Мазмұнға өту

Жаңа

Мобильді ақпараттық-насихаттық топтардың Ақмола облысының өңірлеріндегі жұмысы жалғасуда

А.ж. 25-26 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!» жастар ақпараттық-насихаттық тобы Қорғалжын және Егіндікөл аудандарында сұхбаттасу алаңдарын өткізді. Іс-шаралар Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша өткізілді. Мобильді топ құрамында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – Сая Беккажанова, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары - Сымбат Үсен, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі кеңесшісі – Құндыз Бекмағамбетова. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының қоғам…

0
0
387

Facebook туралы қызықты деректер

Facebook – әлемнің миллиондаған нүктесін ұштастырып отырған ірі әлеуметтік желі. Ашық пікір алаңына айналған желінің тарихы және негізін қалаушысы Марк Цукерберг туралы қызықты деректерге қаныққыңыз келе ме? – Егер Facebook-тен қате тапсаңыз, Марк Цукерберг сізге 500-20 000 АҚШ доллары аралығында ақшаны сыйға тартады. – Google-ге қарағанда Facebook күніне екі есе көп қолданылады. - Сіз тек Марк Цукербергтің парақшасын еш уақытта бұғаттай алмайсыз. Ал егер бірнеше рет қайталасаңыз, парақшаңызбен қоштаса беріңіз. – Facebook тек көк түспен безендірілген, өйткені қызылды-жасыл түстен Марктің көзі ауырады. – Сирия, Иран елдерінде Facebook-ке кіруге тыйым салынған. – Facebook айына 12,6 сағат уақытыңызды ұрлайды. Есесіне Марк минутына 450 доллар табады. – Марк Цукербург Қытай еліне күйеу бала б…

0
0
1301

Сені жырлаймыз

Қазақстан, байтағым,ардағымсың, Ақыл – ойым, мұратым, толғанысым. Сені жырлау ақынның арманы ғой, Жонда жортқан жаужүрек жолбарысым. Күйкі ойлардан арылып, санам сергіп, Жыр пегасқа, тәуекел, салдым терлік. Сен дегенде ерекше үнім шалқыр, Көрмесі қақ мұнымды ешкім ерлік. Өзім үшін ерлік бұл баға жетпес, Абайша айтсақ жыр - алау. Сол майданда жұлдызым жарқыраса, Ләзәтті іс қой өлгенше естен кетпес. Сәулетті сөз, кестелі ой, пікір асқақ, Тың істерге елімді жатса бастап. Төгілгенде, туған ел, сені жырлап, Әр жүрекке кете алсам бір шоқ тастап. Мұратыма емес пе, жеткендігім. Өзек өртер ұмытар өткенді кім? Өз елімде өркендеп өсіп – өнем, Өткізе алмас енді ешкім өктемдігін. Қазақстан, байтағым, ардағымсың, Әлемге аян Отаны ордалы істің. Сая тапқан сан ұлттың өкілдері, Ынтымақ пен бірліктің қорға…

0
0
543

Ауылдық округ пен шағын қаланың әкімі – атқарушы биліктің маңызды буыны ...

А.ж. 27 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов барлық деңгейлердегі әкімдермен және жергілікті полицейлік қызметтің учаскелік инспекторларымен өткен облыстық кеңеске қатысты. Өңір басшысы С. Кулагин өзінің кіріспе сөзінде бұл іс-шараның маңыздылығы мерзімі жеткен мәселелерді талдау, оларды шешу жолдарын іздеу, атқарушы биліктің ең маңызды буындарының бірі болып табылатын ауылдық округ пен шағын қала әкімі жұмысының тиімділігін арттыруда екенін кеңеске жиналғандарға түсіндірді. Қ. Жапақов өзінің «Меритократия, тиімділік және қоғам алдындағы есептілік қағидаларына негізделген заманауи мемлекеттік аппараттың қалыптасуы» тақырыбындағы баяндамасында меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғам алдындағы есе…

