Партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру әдістерінің бірі ретінде жұмысқа қоғамның барлық мүмкіндіктерін тарту
21-22 шілдеде Қарағанды қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің өңірдегі басшыларымен Партия хатшысы Қ.Жұмашевтің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңес Төрағасының Бірінші орынбасары О.Әбдікәрімовтың, Қарағанды облыстық партия филиалының Төрағасы К.Оспановтың, сондай-ақ, облыстық прокуратура, Мемлекеттік қызмет жөніндегі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаменттерінің, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен республикалық семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңестің жұмысына Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері М. Ахметқалиев қатысты. Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков семинарға жиналғандардың алдындағы құттықтау сөзінде Қазақ…

