Мақсатымыз ел мәртебесiн көтеру
-Камила сiз бiлiм беру жүйесi үш тiлдi бiрдей қамтыған Халықаралық ақпаратты технологиялар университетiнде бiлiм алып жатырсыз. Ағылшын тiлiнде оқу туралы не ойлайсыз?
-Жалпы IT университетi Қазақстан бойынша үш тiлде бiлiм беру бойынша ерекшеленедi. Яғни, ең мықты университеттер қатарына осы жүйесiмен енiп отыр. Университетте ағылшын тiлiнде дәрiстердiң өтуi оқытушылар мен студенттерге және олардың болашағына да өте тиiмдi. Бiздiң мақсатымыз елiмiздi биiк шыңға көтеру болса, ол үшiн бiз ең бастысы тiлдi бiлуiмiз керек. Оның iшiнде бiрiншi -ана тiлiмiз, екiншi ресми құжат тiлi орыс және халықаралық тiл ағылшын тiлi.
-Мектеп қабырғасында қай тiлдерде оқыдыңыз? Неше тiлдi жетiк бiлесiз?
-Ал, мектепке келетiн болсақ, мен Дарын мектебiн бiтiргенмiн. Онда да бiз тереңдетiлген пәндер бойынша ағылшын тiлiнде өттiк. Бiрақ онда бiз барлығын таза ағылшын тiлiнде оқып кеткен жоқпыз. Мысалы: химия, биология, алгебра, физика, геометрия сияқты тереңдетiлген пәндерден бiрiншi термин сөздердi оқып мағынасын ағылшын тiлiнде бiлдiк.
-Мектептерде үш тiлде сабақ жүргiзу енгiзiлгелi жатыр. Ол туралы не ойлайсыз?
-Менiң ойымша үш тiлде оқыту тек Дарын, КТЛ, НИШ та ғана емес сонымен қатар, қарапайым орта мектептерде, әсiресе ауылдарда қолға алынғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебi, шалғай ауылдарда оқып жатқан балалар ағылшын тiлiн мүлдем меңгермеген және тiлдi бiлмегендiктен ЖОО таңдауда да көп кедергiге ұшырайды. Ал, ауылдан шыққан қаншама дарынды балалардың қалаған жерiне Оуға түспей, орта бiлiм алып қалып коюы қынжылтады. Мысалы: менiң таныстарым бар, олар жазғы уақытта ағылшын тiлiн меңгеретiн болсақ үш тiлде бiлiм алуға қарсылықтары жоқ екенiн айтып отыр. Яғни, жастардың өзi қолдау көрсетiп тұрғанда бұл жүйенiң қолға алынғаны өте дұрыс деп ойлаймын.
Сұхбатыңыз үшiн рахмет! Алдағы уақытта оқуыңыз бен жұмысыңызда табыс тілеміз!
Сұхбат берген IT университетінің студенті Камила Есенғали
