Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Әлемдік үйлесімділік жүгірісі»

Баянауылдықтар «Әлемдік үйлесімділік жүгірісі» алаулы эстафетасына қатысушыларды қарсы алды. Биыл үйлесімділік жүгірісі Қазақ елінің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.


«Әлемдік үйлесімділік жүгірісі» алаулы эстафетасына қатысушыларды аудандық «Жастар орталығы» ,дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Жас дәурен» сауықтыру орталығы,қарсы алды.

Биылғы «Әлемдік үйлесімділік жүгірісінің» үйлестірушісі — Дәурен Оспанов Баянауылдықтарға жылы лебізін білдіріп, жиналған қауымға кезек-кезек бейбітшілік алауын ұстатты.


«Әлем жүгірісі» - халықаралық шырақты жеңіл атлетикалық эстафетасы әр ұлт өкілдері арасындағы бірлестікпен бейбітшілікке шабыттандырады, патриоттық сезімді оятады, салауатты өмір салтын насихаттайды. Эстафетаның жалғасын табу үшін жағылған шырақтар әлемнің түкпір-түкпір жерлерін аралайды.

0
0
864

Осы тақырып бойынша

«Әлемдік үйлесімділік жүгірісі» - Yvision.kz