Мазмұнға өту

Жаңа

«Quest-Pavlodar» ойыны өтті

Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы жастарға қалай бойы «Quest-Pavlodar» ойының өткізді. Ойынға төрт команда қатысып, ой зеректіліктері мен шапшандылықтарын көрсетті. Қатысқан командалар: «A», «HOME CREDIT PAVLODAR», «ЗООПАРК», «GIRLS». Орталық жағажайда қатысушыларға түрлі түсті жиделер таратылып, ойын шарттары түсіндірілді. «Ойын ережесіне сәйкес қадағалау нүктелері орнатылған бағыттар бойынша жүріп өту керек. Әр нүктеде командаларға түрлі сипаттағы тапсырмалар берілді - шығармашылық, лигикалық, физикалық төзімділігіне қатысты және т.б. Ереже бойынша тиісті бағытты ең аз уақыт ішінде жүріп өткен және барлық тапсырманы дұрыс орындап шыққан команда жеңіске жетеді. Квест-ойыны түріндегі жарыс қатысушылардың қала тарихы, Отан және басқа…

0
0
2183

Тәуелсіз елдің құрдасы – Қазақстан полициясы сапында

Қазақ елі үшін бұл жыл тарихи сәттерге, мерейлі жаңалықтарға толы жыл болды. 25 жыл бұрын еңсесін енді тіктеп келе жатырған жас мемлекет өзін егемен ел деп жариялап, Тәуелсіздік жайлы заң қабылдаған болатын. Осы уақыт ішінде түрлі жаңарулардан өтіп, Мәңгілік ел болу жолында нұрлы қадамдар жасап, дамыған 50 елдің қатарынан бой көрсетіп, әлемге сыйлы әрі сенімді мемлекет ретінде танылды. Осындай жас әрі қарқынды дамушы мемлекетпен бірге азаттықтың ақ таңында дүниеге келген, балалық шағын ашық аспан астында өткізген Тәуелсіздің құрдастары да өсіп келеді. Солардың бірі – Пазылхан Даулет Алтынбекұлы. 1991 жылдың желтоқсанында дүниеге келген ол ата-анасына ғана емес, еліне үлкен сый жасаған болатын. Кішкентай кезінен қайсар рухты, айтқан сөзінен тайсалмайтын беріктігі, шыдамдылығы мен төзімділі…

0
0
1380

«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасының 3 күнінде 39 қоғамдық көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

2016 жылдың 25-27 шілде аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Шараның 3 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың барлығы 1527 дерегі тіркелді. Оның ішінде, көлік құралын мас күйінде басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша) – 40, техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 9-бөлігі) – 30, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы) - 214, белгіленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы) – 180, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 59…

0
0
782

Бас, бас, бас қамшыңды тоқтама!

Өзі тәтті-ақ. Жеп қойғың келеді. Ол кім? Ол - қазақтың Төреші. Әндері күшті. Прямо жаны бар. Қайнар аға да өлтіріп жазып береді. Төреш те жүректерге жеткізеді ғой оны. "Көңілім күз болып, күңіреніп кеткенде" де тыңдайтыным осы - Төреш. "Жадырап күлгенде де"тыңдайтыным осы - Төреш. "Жаным, қазақ! Барым - қазақ! Баянды болсын, Бағың қазақ!" дейтін Төреш қазір қазақтың жаны болып тұр. Елін сүйген халқына Ұлы дала баласының салған әні барған сайын жағып бара жатыр. "АЕҮҮЙ" деп сыр елінің мақамына салғанда, сыр сүлейлерін тыңдап өскен менің кәдімгідей арқам қозып кетеді. "ҮҮЙ" де "ШАП" дегенде ше?.. "Ұлы даласы мен болайын, менің ұлы қорғаным сіздерсіздер" дейді өзі. "Іздеме" десе де, іздейміз де отырамыз ғой. "Жазда, қыста, көктем, күзде де іздейміз. Бұрын "Сөз мергенді" жүргізгенде, онша ізд…

3
0
1011

Жоғарғы Сот Қостанай облысы Жітіқара қаласының бұрынғы әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны күшінде қалдырды

