Мазмұнға өту

Жаңа

«Мақтаарал» өз алаңында жеңіске жетті

Кеше Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов стадионында жергілікті "Мақтаарал" футбол клубы қонаққа келген "Шахтер-Болат" футбол клубын қабылдап алды.


Тартысты ойында "Мақтаарал" футбол клубының ойыншысы Гейсар Алекперзаде бір гол соғып, "Мақтааралды" жеңіске жеткізді.

Айта кетейік, "Мақтаарал" футбол клубы бірінші лиганың жалпы есебінде үшінші орында келе жатыр.

Мақтаарал 1-0 Шахтер-Болат.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1
0
400

Мақтаралдың орталық ауруханасын еріктілер нұрландырып жіберді

Бүгін Мақтарал ауданының орталық ауруханасында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі 2016 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еріктілер мектебі» жобасы аясында Мақтарал ауданының ерікті жастарының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» акциясы болып өтті. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен ауданымыздың орталық ауруханасының балалар бөлімінде қабырға суреттері салынып, қызықты ертегі кейіпкерлерін бейнелеу арқылы науқас балалардың көңіл-күйін көтеруге ауданның ерікті жастары ат салысты. «Адамзат атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударса керемет емес пе? Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұрын басқаларға сыйлап, жан дүниесін жылы сезімдерге толтырып жүрсек, жер бетінде бақытсыздар болмас еді. Сырқаттанып, аурумен күресіп жүрген балалардың жүрегіне жы…

1
0
1637

Мақтаралдың тазалық сақшылары іске кірісті

Мақтарал ауданының студент жастарын қосымша жұмыспен қамту және қоғамдық, еңбек белсенділіктерін арттыра отырып, жастардың бойына азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында құрылған «Жасыл ел» еңбек жасағы Жетісай қаласында өз жұмысын бастады. 30-дан аса студенттерден құрылған жасақ аудан орталығының көшелері мен қоғамдық орындарын абаттандыруды, қоқыстан тазартуды, көріктендіруді қолға алды. Студенттер жасағының әрбір мүшесіне аудан бюджетінен 35 мың және республикалық бюджеттен 17 мың теңге жалақы берілетін болады. Баршаға белгілі, Мақтарал ауданы еліміздің күнгей өңірінде орналасқан ауа температурасы ең ыстық аудандардың бірі. Осыған байланысты, студенттер үшін сағат 8:00-13:00 аралығы мен 17:00-20:00 аралығына жұмыс уақытының кестесі қойылған. Осылайша, студент ж…

2
0
632

Мақтарал ауданында терроризм қауіпінің алдын алу бойынша жиын өтті

Бүгін Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында аудан басшысы Ж.Бейсенбаевтың қатысуымен антитерроризмге қатысты жиналыс өтті. Іс-шараға аудандық ішкі істер басқармасының басшылары, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері, жалпы мемлекеттік және жекеменшік ірі обектілердің жетекшілері қатысты.


Аудандық Ішкі істер басқарма бастығының орынбасары С.Жайлыбаев терроризмге қарсы тұру үшін көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқандығы туралы баяндама жасады. Соның ішінде халық көп жүретін қоғамдық орындар мен осал обьектілердің қатаң қадағаланып, жиі тексеріліп тұратындығын айтты.

Мақтарал ауданы әкімі Ж.Бейсенбаев ең бірінші бейне бақылаудың көмегімен қылмыскерлер ұсталғанын айта отырып, бірқатар бейне бақылау орнатылмаған мекеме басшыларына қатаң ескерту жасап, дереу орнатуды міндеттеді.


1
0
503

Шымкент. «Көл».

