Спорт жемқорлыққа қарсы
А.ж 25 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» марафоны аясында Аршалы кентінің орталық алаңында авто және авиамодель спорт түлерінен «Жастар адал жолмен» спорттық жарысы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: авто және авиа модельдік спорт түрін дәріптеу, жастардың назарын техникалық спорт түріне аудару, шабандоздардың спорттық дағдыларын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Автомодель спорты бойынша жарыста:1 орынды – ҚР автомодель спорты бойынша чемпионы Лидер Вильгельм, ал 2 орынды - Демидов Иван иемденді.
Авиамодель спорты бойынша: 1 орынды – ҚР авиамодель спорты бойынша чемпионы Ламанов Иван алса, 2 орынды – авиамодель спортының күміс жүлдегері Манапов Ибрагим қанағат тұтты. Аталмыш іс-шара «Жастар адал жолмен» ұраны аясында өтті, себебі, техникалық сауаттылық біздің жастардың даму жолының басты бағыты болып табылады.