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының қаулысымен Е.Жандыровты ӘҚБтК-нің 79-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қаулысының күші жойылды. Жоғарғы Сот осы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотының қаулысын күшінде қалдырды. 2015 жылғы 18 қыркүйектегі іс құжаттарына сүйенсек, Жітіқара ауданының әкіміне Жітіқара қаласының бір топ тұрғындарынан өздерінің көршілері электр қуатын тарату желісіне өз еркімен қосылғандығы және коммуналдық қызмет ақысын ұзақ уақыттан бері төлемегендігі туралы арыз келіп түскен. Осы арызды қарау Жітіқара қаласының әкімі Е.Жандыровқа, «Жітіқаракоммунэнерго» МКК және «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұ…

0
0
449

Қазақстанда Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күресу күніне арналған айлық басталды

Бүгін Қазақстанда Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күресу күніне арналған айлық басталды. 28 тамызға дейін еліміздің барлық өңірлерінде тұрғындар үшін оқыту семинарлары, медицина қызметкерлері үшін тренингтер өтеді. Медициналық-санитарлық көмектің алғашқы ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда азаматтар инфекционист, гастроэнтеролог, гепатолог мамандардың вирусты гепатиттың алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша тегін консультациялар алып, скринингтік тексерулерден өте алады. Шараны өткізудің мақсаты: қоғамның назарын аурудың алдын алу, скринингке, вирустық гепатитпен және онымен байланысты аурулармен күресуді күшейту мәселелеріне аудару. Вирусты гепатит – бауырдың қабынбалы инфекциялық ауруы. A, B, C, D және E вирустарының салдарынан әлемнің жүздеген миллион…

0
0
386

Қазақстанда медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының екінші кезеңі басталды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова аймақтардағы, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарларымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесін енгізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді. Олар өз кезегінде МӘМС-тің негізгі қағидалары жөнінде аудан, қала әкімдері, аймақтық мемлекеттік органдардың басшыларына мәлімет береді. Әрі қарай ақпарат ел азаматтарына таратылады. Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) «Аймақ, аудан, ауыл» қағидасы бойынша халық арасында өткізілетін ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова МӘМС-ті енгізу – дамыған елдердің тәжірибесі бойынша ҚР денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығ…

0
0
517

«Жемқорлық – бұл зұлымдық»

А.ж. 27 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен бастау алған «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде Аршалы аудандық кітапханасында мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдерінің және жастардың қатысуымен «Жемқорлық – бұл зұлымдық» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы түрлі форматтағы іс-шараларды өткізу арқылы сыбайлас жемқорлық мәселесіне қызығушылықты арттыру жолымен қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру. Іс-шара «Ашық микрофон» түрінде өтті. Іс-шара барысында «Аршалы ауданының әкім аппараты» ММ заң қызметінің басшысы Г.С.Есеңғартоваға көптеген сұрақтар қойылып, көкейге қонымды жауаптар алынды. Конференцияның аяғында «Сыбайлас жемқорлыққа «жо…

0
0
437

Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңындағы жаңалықтар түсіндірілді

2016 ж. 26  шілдеде  Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және  көші-қон  департаментінде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) бас маманы Қ.Х. Уажановтың қатысуымен  семинар өтті.

Департаменттің   қызметкері    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына енгізілген негізгі өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын  жүргізу тәртібі туралы  баяндады.

Семинар барысында қойылған сұрақтардардың бәріне Департамент қызметкері  толық  жауап берді.

0
0
484

Туу туралы куәлік 3 күннің ішінде дайын болуы керек – Мақтарал ауданы АХАЖ секторының меңгерушісі Айнұр Бекманова

Бүгін Мақтарал ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Мемлекеттік қызметтер» туралы семинар өткізді. Іс-шараға Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары, АХАЖ секторының басшылары, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Айта кетейік, «Мемлекеттік қызметтер» туралы семинар бірнеше тақырыптарға бөлінген. Бүгінгі тақырып «Ахаж секторына» арналды. АХАЖ секторының меңгерушісі Айнұр Бекманова сектордың халыққа көрсететін қызметтері туралы толық түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, сектор басшысы жақында ғана қабылданған жаңа заң туралы айтты. «Жаңа заң бойынша, жаңадан туылған сәбидің ТУУ туралы куәлігі 3 күннің ішінде дайын болуы керек. Дайын болмай қалған жағдайда құжаттар жағынан қиындық туындайды.…

1
0
883