ҚР ДСӘДМ-де әлеуметтік-еңбек саласының 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметі қорытындыланды
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен ҚР ДСӘДМ-нің ағымдағы жылдың 6 айындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметінің қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті. Шараға ҚР ДСӘДМ жауапты хатшысы, вице-министрлер, комитет төрағалары, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары, бейнебайланыс режимінде – облыс, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, еңбек инспекциясы басқармаларының, ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменттерінің басшылары қатысты. Отырыс барысында Тамара Дүйсенова ағымдағы экономикалық жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, қызметкерлерді жаппай жұмыстан…