Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ОАР елінің саяхатшысы Дэвид Маркус Клинтон келді.

29 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ОАР елінің саяхатшысы Дэвид Маркус Клинтон келді. (ОАР) саяхатшысы Дэвид Клинтон, жер шарын айналып жүріп 5 жылдың ішінде 79 елге барып көрген. 2016 жылдың 22 сәуірінде Қазақстаннан өтіп бара жатқанда, ол Балқаштың маңайында жол апатына түседі. Оның көлігі сынып қалғандықтан, саяхатшы экспедициясын тоқтатып, көлігін жөндеу үшін әлеуметтік желілер арқылы заттарын сатуға мәжбүр болды. Қазақстанда жол-көлік оқиғасына ұшыраған ОАР саяхатшысы Дэвид Клинтонға Қазақ Географиялық Қоғамы қолдау көрсетіп Қазақстаннан Оңтүстік Африкаға қарай өзінің автокөлігімен экспедициясын жалғастыруға мүмкіндік алды. Қазақ Географиялық қоғамынан қолдау алып экспедициясын жалғастырып, отанына ОАР -ға қайтып оралуы үшін, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Иран, БАЭ, Кения, Танзания, Малави, Мозамбик, Зимбабве, ОАР елдері арқылы 15 мыңнан астам шақырымды жүріп өтіп, туризмді және ЭКСПО-2017 насихаттайды.

0
0
393

Осы тақырып бойынша

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ОАР елінің саяхатшысы Дэвид Маркус Клинтон келді. - Yvision.kz