Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамадағы жаңалықтар түсіндірілді
2016 ж. 11 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде семинар өткізді.
Мекеменің ұжымы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуы туралы хабардар етілді, бірінші институттық реформаны жүзеге асыру шеңберіндегі кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың тұжырымдамалық негіздерімен, сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдарына енгізілген өзгерістермен таныстырылды.
Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Е.К. Сүлейменов конкурстық рәсімдерді өткізу шарттарымен, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібімен және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға енгізілген басқа да өзгерістер туралы түсініктемелер берді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қ.Х. Уажанов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарына енгізілген негізгі өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын жүргізу тәртібі туралы баяндады.
Семинар барысында қойылған сұрақтардардың бәріне Департамент қызметкерлері толық жауап берді.

