бота көз, қиғаш қасты ару. Демек, сұлулықтың сипаттамасы бар екен. Қазіргі қыздарды шыны керек бір-бірінен ажырату қиын. Бәрі де айналып келіп «әдемі қыз» образына жүгіреді. Қара қыздар ағарады, қастарын бір формаға келтіріп, қиғаштау  үшін жұлады, ұзару үшін аяқтың азабы болған өкшені киеді, көздерін үлкейту үшін бояйды. Міне, бояну, әдемілену деген осы. Ешкім де қараю үшін, не көзін кішірейткісі келіп бояуды жақпайды. Барлық қыздың ойындағы «әдемі қыз» образы тек осы жалғыз тип, бәрінің де бетінде бір бетперде.

Ал шындығында, әдемілік қалай қалыптасқан? Мүмкін, басқа планетада біздің «әдемілік» нағыз ұсқынсыз адам шығар...?

Дүниеге келе салысымен, өскен ортамызға қарай «әдемілік» ұғымын өзгелер арқылы түсіне бастаймыз. Егер, сізді мүлде жат тәрбиемен өсірсе, толық қыздар ең сұлу, көз деген кішкентай ғана болуы керек десе, сіз қазір кімді ең әдемі қыз деп санар едіңіз?

Осы сіз өзіңіз, екі ортада өскен, екі адамның бірі үшін ең сұлу, сізге жетер ешкім жоқ болса, енді бірі сізді ұсқынсыз санайды.

Сонда, сұлулық деген нәрсе әлемде шынымен бар ма? Әлде ол адам санасына қарай, кез-келгенді сұлу етіп көруге болады ма?

Дүниеге келген әрбір адам сұлу. Тек оны көрер көз болса. «Сіз өзіңізді сұлу деп санап, өз-өзіңді сүйсеңіз, өзгелер де сізді сүйетін болады» дейді. Неге?  Себебі, сіз өзгелерге сұлулыққа деген көзқарасыңызды паш етіп, оларды өзіңізбен ертесіз. Сұлулық деген – жай ғана санамен ойнау. Мен ең сұлу жігітпін деп күн сайын өзгелердің құлағына тыныштық бермесеңіз, уақыт өте келе олар да сіз туралы осы жігіттің бір тартымдылығы бар деп ойлай бастайтынына кепілдік беремін!

Тек маймыл ғана өзін ұсқынсыз санайтын болар, айнаға қарап (әзілден алынған). Санасы бар адам өзін әрқашан да сыйлайды, маймыл деңгейіне түспейді. Сондықтан, өз-өзіңізге сенімді болыңыз, себебі «сенім» жетістік қайығының желкені. Желкенсіз қайықтың не боларынан хабардарсыз ғой?)

P.S. мысал ретінде CANON компаниясымен жүргізілген  бір адамның 6 суреті, фотографтың санасымен ойнау арқылы түсірілген.

Сіз үшін "сұлулық" деген не?

«Нетипичная красота»

0
0
2040

Осы тақырып бойынша

«Сұлулық» қалай түсінесіз? - Yvision.kz