Шымкенттің қақ ортасындағы атақты "Көл".. Дәлірек айтсақ көлдің орны. 1960-80 жылдарда қалаға келген ауыл тұрғындарының осы "Көл" маңындағы Қырғы базарға соқпайтыны болмайтын.. Қалаға алғаш келген ауыл жастары өздерінің ауылдас немесе сыныптастарына кездесуді осы көл жағасына белгілейтін. Көл маңында Шымкенттің атақты салқын сырасы, орыстың квасы бөшкелермен сатылса, қазақтың бидай көжесін апа-жеңгелеріміз милициядан қашып жүріп сататын. Жаздың аптап ыстықтары мен қапырықтарында көлден жанға жайлы салқын самал есіп тұратын. Көл суына бала-шаға ғана емес, ересектер де шомылып жататын. Көл ортасындағы жағамен ағаш көпір арқылы жалғасқан аралшадағы 4-5 түп ағаштың саясында көлеңкелеп отыруға болатын. Қаласаңыз су велосипедін жалға алып су бетінде қалқи беріңіз .. Осы әдемі суретті 1990 жылда…

0
0
2523

Еліміздегі үш тұғырлы тіл саясаты жас ұрпақ үшін өте маңызды.

Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үштілділік оқыту жайында өз ойын білдірді. Мәлімдемеге сәйкес химия, физика, биология, информатика пәндерін үш тілде оқыту жоспарланбақ, сонымен қатар қазақ тілінде де жаңа әдістемемен оқыту көзделіп отыр. Жаңа бастамаға сәйкес, осы жылдан бастап 73 мың мектеп мұғалімі әдістемеге сай дайындықтан өтті. Аталған реформаны іске асыру үшін, 2016 жылы еліміздегі 2,5 мың мектеп интернет желісіне қосылады. Осыдан кейін, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту бастау алмақ. Жаңа реформаның келесі бір негізгі мақсаты - орысша білім алатын оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру. Бұл мақсатқа жету жолында ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен қазақ тілін меңгерудің жаңа әдістемесі әзірленуде. Өз кезегінде, бұл қазақ тілін алты…

-1
0
438

Еліміздегі үш тұғырлы тіл саясаты жас ұрпақ үшін өте маңызды.

Еліміздегі үш тұғырлы тіл саясаты жас ұрпақ үшін өте маңызды. Жаhандану заманында тілдің атқарар орны ерекше екені бәріне мәлім. Көп тілді білген сайын, адам алдындағы ашылар есіктер саны еселене түседі. Тілдік қабілеттерді арттыру тек қызметтік мансапта пайдасын алып келіп қоймады. Бұл, сонымен қатар, адамның тұлға ретінде өсуіне септік тигізеді. Өйткені, тіл - ақпаратты оқу, айту, есту, түсіну, бөлісу құралы. Тіл - дамудың қайнар көзі. Еліміздің алға қойған асқақ мақсаттарының бірі - дамыған отыз елдің қатарында орын алу. Осы мақсатқа жету үшін, Қазақстан Республикасының әр азаматы барынша көп тілді меңгеруі тиіс. Қазіргі таңда жүргізіліп отырған үш тілдік саясат дәл осы мақсатты көздейді. Үш тілді игеру арқылы, біз болашақ іргесін мықты ете аламыз.

-1
0
955

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті 2016 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы- Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Жапақовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды. Есіл ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Н. Сағнаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды, ол мемлекеттік қабылдау комиссияның төрағасы ретінде сансыз көп кемшіліктер мен ақаулықтары бар аудандық Мәдениет үйін тапсыру туралы заңсыз шешім қабылдап, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшаның талаптарын бұзды. Әдеп жөніндегі кеңес Есіл ауд…

0
0
439

«Адал жол – Честный путь» марафоны шеруін жалғастыруда

А.ж. 28 шілдеде  Аршалы ауданының шекарасында аудан әкімінің орынбасары М. Маусынбаева «Адал жол – Честный путь» эстафетасын Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. Айткужиноваға тапсырды. Эстафета аясында  «Адал жол – Честный путь» баннері мен альбомы да тапсырылды.

Аталған марафон аясында Аршалы ауданында 18 шілдеден 28 шілдеге дейінгі кезеңде 3 мыңнан астам адамның қатысуымен түрлі форматтағы 18 іс-шара өткізілді.

0
0
376