0
0
267

ҚР аумағынан тыс 2 852,2 млн. теңге сомасында бағалы қағаздар жария етілді

Ағымдағы күнге барлығы 2 232,0 млрд млрд. тенге сомасында 99 014 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 1 949,0 млрд. тенге. Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 984,6 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 96 594 өтініш (декларациялар) түсті. - сомасы 735,5 млрд. теңгеге 80 213 тұрғын үй объекті; - сомасы 236,2 млрд. теңгеге 42 564 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 9 736 млрд.теңгеге 159,3 коммерциялық объект; - сомасы 7,1 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 58 қатысу үлесі; - сомасы 5,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. 92 367 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 742,8 млрд. теңгеге жария етілді. Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР а…

0
0
635

«Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы»

Мамырбай Мөлдір, Сәуленбай Айдана – 10 «А» сынып оқушылары. А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі. 1.«Сыбайлас жемқорлық» дегеніміз не? Сыбайлас жемқорлық ұғымының анықтамасы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңында нақты берілген. «Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байлан-ысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылық-тарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» [1]. Әлемдік экономикалық қатынастард…

0
0
52621

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы Халықаралық діни еркіндік жөніндегі АҚШ арнайы елшісі Дэвид Саперстейнмен кездесу өткізілді

2016 жылғы 26шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы Халықаралық діни еркіндік жөніндегі АҚШ арнайы елшісі Дэвид Саперстейнмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстандағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ету,«Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Заңының іске асырылуы мен Қазақстан Республикасы аумағындағы діни бірлестіктердің қызметін реттеу мәселелеріталқыланды.

Тараптар сонымен қатар халықаралық терроризмен және зорлық-зомбылық сипаттағы экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.

0
0
1163

Жемқорлыққа қарсы бірігіп күресеміз!

2016 жылдың 13 шілдесінде Жарқайың ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. Күн тәртібіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оны алдын-алудың жолдарын қарастыру қойылды. Жарқайың аудандық ХҚКО-ның бастығы Әсет Қажғалиевтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мыңбаев Жанат қатысты. Жанат Тасболатұлы ХҚКО қызметкерлеріне жемқорлықты алдын-алуға жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Дөңгелек үстелдің нәтижесі өте тиімді ойларды тудындатты. ХҚКО қызметкерлері құқық қорғау органдарының кәсіби біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің ар-ождан үстанымы олардың мәртебесіне сай болуы, қылмыстық жолмен табылған пайда мен мүлікті тәркілеудің тиімді механи…

0
0
186

«Азаматтарға арналған үкіметте» фронт-офистерді жаңғырту жүріп жатыр

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік қызметтерді алу үшін фронт-офистерді жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Әрбір кеңседе корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің біріңғай ақпараттық базасы, кедергісіз қызмет көрсету, электрондық кезек енгізілді, сондай-ақ нақты жұмыс режимінде мемлекеттік қызмет көрсету процесін бақылауға болатын ахуалдық орталық енгізілді. Бөлімдердің көпшілігі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне көшті. Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияда жаңғырту жұмыстарының екі кезеңі аяқталып, нәтижесінде аудандық және ауылдық маңыздағы елді мекендер 120 біріңғай фронт-офистермен қамтамасыз етілді. Енді азаматтар мемлекеттік корпорация көрсететін барлық қызмет түрлерін бір жерден ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» ме…

0
0
245

Қазақстандық жұмыссыздар әлеуметтік төлемдер үшін өтініш берулеріне және кезекке тұруларына болады

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын қазақстандықтар үшін, жұмысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау және жұмыссыз азамат ретінде есепке қою рәсімі жеңілдетілді. Енді бұл екі қызметті де жергілікті Жұмыспен қамту орталығына жүгіне отырып, бір мезгілде алуға болады. Бұрын жұмысын жоғалтқан адам әлеуметтік төлем тағайындауды рәсімдеу үшін,алдымен жұмыссыз азамат ретінде тіркеліп, есепке тұруға Жұмыспен қамту орталығына баратын, содан кейін ғана жұмысын жоғалтқаны бойынша әлеуметтік төлем тағайындауды рәсімдеуге ЗТМО-ға немесе ХҚКО-ға баратын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамыфилиалы - ЗТМО директорының орынбасары Серікхан Сабыржановтың айтуынша, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелер…

0
0
266