БҚО-да ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды
2016 жылдың 15 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» жаңа Заңының нормаларын түсіндіру жөнінде семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес жұмысына облыстық және аудандық мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға жауапты мемлекеттік қызметшілері қатысты. Кеңесті Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Мұратов ашып, ол ұлт Жоспары «100 нақты қадамның» алғашқы 15 қадамы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап өтті. Одан әрі, ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңын түсіндіру бойынша Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Д.Ерманов баяндам…


