Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ал, Астана! Селтикті «селтитетін» сәт туды!

Астана-Селтик ойынын өткенде көрдім. Әттеген-айлар көп болды. Шынын айтсам, қолдан есе жіберіп қойдық. Бүгін енді, қарымта қайтаратын кез туды. Иә, бүгін қазақстан футбол әуесқойлары үшін ерекше түн. Астана уақытымен сағат  00:35  Шотландияның Глазго қаласының «Селтик Парк» стадионында «Астана » және « Селтик » командалары арасындағы Чемпиондар лигасының үшінші біліктілік раунды өтеді. Әрине, бұйырса жібермей көреміз. Бұл бір шешуші кезең. Себебі, Еуропалық клубы маусымында Қазақстан құрамасының келешегі қалай болатыны айқындалады.

Чемпиондар лигасы шынымен, біздің арман еді... Армандар орындалады деген осы. Біз енді, табандап тұрып еніп барамыз. Енді ше, финалға жолдама алу деген өзі бір бақыт ғой. Әсері де жаман емес. Кезінде, Қарағандының шахтеры ойнап еді. Бүгінгісі ерекше қызық болады.

 
3
2
394

Осы тақырып бойынша

Ал, Астана! Селтикті «селтитетін» сәт туды! - Yvision.kz