Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тағдырдың өзін жеңгендер

Оның жетістіктеріне қарап, ол ағылшын королевалары отбасынан шыққан болар дерсіз. Жоқ!!! ОЛ - королева болып туған жоқ, бірақ солай өмір сүруде. ОЛ - өзінен - қараша отбасынан шыққан қыздан, королева жасаған адам. ОЛ - тағдырын жеңген қыз. Оның беделі АҚШ президентінен де биік. Ол - ОПРА УИНФРИ.

Бала кезімнен  34 млн америкалық жігіттерді және 15 млн америкалық бойжеткенді өз көрермені ете білген Опраның сиқыры қандай деген  ой мазалайтын. Оның аудиториясы өзінен кейінгі тұрған әлемдік деңгейдегі жұлдыздардан 55% -ға көп екенін естіген боларсыз.

Оның балалық шағы қиындыққа толы болды. Ол бүтін көйлек кимеді, тоя тамақ ішпеді. Оның әкесі анасымен некесін қимады. Ал шешесі үй қызметшісі болып, нан тапты. Әкесі әскери борышын өтеу үшін жыраққа кетті. Ал анасы Милуокиге уборщица болып жұмысқа тұру үшін Опраны әжесіне тастап кетті.

Әжесі Опра сәл қателессе, аяусыз жазалайтын. Оның сырласы - үй жануарлары, ал мотивация беретін жалғыз дүние - кітап қана болды. 6 жасында оны анасы алып кетті. Өгей әкемен және өгей бауырларымен бірге тұрған Опраның көрері әлі алда екен. 9 жасында оған немере ағасы зорлық көрсетті. Зорлағаны үшін кешірім ретінде морженное сатып алып та берген екен. Немере ағасынана кейін Опра анасына келген қонақтар мен анасының туыстарының құрбандығына айналды. Мазақ пен қорлыққа шыдамаған Опра 13 жасында әкесіне қашып кетті. Тағдырдан соққы көрген амбициозный Опра бәрін жеңуді үйренді. Жеңді. Ол осы болған жағдайларға қарамастан, "Дәл қазіргі қалпыма жететінімді әрқашан да білдім" дейді.

Журналистика әлемінде мен үлгі тұтатын тағы да бір адам бар. Ол - қазақ әйеліне үлгі болған әйел. Ол - Ләйлә Сұлтанқызы. Оның қазіргідей "Ойпырмай, Ләйлә!", "Ләйлә қандай сұлу!", "Оның жан дүниесі сұлу" деген сөздерге арқау болғанына үш жыл болды. Ол - бақытты әйел. Бақытты жасай алатын әйел. Өз көрерменін, өз отбасын, өз өмірін шексіз сүйетін әйел. Қазақ әйелінің біреуден үлгі алуы қиын. Бірақ, қазақтың қай әйелі болса да, Ләйләдан үлгі алады, төбесіне көтереді, өзінен жоғары қояды. "Әйел бақытының" инстаграмдағы жазылушыдар саны көп жұлдыздардың жазылушыларынан көп. Қазір "Әйел бақытын" Ләйлә Сұлтанқызынсыз елестете алмаймыз. Қазақстандағы ең рейтингі жоғары журналиске айналды. Бір қызығы ол кісі өзін батыл санамайды. Қояндай қорқақпын дейді. Тәтті-ақ суреттеріне қарап солай ойлауға да болатын шығар. Бірақ, ол кісінің бойында бір алапат күштің бар екені де  - анық.

Міне, бақытты қолдан жасай алатын әйелдер. Адамдар осындай сәттілікке қалай жетеді? Менің бір байқағаным мұндайда үлкен мінез керек!!! Мінез керек!!! Бәріне қарсы тұратын мұқалмас мінез!!! Тағдырдың өзін жеңетін мінез. Тағы бір сәттілігінің сырын айтайын ба? Ол - мақсат. Қиындықтан мұқалмайтын, керісінше, қайралатын мақсат. Сізге бір қызық айтайын ба?.. Мен қиындықты жақсы көремін! Дұрыс түсіндіңіз! КӘДІМГІДЕЙ жақсы көремін! Кейде тіпті сол қиындықты қолдан жасайтын кездерім де болады. Өз басына өзі бәле тілеп жүретіндердің қатарынанмын, былай айтқанда.  Өйткені, қиындықтан қашсаң, ол сені қуады және көбейеді. Ал оны қусаң, ол қашады да, бақыт сені іздеп келеді.

Бұдан кейін тағдырды әрбір адамның өзі жасайтынына қалай сенбессің?.. "Менің тағдырым - бақытсыз. Бәріне сол ғана күнәлі" дегенді жиі естимін. Қарызға батсақ та, біреуді күнәлаймыз. Отабасылы болып тұрып, біреумен ойнас болсақ та, біреуді күналаймыз. Мүмкін сіз жетім болып дүниеге келген шығарсыз... Мүмкін сіз сізді жек көретін адамдармен бірге өмір сүріп жатқан шығарсыз... Мүмкін сізді әкеңіз тастап кеткен шығар... Мүмкін сіздің анаңыз адуын адам шығар... Мүмкін сізді адамдар таптап өтетін шығар... Сіз таптатпаңыз! Мыңдаған мүмкіндер бар. Және мыңдаған мүмкіндіктер де бар. Бірақ бәрін де жеңуге болады! Опра жеңді ғой. Ләйлә биікті бағындырды ғой.  Ендеше, сіз де жеңіңіз! "Биіктеңіз! Өсіңіз! Таралыңызы! Тасқындаңыз! Тек қана биікпін деп асқынбаңыз." Тек алға!!! Айтайын дегенім - осы.

 
3
1
952

Осы тақырып бойынша